Читайте также: |
|
Егіс аймағы табиғи ылғалдылығы үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлікті дақылдың вегетациялық (өсіп - өну) кезінде жауатын жаңбыр мөлшері құрайды.
Бұл бөлік «» деп жазылады, мұндағы:
- аталған кезеңде жауған жаңбыр мөлшері. Оны жақын жерде орналасқан гидрометеорологиялық станса мәліметтерінен алады немесе егіс алқабында тікелей өлшеулер жүргізіледі;
- жауған жаңбырдың топыраққа сіңіп, соңынан дақылдың пайдаланған бөлігі. Бұл көрсеткіш мәні 0,3 – 0,7 шамасында болады. Демек, егіске жауған жаңбырдың 30-70 пайызын ғана өсімдік өзіне пайдаланады. Жауған жаңбырдың біршама бөлігі егістен тыс жерге ағып кетеді, тағы бір мөлшері ауаға буланады.
Екінші бөлік – егіс топырағында күзде, қыстың күні жиналған ылғал қоры (∆W):
∆W = W1 – W2, (2.23)
мұндағы: - топырақ қабатындағы күздің басындағы мөлшері;
– топырақ қабатындағы көктемдегі ылғал мөлшері.
Үшінші бөлік - топырақтағы ыза суды дақылдың пайдалану мөлшері (Wгр):
Wгр= g E, (2.24)
мұндағы: Е - дақылдың суды тұтынуы;
g - ыза суды пайдалану коэффициенті, ол ыза су деңгейінің тереңдігіне байланысты анықталады. Осы жерде ескерілетін маңызды мәселе ыза судың минералдануы немесе оның құрамындағы тұздар мөлшері. Ыза су құрамында тұздар болмауы тиіс, болған жағдайда оның мөлшері судың бір литрінде 2 - 2,5 грамнан аспауы керек. Одан жоғары болса егіс топырағы сортаңданады.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 95 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |