Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Суармалы жерлердің қазіргі жағдайы мен келешегі

Читайте также:
  1. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді бюджеттік несиелендіру іс әрекетінің қазіргі жағдайы
  2. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді бюджеттік несиелендіру іс-әрекетінің қазіргі жағдайы
  3. Леуметтік инфрақұрылым және нарықтық экономика жағдайында оның дамуын мемлекеттік реттеу
  4. Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау
  5. Р қазіргі өнеркәсіптік саясат
  6. Р қазіргі бюджет саясаты
  7. Суармалы желінің астаулы-лотокті түрі

 

Құрғақшылық, жазы ұзақ әрі ыстық, жауын-шашын аз түсетін аймақтарда суармалы егіншілік мәдени өсімдіктер өсіріп, олардан мол өнім алудың бірден-бір кепілді жолы. Сондықтан, жоғарыда айтып кеткендей, өнім алу мақсатында жер суару бүкіл дүние жүзінде кеңінен таралған. Өйткені, топырақтағы ылғалдылық деңгейі өсімдіктердің топырақтан қоректік заттарды алып, олардың тамырларының оттегі процесстерін, одан әрі температуралық ортада реттеп тұруға тікелей әсер етеді.

Су тапшылығы жылдан-жылға айқын сезіліп келе жатқандықтан елімізде 2,32 млн. гектар суармалы, 1 млн. гектардан астам көлтабан жерлерді игеруге мемлекетіміздің жеткілікті деңгейде көңіл бөліп отырғаны дәлел.

Суармалы егіншілік – мол өнім кепілі. Жер суарумен айналысу құрғақшылықтан құтқарады, дақылдардан жылма-жыл тұрақты өнім алуға қол жеткізеді, және де осы мақсаттарда суаттардан су бөліп алу (қазіргі кезде су ресурстарымыздың 85% астамы суармалы егіншілік үшін пайдаланылады) табиғат тұрақтылығына кері әсерін тигізіп отыр.

Көптеген өзендеріміздің төменгі ағыстарында су тапшылығы қатты сезіліп, бар судың сапасы нашарлап, экологиялық жағдайы күрт төмендеп кетті.

Тағы бір айта кететін жағдай, мемлекетімізде суармалы егіншілік ауданы жалпы игерілген жерлердің 10%-нан аспайды, ал одан алынатын өнім жалпы өнімнің 35%-ын құрайды. Бұл көрсеткіш жалпы алғанда, суармалы егіншіліктің біз үшін пайдалы жағын меңзегенімен басқа дамыған елдермен салыстырғанда көп төмен.

Осындай қалыптасқан жағдайдың көптеген себептері бар. Соның бірі – суару технологиясының сақталмай, агротехникалық басқа шаралармен тиімді үйлеспеуінде. Оның үстіне, қолданып жүрген суару техникаларымыз жалпы алғанда қазіргі күн талабына сай келмейді. Әлі күнге дейін жүйектермен, жолақтармен жая суару негізгі әдіс болып отыр. Ал жаңбырлатқыш қондырғылардың, тамшылатып суару және топыраққа тікелей су сіңіру жүйелерінің ара салмағы мардымсыз күйде қалып келеді. Мұның өзі суды ысырап етіп, оның пайдалы әсерін күрт төмендетуге әкеліп соғуда.

Суды үнемдеп пайдалану оның тасымалдау жүйелерінің техникалық деңгейіне де көп байланысты. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, шаруашылық аралық су таратып беру жүйелерінің жағдайы шаруашылық меншігіндегі жүйелердің техникалық деңгейінен көп ілгері. Соңғы жүргізілген қаттау құжаттарының мәліметтеріне қарағанда, елімізде барлығы 96 мың 366,6 км су жүйелері (каналдар) бар. Оның 13 мың 902 км мемлекет меншігіндегі шаруааралық каналдар, ал қалған бөлігі шаруашылық меншігінде.

Осы екі меншіктегі каналдармен олардағы гидротехникалық құрылымдардың техникалық деңгейінде жалпы алғанда айта қаларлықтай үлкен айырмашылық бар. Шаруашылық аралық каналдар мен гидротехникалық құрылымдар мемлекет тарапынан қаржыландырылып, үнемі жөндеуден, жаңартудан өткізіліп тұрса, шаруашылық меншіктегі жүйелерде қаржы тапшылығына байланысты ондай жұмыстар өте сирек жүргізіледі. Сондықтан, кейінгі айтылған жүйелердің техникалық сапасы, жер пайдалану коэффициенті көп төмен жатыр. Нәтижесінде суаттардан алған сулардың жартысына жуығы тасымалдау кезінде жерге сіңіп кетеді де, суарылатын жерге қалған жартысы ғана жеткізіледі. Оған суару техникаларының төмен жабдықталу деңгейін қоссаңыз, суаттан алынған судың 20-30%-ы ғана өсімдіктер үшін пайдалы болғанына көз жеткіземіз.

Осыдан келіп, қол жеткен жетістіктерге сүйене отырып суармалы егіншілікті алға қарай дамытудың реттерін талдауға болады. Айта келгенде, аталмыш саланың дамуы суармалы жерлердің ауданын үлкейтуге емес, қайта оның әр гектарының өнімділігін арттыруда болып отыр. Барлық агротехникалық шараларды дер кезінде жүргізумен қатар, суды үнемді әрі тиімді пайдалану жолында көптеген күрделі жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Біріншіден, суару кестесін, одан кейін жүргізілетін топырақ өңдеу және т.б. агротехникалық шаралардың тізбесімен дұрыс үйлестіру керек. Мұндай жүйелі жұмыстар топырақта өсімдіктердің дамуына қолайлы жағдайдың (топырақтың ылғалдылық және жылулық деңгейі, өсімдік тамырларының дамуы мен қоректенуі) дұрыс қалыптасуына тікелей әсер етеді.

Екіншіден, суару техникасын ғылыми-техникалық дәрежеде дамытып, соның жетістіктеріне сүйене отырып, ары қарай өркендетуіміз керек. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген жүйекпен және жолақтап суару – судың көп ысырап болып, қоршаған ортаға зиянды әсер етуіне жол беріп отыр. Ал жаңбырлатқыш суару техникасын кеңінен қолдануға салынып қойған күрделі су алқаптарының қалыптасқан құрылымдары кедергі болып отыр. Оған қосымша, жаңбырлатқыштар Қазақстанда шығарылмайды, оларды Ресейден алып отырмыз. Ал нарықтық экономика жағдайында шаруашылықтардың мұндай техниканы сатып алуына жағдайы келмеуде.

Қазіргі күн талабына сай келетін тағы бір суару техникасы – тамшылатып және импульсты-тамшылатып суару жүйелері. Бұл техниканы зерттеу, жетілдіру жұмыстары 1966 жылдан бері жүргізіліп келе жатқанмен, оны жасап шығару және өндіріске енгізу әлі күнге дейін іске асырылмаған. Бұл салада Қазақ су шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының сіңірген еңбегі зор. Қазір осындай суару техникасын жасап шығарып, мүмкіндігінше суармалы жерлерге енгізу жолында еңбек етуде.

Топырақ асты суару жүйелері де, тұмандатқыш техникалары да елімізде әлі айтарлықтай қолдау таппай отыр. Негізгі себептері: олардың өзімізде шығарылмайтындығы және суару алқаптарының құрылымдары мұндай техникаларды енгізуге қолайсыз болып отырғандығында. Ал, суару алқаптарын қазіргі заман талаптарына сәйкес қайта жаңарту жұмыстары қаржы тапшылығына байланысты тоқтап тұр. Қалай дегенмен де, болашақта су тапшылығы осындай жұмыстарды дұрыс жолға қояды деген сенімдеміз. Соңғы кезде ғалымдар инъекциялық суару әдісін ұсынып, оны өндіріске енгізу жолында еңбек етуде. Мұндай әдіс суды тек өнімнің өсуіне ғана жұмсауды қамтамасыз етеді, яғни суды 90%-ға дейін үнемдеуге болады.

Үшіншіден, суару техникасын өндіріске енгізу, су ағысын және көлемін өлшеу қондырғыларын қолдану, техника негіздеріне сүйене отырып, суды таратып бөліп беру жұмыстарын автоматты түрде жүргізу талаптарына сәйкестендіре отырып, суару алқаптарын қайта жаңарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу керек. Осы ауқымды суды ысырап болудан сақтау үшін канал арналарын темір бетонмен жабу немесе арықтарды жабық құбырлармен алмастыру жұмыстары кеңінен қамтылуы тиіс.

Төртіншіден, суару алқаптарындағы жер асты сулары деңгейінің өзгеруін үнемі бақылап отыру керек. Өйткені, жер асты сулары жердің құнарлылығына, оның тұздылығына және топырақтың жалпы даму барысына тікелей әсер етеді. Демек, алынатын өнімге мұның да зор ықпалы бар екендігін естен шығармау керек.

Егер суару алқаптарындағы жер асты суларын алмағайып (қауіпті) деңгейден қандай да бір шаралармен төмен түсіру мүмкіндігі болмаса, онда ол жерге кәріздеу (дренаж) жұмыстарын жүргізу керек. Дұрысы бұл жұмыстарды дәйекті болжау негізінде су алқаптарын жобалау кезінде ескерген жөн.

 

 




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 92 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

КІРІСПЕ | Егісті суарудың дақыл өнімі мен оның өсіп-өну жағдайларына әсері | Егіске берілетін судың сапасы | Дақылдың суды тұтынуы | Егістіктің табиғи ылғалдылығы | Дақылдың маусымдық суару мөлшері | Дақылдың суару мөлшері | Дақылды суару саны мен мерзімдері | Графо – аналитикалық әдісімен есептеу | Биоклиматтық әдісімен есептеу |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав