Читайте также: |
|
Суару режиміне – ауылшаруашылық дақылдарының суару нормасы, мерзімі, саны жатады. Ол дақылдардың биологиялық ерекшелігіне, топыраққа, климатқа және суармалы танаптың гидрологиялық жағдайына байланысты есептеледі.
Суару режимі дақылға тек қолайлы жағдай ғана жасап қана қоймай, сондай-ақ топырақ режиміндегі ауа қуыстылығына, тұздылыққа, жылу қасиетіне, су сіңімділігіне де тығыз байланысты болады.
Суару режимін анықтағанда жалпы қолданылатын су көлемі, суару номрасы мен мерзімі анықталады.
1. Су пайдалану жиынтығын есептеу. Су пайдалану жиынтығы деп – дақылдың өсіп-өну кещ\зеңіндегі 1 га егістіктен транспирация мен физикалық булануға кететін судың мөлшерін айтады.
а) Суару режимін жасаудың бірнеше әдістері бар. Соның бірі А.М.Алпатьевтің биоклиматтық әдісі. Ол жалпы буланудың ауа ылғалдылығы тапшылығына тікелей байланысты екенінен негізделген:
EV = КБ .Σd .10 (2.37)
мұндағы: EV – су пайдалану жиынтығы;
Σd – есеп жүргізілетін уақыттағы ауа ылғалды-
лығының тапшылық көрсеткіші;
КБ – биологиялық коэффициент.
Суармалау нормасы нетто (МНТ, м³/га) – дегеніміз суармалы егістікте дақылдың өсіп-өнуі кезеңіндегі 1 гектарға берілетін судың көлемін айтады.
МНТ = EV – 10 . µА – (Wб - WC) – КЖ . EV (2.38)
мұндағы: µ -жауын-шашынды пайдалану коэффициенті
солтүстік аймақтар үшін 0,7...0,8; оңтүстік аймақ-
тар үшін 0,4...0,6
А – өсіп-өну кезеңіндегі жауын-шашынның мөлшері,
мм;
Wб және WC – өсіп-өну кезеңінің басындағы және соңын-
дағы топырақ қабатындағы ылғал қорының мөл-
шері, м³/га;
КЖ – жер асты суларын пайдалану коэффициенті.
Алдымен топырақ қабатындағы ылғалдық мөлшері маусымның басында және соңында есептеледі:
Wб = 100 αб . h .0,85 .βНВ және
WС = 100 αС * h * 0,85 * βНВ (2.39)
Мұндағы: h – есептегі топырақ қабаты, м;
βНВ – еркіндік су сыйымдылығы, %-тік қатынас
құрғақ топырақтан массасынан;
αБ және αС – топырақтыңөсімдіктің өсіп - өну кезеңінің
басындағы және соңындағы көлемдік салмағы,
т/га (топырақтың көлемдік салмағы өсіп-өну
кезеңінің соңында 10-15-ке өседі);
Суару нормасы нетто дегеніміз – есептегі топырақ қабатын төменгі оптимальды ылғалдану шегінен (β˳) ең төменгі еркіндік су сыйымдылығына (βНВ) жеткізуге қажетті суармалы судың мөлшерін айтады немесе 1 гектарға 1 рет суарғанда беретін су мөлшері.
m = 100 * h * A * (βНВ - β˳), (2.69)
мұндағы: β˳- оптимальды ылғалданудың ең өменгі шегінің
коэффициенті;
βНВ – еркіндік су сыйымдылығы, %
h – ылғалданатын топырақ қабаты, м;
A – көлемдік масса, т/м³.
2.5 – кесте. Топырақтың оптимальды ылғалдануының
төменгі шегінің коэффициенті
Топырақтың еркіндік су сыйымдылығы, % НВ (β˳) | |||||
Оптимальды ылғалданудың төменгі шегінің коэф-фициенті (β˳) | 0,6 | 0,65 | 0,7 | 0,75 | 0,8 |
Жалпы қолданылатын суармалау нормасының болжамды коэффициенті, суару нормасын нетто және суару санын анықтағаннан кейін суару мерзімін дұрыс белгілеу керек.
Дақылдың суару уақыты оның көлеміне, биологиялық ерекшеліктеріне,суару әдістеріне және еңбекті ұйымдастыру жағдайларына байланысты қабылданады. Дақылдың суару мерзімі азаятын болса сол алқаптағы дақыл ылғалды өзінің биологиялық қолайлы мерзімінде алады. Алайда мұнда су өтімі өседі, сөйтіп еңбекті ұйымдастыру жұмыстары қиындайды. Керісінше суару мерзімі ұзарса су өтімі төмендейді, бірақ дақылдың биологиялық ерекшеліктері толық қанағаттандырылмайды. Осының барлығы ескерілген жағдайда дақылдың суару мерзімі шамамен 5 – 10 тәуілік аралығында белгіленеді.
Осы мәліметтер алдымен кестеге түсіріледі. Соңынан кесте мәліметтері негізінде график тұрғызылады.
Сурет 2.3 Ауыспалы егістіктің жасақталмаған және жасақталған
гидромодуль графиктері
Бұл графиктің екі басты кемшіліктері бар. Бірінші кемшілігі – гидромодульдің ең жоғары () және ең төменгі (
) мәндерінің арасындағы алшақтық өте үлкен. Екінші кемшілігі – вегетациялық кезеңде егіске су берілмейтін кезеңдер көп. Демек, осы кезеңдерде ауыспалы егіске су беретін канал істемейді. Бұл дұрыс емес.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 95 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |