Читайте также:
|
|
Бір гектар егістікке топырақтың есепті қабатындағы ылғалды реттеу мақсатында бүкіл вегетациялық мерзімде немесе дақылдың бір жаздағы өсіп - өну дәуірінде қолдап суару арқылы берілетін ылғал мөлшерін дақылдың маусымдық суару мөлшері дейді.
Табиғи ылғалдануы төмен немесе жауын-шашыны аз, қуаңшылық өңірлерде өсірілетін ауылшаруашылық дақылдары маусым бойында орта есеппен гектарына 2000-8000 м³ дейін суға тапшылығын көреді екен. Мысалы: Алматы облысы жағдайында қант қызылшасы маусым бойында табиғи ылғалдануға қоса бір гектарға 5000-7000 м³ су қажет етеді. Мұндай көлемді суды 1 га танапқа бір мезгілде берсе, жердің 5-7 метр тереңдігіне дейін сіңіп сақталуы қажет. Себебі ең белсенді, яғни «жұмысшы» тамырлар топырақтың тек 0,5-0,8 метр қабатында орналасады. Ал одан төмен қабаттарының пайдалы қасиеттері өте нашар немесе мүлдем сортаңдануға ұшырайды. Сондықтан көрсетілген көлемдегі суды дақылдың вегетациялық кезеңінде бірнеше рет бөліп-бөліп, яғни белсенді тамырлар ең көп орналасқан 0,5-0,8 метр қабатына шақтап берген әлдеқайда қолайлы және тиімді. Бұл ғылыми зерттеулермен әлдеқашан дәлелденген. Топырақтың осындай қабатын маңызды немесе есепті қабат деп атайды. Оның жер бетінен тереңдігі дақыл түріне және олардың даму фазаларына көп байланысты болады (кесте 2.2).
2.2 - кесте. Топырақтың суару арқылы ылғалдандырылатын
белсенді қабаттары
Дақылдың түрлері | Белсенді қабат тереңдігі, м | Дақылдың түрлері | Белсенді қабат тереңдігі, м |
1. Астық тұқымдастар | 0,4-0,6 | 5. Қияр, пияз және капуста | 0,3-0,6 |
2. Қант қызылшасы | 0,3-0,8 | 6. Картоп, томаттар | 0,3-0,7 |
3. Жүгері | 0,4-0,8 | 7. Жүзім және алма бақтар | 0,7-1,2 |
4. Мақта | 0,5-1,0 | 8. Көп жылдық шөптер | 0,6-1,2 |
Көрсетілген мәліметтер суару тәсіліне, топырақтың нақты қалыңдығына байланысты өзгеруі мүмкін.
Маусымдық суару мөлшерін ауылшаруашылық дақылдарының дамуына қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және де топырақта жүретін процесстерге тиімді әсер ету үшін топырақтың тамыр орналасқан қабатында қажетті ылғалды тұрақты ұстап тұратындай етіп анықтайды. Әдетте бұл оңтайлы ауа режимі мен микробиологиялық процесстердің жүруіне жақсы жағдайлар қамтамасыз ету үшін шекті далалық ылғалсыйымдылығының (ШДЫ) 60-90% шамасында болуы керек.
Дақылдардың вегетация кезеңінде топырақтың орташа ылғалдылық шамасын жоғарғы шектің мәніне жеткізсек, онда топырақтың қысқа мерзімді шылқып кетуіне, судың гравитациялық төмен тереңдік сүзілуіне, бұл судың шығынын көбейтіп, топырақтың құрамындағы құнарлы элементтердің шайылуына, сонымен қатар жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне әкеліп соқтырады.
Ал вегетация кезеңіндегі топырақтың орташа ылғалдылық шамасын төменгі шекті мәніне жеткізсек, онда топырақтың қысқа мерзімді құрғауы қаупі туындап, тұздылығы жоғары жер асты сулары жер бетіне жақын жатқан жағдайда топырақтың тамыр орналасқан қабатына капиллярлар арқылы өтіп, топырақтың тұздануына себепкер болады.
Сондықтан да есепті қабаттағы топырақтың ылғалдылығы вегетация кезеңінде топырақтың ауа, қоректік, жылу, тұз режимдерімен байланыстырылып, және де шаруашылық және экономикалық жағдайларға қатысты реттеуді негіздеу керек.
Дақылдың маусымдық суару мөлшері вегетациялық кезеңдегі су тұтынудың жетіспеушілігін, яғни ауылшаруашылық дақылының су тұтыну мөлшері мен табиғи ылғал қажеттілік айырмасы болып табылады.
А.Н.Костяковтың ұсынысы бойынша бұл жетіспеушілікті вегетация кезеңіндегі есепті қабаттағы су тепе-теңдігі теңдеуімен анықтаймыз:
М = Е – (αР + ∆W + Wгр); (2.25)
Демек, дақылдың маусымдық суару мөлшерін анықтау үшін оның суды тұтынуынан егістің табиғи ылғалдылығын алып тастауымыз керек. Көп жағдайда дақылдың түріне байланысты және егіс алқабының ауа-райлық және топырақ мелиоративтік ерекшеліктеріне сәйкес маусымдық суару мөлшері 2000 - 7000м3/га аралығында болады.
Басқаша айтқанда, маусымдық суару нормасы (М) өсімдіктің маусымдық су тұтынуы (Е) мен судың табиғи жолмен (жауын-шашын, топырақ ылғалы және жер асты ыза суы) келу мөлшері айырмасына тең:
M = E – h, м³/га (2.26)
мұндағы: E – маусымдық су тұтыну, м³/га;
- вегетация кезіндегі жауын-шашын пайдалану коэффициенті (0,6-0,8);
вегетация кезіндегі жауын-шашын мөлшері, мм;
және
- ерте көктемде және вегетация соңында анықталған топырақ ылғалы қоры, м³/га;
h - суару технологиясының пайдалы әсер коэффициенті (0,5 – 0,9).
Жоғарыда келтірілген формуладан және
төмендегідей есептелінеді:
= 100.α.H.
және
= 100.α.H.
, м³/га (2.27)
мұндағы: α – топырақтың көлемдік массасы, г/см;
Н – топырақтың есепке алынатын қабаты, м; (көкөністер мен картоп үшін – 0,4 - 0,6 см; астық және техникалық дақыл үшін – 0,6 - 0,8 см); және
- топырақтың тұқым себердегі және вегетация соңындағы ылғалдылықтары, %.
Есеп шығару үшін қажетті мәнін тұқым себер алдында, ал
мәнін егін жинар алдында электрлік ылғал өлшеуішпен немесе басқа да тиімді әдістермен анықтайды.
- жер асты ыза суының тамыр орналасқан қабатына көтерілетін мөлшері, м³/га. Егер жер асты суы 3 метрден терең жатса, бұл көрсеткіш мәні ескерілмейді, өйткені ондай тереңдіктен өсімдік тамыры су пайдаланбайды.
Сонымен біз дақылдардың маусымдық қажетті су мөлшерін тамырдың өсу ыңғайына байланысты, вегетация кезеңінде бірнеше бөлектерге бөліп беру қажеттілігін түсіндік. Олай болса, дақыл үшін суару санын белгілеу қажет. Келесі мәселе сол суарулардың қай мерзімдерде жүргізілгендері дұрыс болады деген сұраққа тіреледі. Себебі өсімдіктер өздерінің әртүрлі даму фазаларында суды біркелкі қажетсінбейді.
Суару режимін өзгерте отырып, топырақтың су режимін және онымен тығыз байланысты ауа, қоректік, жылу, тұз және микробиологиялық режимдерін өсімдік талаптарына сәйкестендіруге болады.
Осылайша дақылдардың өсу және өнім пайда болу процесстерін реттеп басқаруға мүмкіндік туады. Бұл суармалы егіншіліктің суарылмайтын егіншіліктен негізгі артықшылығы болып табылады. Осыдан барып әр дақыл үшін, оның суару режимін алдын-ала белгілеу және орындау қажеттіліктері туындайды. /Голованов бойынша/.
Қазақстанның әртүрлі суару аймақтарына сәйкес негізгі дақылдардың маусымдық суару мөлшерлері 2.3-кестеде берілген.
2.3 – кесте. Суармалы егістігі дамыған облыстардағы негізгі дақылдардың
маусымдық суару мөлшерлері, м³/га
Облыстар | жылдар | Дақылдар | |||
күздік бидай | қант қызылшасы | сүрлемдік жүгері | көп жылдық шөптер | ||
Алматы | құрғақ | ||||
орташа | |||||
ылғал | |||||
Семей | құрғақ | - | |||
орташа | - | ||||
ылғал | - | ||||
Жамбыл | құрғақ | ||||
орташа | |||||
ылғал | |||||
Қызылорда | құрғақ | - | |||
орташа | - | ||||
ылғал | - | ||||
Оңтүстік Қазақстан | құрғақ | ||||
орташа | |||||
ылғал |
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қант қызылшасы орнына мақтаның маусымдық суару нормасы берілген.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 199 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |