Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Егіске берілетін судың сапасы

Читайте также:
  1. Бәсекелестер тауарларына қарағанда ерекше және өте жақсы сапасы бар тауарлар шығару қандай стратегияны көрсетеді?
  2. ПОРТЛАНДЦЕМЕНТ САПАСЫН ТӨМЕНДЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
  3. ПОРТЛАНДЦЕМЕНТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРАТЫН ҰСЫНЫСТАР

 

Егіске өзен, жер асты, су қоймаларының, көктемде қырат беткейінен еріген қар сулары қолданылады. Осы судың сапасы төменгі үш көрсеткіштермен айқындалады. Олар – судың жылулығы, минералды заттар құрамы, судағы қалқыңқы (взвешенный) түйіршіктер көлемі.

Егіске берілген судың жылулығы төмен болса ол өсімдіктің өсуіне зиян. Мұндай жағдай әсіресе жер асты суын пайдаланғада орын алады. Сондықтан суармалы жүйеде арнайы су жылытатын көлемді алаптар (бассейн) жобаланып салынады.

Судағы қалқыңқы заттар егіске шөккенде топырақтың агрегатты жағдайы жақсарады, онда көмірқышқылды кальций жиналады, органикалық заттар қоры көбейеді. Бұл топырақтың түйіршікті құрылымды болуына себеп болады. Қалқынқы түйіршіктердің ең пайдалы мөлшері – 0,01- 0,001 мм, олардың агрохимиялық құндылығы жоғары.

Судағы тұздар мөлшері немесе оның минералдануы 1,0-1,5 г/л аспауы міндетті. Бұдан жоғары болса егіс топырағы сортаңданады, өсімдік зиян шегеді. Судың егін суаруға жарамдылығы оның минералдануымен, тұздар құрамымен, топырақтағы тұздар құрамымен, егістіктің кәріздік қамтамасыздығымен, суару әдістері және агротехникалық жағдайлармен анықталады.

Судың егінді суаруға жарамдылығын төмендегі формула негізінде анықтауға болады

rCa + r Mg

K = -----------------------,

r Na + 0.283 S

мұндағы: rCa, rMg, rNa - судағы химиялық элементтердің эквиваленттік мөлшерлері; S - судың минералдануы, г/л. Егер К мөлшері бірлікпен тең немесе төмен болса, онда бұл су егінді суаруға жарамсыз. К дәрежесі бірліктен жоғары болса ол су егістікті суаруға жарамды деп саналады.

Қоршаған ортаға антропогендік жүктеменің өсуі бірінші орынға оны қорғау мәселелерін, ал шаруашылықта табиғи ресурстарды қолдану немесе енгізу, ресурстарды тиімді пайдалану қажеттігін алға қояды. Сырдария өзені бассейнінде күрделі жағдай қалыптасты. Соңғы жылдары бұл аумақта су шаруашылығы жағдайының қиындығы Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы халықты сумен қамтамасыз ету мәселесін қиындата түсті, аумақтың экологиялық жағдайын күрделендірді, адамдардың денсаулығы мен өмір сүру жағдайын нашарлатты. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметтері бойынша суармалы егістікте жұмыс атқаратын адамдарда өзен суымен жұмыс атқармайтын халықпен салыстырғанда аскаридоз ауруымен ауырудың жоғары деңгейде өсу тенденциясы анық байқалады.

Аймақта 1966-1990 жылдары кең ауқымды ауылшаруашылығы және су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуде көптеген ірі кемшіліктер орын алған. Олар: игерілген жерлерде ғылыми негізделген коллектор – кәріз жүйелері тұрғызылмаған, дақылдардың суару мөлшерін есептегенде өзен суының тұздылығы ескерілмеген, агротехникалық шапшылығы өсті, алқаптардың экологиялық – мелиоративтік және аймақтың санитарлық – эпидемиологиялық жағдайлары нашарлады.

Өзенді ластайтын негізгі көздерді зерттеу және ауыл шаруашылығына ғылыми негізделген Сырдария өзенінің төменгі ағысында су сапасын сақтау, оны егіс алқаптарын суаруда тиімді пайдалану мәселелері маңызды. Мұндай жағдайда су көздерін ластанудан қорғау, суды үнемдеу, топырақтың құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін көтеру мәселелері көзделеді.

Сыр өңірінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімі, оны қолдан суару негізінде алынады. Сондықтан осы аймақ үлесінде суды егіске пайдалану маңызды мәселелердің бірі. Осыған байланысты суды егісте тиімді, ұтымды пайдалану бірінші қатарда тұрады. Сонымен қатар Сырдария өзені суының сапасына аса көңіл бөлген жөн. Себебі, соңғы кезде Сырдария өзенінің суының сапасы нашарлауда.

60-шы, әсіресе 70-шы жылдары Сырдария өзенінің жоғары және орта тұсында суармалы егіншіліктің, оның ішінде суға тілек мақта егісінің көбеюі және көптеген су қоймалардың сулануы өзеннің аяғына келетін судың мөлшерін күрт азайтып жібереді. Бірнеше республикаға ортақ Сырдарияның суын пайдалануда әр қайсысының үлесі бірдей болмады. “Судың сағасындағы керегін алады, аяғындағы тигенін алады” деген рас болып, әйтеуір Қызылорда облысы өзенінің байтағына жеткен азын-аулақ суға қанағат қылды, өйтпегенде бәрібір басқа амал жоқ еді.

Сайып келгенде, Сырдарияның атыраулық топырақ түрлерінің дамуы, олардың бір түрден басқа түрге көшуі, соған орай мелиоративтік, күйі мен құнарының қалыптасуы өзен ағысының динамикасымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде бұл процесстер қуанданудың ықпалымен жүруде.

Суармалы жердің мелиоративтік күйін зиянды әсерін тигізетін факторлардың бірі – өзен суының сапалық төмендеуі. Судың сапасы ондағы еріген тұздардың мөлшері мен тірі организмге зиянды әр түрлі қоспалардың концентрациясына қарай бағаланады. Қоспалардан гөрі тұздардың мөлшері қанша да көптеу болады, әсіресе қазіргі кезде Сырдарияның аяғына келетін судың минералдылығы өте жоғары екенін қолда бар мәліметтер көрсетіп отыр. Егінді суаратын су ашқылтым, кейде тіпті ащы болады, ондай судың атыз ішіне алып келетін тұзды да көп болатыны айтпаса да түсінікті. Әрине, атызға кірген ащқылтым су сол атыздың ішінде ғана қалмайды, төңірігіне де тарайды, сөйтіп, жердің сорлануына едәуір үлес қосады.

Суару мелиорациясы басталмай тұрған кезде Сырдария суының жалпы тұздылығы жоғары сағасында 0,25 г/л болса, төменгі ағысында 0,5-0,60 г/л болған. 1950 жылы Сырдария суының тұздылығы 1,0 г/л жеткен. 1970...1980 жылдары суармалы жердің көбеюіне байланысты Сырдария суының тұздылығы орта есеппен 1,5-1,7 г/л, ал Қазалы маңында 1,8 г/л жеткен (кесте 1 және сурет 1).

 

1-кесте. Сырдария суының тұздылығының өзгеруі

 

Жылдар Шардара су қоймасының төменгі бьефі Төменарық бекеті Қызылорда бекеті Қазалы бекеті
         
1951-1960 - 0,55-0,92 0,61-0,94 0,59-0,98
1961-1970 - 0,74-1,99 0,81-1,54 0,73-1,74
1971-1980 - 0,94-1,74 0,94-1,77 1,18-1,82
1991 август 1,31 1,810 1,39 1,61
  1,40 1,304 1,373 1,497
  1,30 1,431 1,395 1,550
  0,95 - 1,320 1,640
  1,08 - 1,209 1,426
  1,09 - 1,029 1,461
  1,09 - 1,137 1,376
  1,09 - 1,361 1,467
  - - 0,987 1,220
  - - 1,195 1,459

 

Сурет 1 – Өзен суының минерализациясының сызбасы

 

Көп өнім аламыз деп суармалы жерлерге минералды тыңайтқыштар мөлшерден артық берілетіні мәлім. Олардың көбі кәріз суы арқылы суармалы жерлерден өзен суына түсіп, ондағы биогенді (азот, фосфор, калий), заттарды көбейіп отыр. Сонымен қатар, суармалы егістікке пестицидтерді кеңінен пайдалану салдарынан, дария суында олардың саны белгіленген мөлшерден көп болып отыр (кесте 2).


2-кесте. Сырдария суындағы улы химикаттардың мөлшері

/Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы, 2012ж./

 

Есепке алынған бөлімше ДДТ, мкг/л ДДЭ, мкг/л ГХЦГ
       
ШРК (ішетін суда) - - 0,02
Көкбұлақ станциясы 0,026-0,095 0,001-0,012 0,068-0,14
Қызылорда қаласы 0,04-0,09 0,099-0,06 0,065-0,14
Қазалы қаласы 0,03-0,11 0,005-0,012 0,05-0,09
Чинас кенті 0,068 0,116 0,140
Ескерту: ДДТ – дихлор дицемил трихлорэтан ДДЭ – дихлор дицемил дихлор этилен ГХЦГ – гексохлор циклогексан

 

Сырдың төменгі ағысында суармалы жердің экологиялық мелиоративтік жағдайы ондағы тұздың қоры мен сапалық құрамы және топырақтың ылғалдылығы анықтайды. Бұл аймақтағы топырақтардың қай қайсысында да тұздың қоры және тұздану процесіне оңай берілуге бейім. Тұздың концентрациясы көбейгенде топырақтың мелиоративтік жағдайына, онда тиімді құнарлықты құрайтын жиналуына кері әсерін тигізеді.

Қызылорда облысының топырақтары ауылшаруашылығына пайдаланылатын объект ретінде сапасы бойынша өзара ерекшеленеді. Бірақ-олар өзара ортақ белгілерге ие: жоғары карбонатылығы, топырақтың сілтілік реакциясы, ерітінді тұздардың болуы, макроқұрамының жоқтығы, қабаттық құрылым, жоғары биогендік, қарашіріндінің аз болуы.

Қызылорда облысының егін шаруашылығы суармалы жерлерге негізделген. Өткен ғасырдың 60 жылдары бүкіл елімізде мелиорация саласына жоғары мән берілген болатын. Соған байланысты 1960 – 1980 жылдары Сыр өңірінде мелиоративтік жұмыстар жоғары қарқын алды. Оған дәлел облыс көлемінде 1995 жылы 226,8 гектар жерде суармалы егістік инженерлік жүйеге келтірілген. Сол жылдары облыс бойынша жалпы дақылдардың егіс көлемі 287 мың гектарға жетті. 2001 – 2002 жылдары инженерлік жүйеге келтірілген суармалы жер көлемі 172 мың гектарды құрады. Демек, 1995 – 2002 жылдар аралығында 54 мың гектар инженерлік жүйеге келтірілген суармалы егістік пайдаланудан шығып қалды. Оның негізгі себептері: топырақтың сортаңдануы, жер асты суларының жоғары деңгейде тұруы, суармалы желінің құрамдас бөліктерінің талапқа сай жұмыс істемеуі т.б.

Бақылау сұрақтары:

1. Мелиорация жөнінде түсінік.

2. Мелиорацияның мақсаты мен міндеттері.

3. Мелиорацияның түрлері.

4. Қазақстанда мелиорацияның қай түрі тараған?

5. Мелиорацияланған жерде мелиорация жасалынбаған егістікке қарағанда өнім қанша мәрте жоғары?

6. Егістік жерлерді суарудың түрлері.

7. Суарудың топыраққа тигізетін әсері?

8. Суарудың өсімдікке тигізетін әсері?

9. Мелиорацияның қоршаған ортаға әсері?

10. Гидрометеорологиялық жағдайдың мелиорация әсерінен өзгеруі?

11. Егіске берілетін судың сапасы?

12. Суармалы жерлердің қазіргі жағдайы мен келешегі?

13. Егіске берілетін судың сапасына қойылатын талаптар?

14. Мелиорацияның қажеттілігі?

15. Өсімдікке тигізетін әсеріне байланысты суару мелиорацияның түрлері?




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 180 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

КІРІСПЕ | Жерді мелиорациялаудың мақсаты | Суармалы жерлердің қазіргі жағдайы мен келешегі | Мелиорацияның қоршаған ортаға әсері | Егістіктің табиғи ылғалдылығы | Дақылдың маусымдық суару мөлшері | Дақылдың суару мөлшері | Дақылды суару саны мен мерзімдері | Графо – аналитикалық әдісімен есептеу | Биоклиматтық әдісімен есептеу |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав