Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мелиорацияның қоршаған ортаға әсері

Читайте также:
  1. Бұрғылау ерітінділерде NH4Cl, AlCl3, NiSO4, FeCl2 тұздарының болуы ортаға қалай әсер етеді?
  2. Егісті суарудың дақыл өнімі мен оның өсіп-өну жағдайларына әсері
  3. Тигізетін әсері

 

Адамзат өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайын шешумен қатар, ғылыми тұрғыда дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда, мелиорацияның қоршаған ортаға тигізетін зиянды жағдайлары да бар. Мелиорация жұмыстарының әсерінен су балансы, топырақ құрамы, табиғи өсімдіктер, жан-жануарлар, ауа райы өзгеруі мүмкін. Мұндай әсерлер мелиорацияның түріне және оны қалай жүргізілгеніне байланысты болады.

Қазақстанда мелиорациялау жұмыстары 1960 жылдардан бастап дами бастады. Алғашқы жылдары мелиорация жұмыстары тез әрі көп жүргізіліп, көптеген жерлерге бетонды каналдар, су құбырлары, науалар салынды. Өзендерден су бейберекет, есепсіз алынды. Әр шаруашылық мемлекет жоспарын көп жағдайда өнім түсімін көбейту арқылы емес, егістік жер ауданын көбейту арқылы орындап отырды. Егістік жер ауданын көбейту қажетті судың көлемін де көбейтуге әкеп соқты.

Сонымен қатар әр шаруашылыққа қандай дақылдарды егу керектігін міндетті түрде жоғарыдан белгілеп отырды. Мысалы, Жамбыл облысына қант қызылшасы егілді. Бұл өлкеде ол дақыл әр гектарына 6000-6500 текше метр су қажет етеді. Ал өнімі болса, орташа есеппен алғанда 20-25 т/га болып отыр және әр тонна өнім алу үшін жұмсалған шығын өте жоғары. Ал Украина жерінде бұл дақыл 1-2 рет, болмаса суғарылмай-ақ 50-60 т/га өнім беріп, қанттылығы 20-22%-ке дейін барады. Ол бізге қарағанда 2 есе көп. Мұндай жағдайлар Сыр өңірінде де байқалып отыр. Осындай әкімшілік белгілеу салдарынан едәуір жерлерде су жетіспей, көптеген көлдер кеуіп, өзендер тартылып барады. Осылардың әсерінен шабындық, жайылым жерлер де азая түсуде.

Көп жағдайларда мелиоративтік жұмыстар табиғатқа бірден әсер етпей, көп жылдар өткен соң теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан мелиоративтік жұмыстардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін кеңінен және терең зерттеу қажет. Күрделі мелиоративтік құрылыстар салғанда, топырақтың құнарлы қабаты жойылады, көптеген жерлерге жанар-жағар май қалдықтары төгіліп, ластанды және құрылыс қалдықтары әр жерлерде шашылып қалады. Әсіресе, темір бетоннан салған каналдар бойында жерге көмілген темір бетон құрылыс материалдарының қалдықтары өте көп кездеседі. Табиғатты мұндай жолмен бұзып, қирату жауапсыздық болып табылады. Оған барынша тосқауыл қойылуы керек. Мелиоративтік жұмыстар әсер ететін жерлерді бес аймаққа бөлуге болады: біріншісі – мелиоративтік құрылыс орналасқан жер, яғни суарылатын жер ауданы; екіншісі – мелиоративтік құрылыс жүрген аймақтағы суарылмайтын жер; үшіншісі – суарылатын егістіктің жанында орналасқан жерлер; төртіншісі – суарылатын егістіктен едәуір қашық орналасқан жерлер; бесіншісі – осы жерлердің ауасы. Бұлардың шекарасын болжаммен белгілейді. Кейбір жағдайларда нақты белгілеуге де болады. Әр аймақта жүргізілетін табиғат қорғау жұмыстары осы мелиоративтік құрылыстың жобасында нақтылы көрсетілуі керек. Ыңғайы болса, мелиоративтік құрылыс жүрген жерлердегі кейбір орныққан объектілерді құртпай, оны демалыс орнына, аңшылық немесе әуесқой балық аулау орнына айналдырған өте тиімді болады.

Мелиоративтік жұмыс жүргізген кезде оның табиғатқа тигізетін әсерін әр нақтылы жағдайға байланысты үш бағытта қарастырған жөн: табиғат қандай бағытта өзгеріс алады; оның өзгеру жылдамдылығы қандай және өзгеру кезеңі қанша уақытқа созылады. Табиғат қорғау жолында маңызды нысандар: біріншісі – табиғи сулар (өзен, су қоймаларындағы су деңгейі, төгінді, кәріз сулары, суармалы жерге су алу режимдері); екіншісі – топырақ (оның құнарлылығы және тұз режимі). Одан соң ауа қабатын сақтау (физикалық және химиялық құрамы); балық өсіру-өндіру, өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсіп-өну жағдайлары.

 

 




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 38 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

КІРІСПЕ | Жерді мелиорациялаудың мақсаты | Егіске берілетін судың сапасы | Дақылдың суды тұтынуы | Егістіктің табиғи ылғалдылығы | Дақылдың маусымдық суару мөлшері | Дақылдың суару мөлшері | Дақылды суару саны мен мерзімдері | Графо – аналитикалық әдісімен есептеу | Биоклиматтық әдісімен есептеу |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав