Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Суару әдісі туралы жалпы ұғым, оларды таңдау

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  3. А. М.Алпатьевтің биоклиматтық әдісімен суару режимдерін есептеу
  4. Абырғааралық нервтердің блокадасы әдісін кезеңмен жазыңыз.
  5. Автоматты басқару жіктеу жалпы талаптар
  6. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  7. Бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру
  8. Бап. Сәйкестiк туралы декларация
  9. Беткейлеп суару
  10. Биоклиматтық әдісімен есептеу

Шаруашылықта егістікті суаруды әртүрлі әдістермен жүргізеді. Суару әдісі деп, ағын суды топырақ немесе ауа ылғалдылығына айналдыратын технологияны айтады. Суару әдісі арқылы есептелген суару режимін іске асырады, яғни егістікке суды қажетті мөлшерде белгілі уақыт бойы беріп отырады.

Қазіргі кезде ауылшаруашылық дақылдарын суару үшін мына әдістер қолданылады: жер бетімен, жаңбырлатып, топырақ арасымен /ішімен/, тамшылатып, серпінді және тұмандатып. Сонымен қатар араластырып суару әдісі де бар. Мысалы: жер бетімен суаруды немесе топырақ арасымен /ішімен/ суаруды жаңбырлатқышпен араластырып суарады.

Суару үш саланы қамтиды: суару тәсілі, суару әдісі және суару жұмысын ұйымдастыру.

Суару тәсілдері мен әдістерін таңдаған кезде суаруды неғұрлым жеңілдететін автоматтандырылған және жұмыс үнемін арттыратын түріне көп көңіл бөлу керек. Қазіргі қолда бар суару техникаларының өзіне тән бағыты бар.

Жер бетімен суарғанда – ағынды суды топырақ бетіне тегіс жайып немесе бір жерге ағынды етіп береді.

Жаңбырлатып суарғанда – суды егістікке арнайы аппараттармен жаңбыр түрінде береді.

Топырақ арасымен /ішімен/суарғанда су топырақтың белгілі бір қабатына арнайы жасалған құбырмен беріледі. Мұндай әдісте топырақтың су сорғыштық қабілеті пайдаланылады.

Тамшылатыпсуарғанда – су арнайы аппарат арқылы бір нүктеге тамшылатып беріледі.

Серпінді суару – су аппарат арқылы белгілі бір уақыт өткен сайын аспанға шашырап, жер бетіне түсіп отырады.

Тұмандатып суару – су аппарат арқылы 40-50м биіктікке көтеріліп жерге, өсімдік жапырақтарына тұман болып түседі.

Суару әдістерін дұрыс қабылдаған жағдайда ғана суарылған егістің мелиоративтік жағдайы және өнімі артады. Оларды таңдай білу үшін көптеген табиғи факторларды: ауа райын, суару нормасын және өсімдікті суару схемасын, суарылатын жердің еңістігі мен қыртысын, судың топыраққа сіңу жылдамдығын, топырақтың тұздылығын, жер астындағы ыза суының деңгейі мен оның тұздылығын, жұмсалатын қаржы мен экономикалық көрсеткіштерін ескерген жөн. Осы факторлардың экологиялық мәні өте зор.

Суару әдісі мен тәсіліне қойылатын талаптарды үш топқа бөлуге болады, олар: агробиологиялық, агромелиоративтік және шаруашылық ұйымдастыру деп аталады.

Агробиологиялық талап дегеніміз – жоғары өнім алу үшін, өсімдікті жеткілікті ылғалмен қамтамасыз ету. Оның суару тәсілі мен технологиясы:

- топырақта қажетті су, ауа, қорек, тұз және жылу режимдерін өсімдікке тән етіп ұстап отыратын суару режимінің қамтамасыз етілуі;

- суды егістікке бір қалыпты етіп беру арқылы су пайдалану коэффициентін 0,85 – 0,95-ке жеткізуі керек;

- өсімдіктің тапталуына, жатып қалуына жол бермеу және т.б. физиологиялық процесстерді дер кезінде жүруіне кедергі болмауы керек.

Агромелиоративтік талап дегеніміз – топырақтың құрамын, түйіршіктігін, механикалық құрамын және мелиоративтік жағдайын сақтау. Олардың суару тәсілі мен технологиясы:

- топырақтың жуылып-шайылуына (эрозияға) жол бермеу;

- топырақ түйіршігінің бұзылуына және тапталуына жол бермеу;

- суармалы жердің екінші рет тұзданбауын және батпақтанбауын қамтамасыз ету керек.

Шаруашылықты ұйымдастыру талабы деп, суармалы жерді дұрыс ұйымдастырып, суару техникасын тиімді пайдалануды айтамыз. Барлық агротехникалық жұмыстар еш кедергісіз уақытында орындалып отыруы керек.

Суару әдісі мен тәсілін таңдауда ең маңызды көрсеткіш суармалы жерлердің табиғи жағдайы болады. Шөл, шөлейт жерлерде (Орта Азия мен Оңтүстік, Оңтүстік шығыс Қазақстан) көбінесе жер бетімен суару әдісі пайдаланылады, ал жаңбырлатып суару ылғалдылығы тұрақсыз аудандарда кеңінен орын алған. Тамшылатып және жер астымен суару әдісі суға өте зәру, шөлейт жерлерде кеңінен пайдаланылуы мүмкін.

 




Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 84 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мелиорацияның қоршаған ортаға әсері | Егісті суарудың дақыл өнімі мен оның өсіп-өну жағдайларына әсері | Егіске берілетін судың сапасы | Дақылдың суды тұтынуы | Егістіктің табиғи ылғалдылығы | Дақылдың маусымдық суару мөлшері | Дақылдың суару мөлшері | Дақылды суару саны мен мерзімдері | Графо – аналитикалық әдісімен есептеу | Биоклиматтық әдісімен есептеу |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав