Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кесте 1

Читайте также:
  1. Аралық бақылауды тапсыру кестесі
  2. Кесте 1.2
  3. Кесте 2
  4. Кесте 3
  5. Кесте. Ауыспалы егіс каналының гидравликалық есебі
  6. Кесте. Ауыспалы егіс каналының гидравликалық есебі
  7. Кесте. Жем –шөп ауыспалы егістің жасақталмаған гидромодуль кестесі
  8. Кесте. Шаруашылық каналдың гидравликалық есебі
  9. КЕСТЕСІ

2004 жылы жалпы орта білім беретін мектептерді

бітірушілердіұлттық бірыңғай тестілердің қорытындылары

Облыстар бойынша қортындыланған орташа бал
  Барлығы оның ішінде
        Қалалық мекендер Ауылдық жерлер
Қазакстан Республикасы   55,64 48,52
Ақмола 51,69 56,46 48,45
Актөбе 50,11 52,43 47,63
Алматы 50,07 53,68 48,26
Атырау 49,23 50,16 47,63
Шыгыс Қазақстан 52,89 55,45 50,15
Жамбыл 51,19 56,05 47,79
Батыс Қазақстан 53,44 56,16 51,52
Қарағанды 52,78 54,27 47,13
Қостанай 50,12 54,69 45,61
Қызылорда 51,75 52,55 50,49
Маңғыстау 47,28 48,96 44,74
Павлодар 56,48 60,52 50,47
Солтүстік Қазақстан 53,53   50,41
Оңтүстік Қазақстан 50,16 53,88 47,82
Астана қ. 61,20 61,20 -
Алматы қ. 60,99 60,99 -

 

Жоғары оку орындарының саны, студенттер контингенті және мемлекеп білім беру тапсырысы өсіп отыр (2-кесте).

Кесте 2

Жоғары оку орындарыньщ саны, студенттер контингенті және мемлекеттік білім беру тапсырысы

 

Окужылы Жоғары оқу орындары саны Оқитындардың контингенті Мемлекеттік тапсырыс, (оқуын жалғастыру-шылардан басқасы)
2000/2001      
2001/2002      
2002/2003      
2003/2004      

Жоғары оку орындарының 4.1 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 10000 тұрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан.

Кәсіптік жоғары білім алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету неғұрлым дайындалған жастарды іріктеу мақсатында кешенді тестілеу немесе ұлттық бірынғай тестілеу жүргізу және конкурстық негізде мемлекеттік білім беру гранттары мен кредиттерін беру арқылы студентгер контингентін қалыптастырудың жаңа моделі енгізілді.

Кадрларды даярлау жүйесін әлемде жалпы кабылданған бакалавр-магистр моделіне көшірудің негіздері қаланды. Жоғары оку орындарында айтарлықтай академиялық еркіндік берілді. Оқытуда пайдаланылатын ғылыми зерттеулер жанданып, академияльқ ұтқырлық арта түсті.

Қазақстан Республикасының 19 мыңға жуық азаматы әлемнің 35 елінде оқиды, оньщ ішінде 16,4 мыңы Ресей жоғары оқу орындарында оқиды. N00 адам Қазакстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халыкаралық стипендиясының иегері болды. Республиканың жоғары оқу орындарында 8690 шетел азаматы оқиды.

Сонымен катар жекелеген жоғары оқу орындарының және олардың көптеген филиалдарының зияткерлік, кадрлык, материалдық-техникалық әлеуетінің жетіспеуінен талапкерлердің және студенттердің даярлық деңгейіне қоятын талаптарының төмендеуі мамандарды даярлау сапасының төмендеуіне әкеп соқтырады. Бұл жоғары оқу орындарын кадрмен қамтамасыз етуге және олардың материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптарды қүшейту бағытындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттігін туындатады.

Жоғары оқу орындарындағы бір бейінді мамандықтарға даярлау жоспарлы әкономикаға тән тұрақты салаларға және тұтынушыларға ғана бағдарланған. Әлеуметтік серіктестік және кадрларды атаулы даярлау, әсіресе, өңірлік деңгейде одан әрі дамытуды қажет етеді. Техникалық, аграрлық, технологиялық, ветеринарлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оку құралдарының тапшылығы байқалады. Жоғары оқу орындарындағы оқулықтардың, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің 50%-ы жаңартуды талап етеді.

Қазақстандық және шетелдік білім беру бағдарламаларын, білім туралы құжаттарды өзара есепке алу және өзара тану тетіктерін әзірлеу процесі баяу жүруде, ол студенттер мен сқытушылардьщ академиялық ұтқырлығын тежейді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Бюджеттік негіздегі аспирантура 48 мемлекеттік жоғары оқу орнында, 5 мемлекеттік емес жсғары оқу орнында және 66 ғылыми ұйымда, докторантура 15 мемлекеттік жоғары оку орнында және 23 ғылыми ұйымда жұмыс істейді.

Соңғы жылдары аспирантураны ғылыми дәреже алып бітірушілер 18%-дай ғана, бұл ғылыми кадрларды даярлаудың қазіргі жүйесінің тиімділігінің төмендігін көрсетеді.

Жоғары оку орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлаудын, сапасын басқаруға мүмкіндік бермейді. Ғылыми жетекшілердің (консультанттардың), білім және ғылым ұйымдарының аспиранттар мен докторанттарды оқыту нәтижелері үшін жауапкершілігі тәмендеген.

Бірқатар бағыттар, оның ішінде медицина мамандықтары (трансплантология және жасанды органдар, нейрохирургия, гематология, емдік дене шыныктыру, спорттық медицина және т.б.) бойынша ғылыми кадрларға деген тапшылық бар, бұл республикада тиісті ғылыми мектептердің болмауына байланысты. Ғылыми-зерттеу институттарында және жоғары оқу орындарында кадрлардың "қартаюы" орын алуда. Егер 10 жыл бұрын ғылым докторларының орташа жасы 56 жасты құраса, ал қазіргі уақытта 62 жасты құрайды, ғылым кандидаттарының жасы тиісінше - 44 және 47 жас.

Ғылыми ұйымдардың жогары оқу орындарының білім беру процесіне қатысуы болмашы. Білім берудің мазмұны мен ғылымның қазіргі жағдайының арасындагы алшактық маман даярлаудан жаңа ғылыми идеяларды шығармашылыкпен кабылдай алатын, жаңа технологияларды алға апарушы және казіргі заманғы технологиялық процестерді баскара алатын зерттеуші маман даярлауға толыққанды көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Педагогика ғылымдары бойынша жүргізілген көптеген зерттеулердің

црактикалық мәні төмен. Соңғы жылдары педагогика ғылымдары бойынша 40-ка жуық докторлық және 600 кандидаттық диссертация қорғалғанына қарамастан, ондаған жылдар бойы білім берудің барлық деңгейлерінде оқыітудың әдістері мен нысандары өзгеріссіз қалып отыр, дайын білімнің көзі ретіндегі педагогтің міндеті туралы ескірген түсінік сақталған.

Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам Және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын 34 жоғары оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізеді.

Педагогтерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.

Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің саны өсіп келеді: 2001 жылы - 42784 мұғалім, 2003 жылы - 48157. Алайда бұл әрбір мұғалімнің біліктілік арттыру курстарынан кемінде бес жылда бір рет өтуін міндеттейтін "Білім. туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру үшін жеткіліксіз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалім біліктілігін арттыруданөтуге тиіс.

Бейіндік сыныпта оқытуды, 2 сыныптан бастап шетел тілдерін, информатиканы оқытуды көздеу, кәсіптік мектептердің желісін кеңейту 28 мың педагогикалық ставканы қосымша енгізуді талап етеді.

Жоғары оқу орындарының түлектерін ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тарту және орнықтыру тетігін әзірлеу қажет.

Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрлардьң біліктілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешу жөнінде шет елдермен тәжірибе алмасу нашар дамыған. Білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің жаңа білім-білікті игеруін материалдық және моральдық тұргыдан көтермелеу тетіктері тиімді түрде жеткілікті пайдаланылмайды, практикальқ қызметке багдарланған оқытудың белсенді тренингтік технологияларыньң енгізілуі нашар.

Білім беруді ақпараттандыру орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлексттік бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептерді 100 пайызға компьютерлендіру аякталды. Орталық коммуникациялық торап құрылып, оган Білім және ғылым министрлігінің орталық аппаратының торабы және облыстық білім департаменттерінің телекоммуникациялық тораптары қосылған. Жалпы орта білім беретін ұйымдарға арналған әлектрондық оқулық басылымдары мектеп гөндерінің 25%-ын қамтиды. Қашықтан оқытудың спутниктік арнасына республиканьң алты облысының 717 мектебі қосылған (8,7%).

Сонымен қатар, ақпараттық және коммуникациялык технологияларды (будан әрі - АКТ) дамыту және оларды білім беру саласында колдану Кажеттіктен әлдеқайда артта калуда.

Қазакстанда бір компьютерге жалпы білім беретін мектептердегі 54 oкушыдан келеді, бұл ЮНЕСКО-ның деректері бойынша ТМД елдерінң aрасындағы ен жогары көрсеткіштердің бірі (Ресейде - 59) Сонымен қатар

2002 жылы Әкономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері бойынша бұл көрсеткіш 13-ке теңелді, Латвияда, Венгрияда және Чех республикасында бұл тиісінше 5, 9 және 15-ті құрады. 2004 жылдың басында Ұлыбританияның орта мектептерінде 1 компьютерге 5 сқушыдан келген.

Қазіргі таңда Интернет желісіне қосылуға Қазақстан мектептерінің 44%-ы ғана қол жеткізген. Финляндияда 1999 жылы 90%-дан астам мектеп, 2000 жылы Әстония мектептерінің 100%-ы, Австралия, Канада, Исландия мектептерінің 80%-ы, Венгрияда 58%, Әкономикальқ ынтымақтастық және даму ұйымы елдері бойынша мектептердң орташа есеппен 52%-ы Интернет желісіне шығу мүмкіндігіне қол жеткізген.

Кесте 8

Білім беруге арналған мемлекеттік бюджет шьғыстары(млн.тенге)

           
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту          
Жалпы орта білім беру          
Кәсіптік бастауыш білім беру          
Кәсіптік орта білім беру          
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру          
Басқа да бағдарламалар          
Жиынтыгы          
ІЖӨ-ге % 3,1 3,1 3,2 3,4 3,8

Кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерде бір компьютерге тиісінше 31 және 25 окушыдан келеді. Интернет желісіне юсіптік мектептердің (лицейлердің) 39%-ы және колледждердің 51%-ы қосылған. Жоғары білім беру деңгейінде ақпараттық жүйемен келісілген интерфейсі жоқ оқу процесін басқаратын жеке оқшау жүйе жұмыс істейді.

Жекелеген жоғары оқу орындары ғана қашықтан оқытудың технологиясын енгізген кейбірінде аталтан технология эксперименттік режимде іске асырылуда.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудьң 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы жарльғы қабылданды. Оның мақсаты адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке-тұлға,мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің үлттық жүйесін жаңғырту. Міндеттері:

халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету

білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде білім берудің үлттық жүйесінің жұмыс істеуінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адамның құқықтары мен бостандықтарын қүрметтеуге тәрбиелеу;

мемлекеттік тілді басым дамыту;

отандық дәстүрлер, әлемдік тәжірибе және тұрақты даму қағидаттары негізінде білім берудің мазмүны мен қүрылымын жаңарту;

12 жылдық жалпы орта білім беруге нашу болып табылады;

білім беруді халықаралық стандартын жіктеу (БХСЖ) ұсынымдарына сәйкес кәсіитік білім беру және кадрларды даярлау жүйесін қайта кұрылымдау;


 

 


 


оқытудың жинақтаушы кредиттік жүйесіне негізделген кадрларды даярлаудың біртүтас үш сатылы моделін жасау (бакалавриат - магистратура -докторантура);

экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудьң сапасын арттыру;

әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу;

білім беру сапасын бағалаудың үлттық жүйесін күру;

бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын қалыптастыру;

білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми камтамасыз етуді жетілдіру;

білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту;

білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;

білім берудің сапасын арттыру үшін әкономика секторлары ресурстарын тартудың тетіктерін жасау;

-педагог кызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыру, білім беру жүйесін қаржымен, кадрмен қамтамасыз етуді жетілдіру, білім беру менеджерлерін даярлау;

-көп деңгейлі үздіқсіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету болып табылады.

Кейс сұрақтары:

 

1. Білім беру жүйесін реформалаудың қажеттілігін туындатқан факторларға талдау жасаңыз.

2. Қ Р білім беру жүйесі қандай бағытқа дамуы керек орта білім, арнайы білім, жоғары білім.

3. Жоғары мектепте кадрлар даярлаудың сапасын анықтаушы критерийлер қандай болуы керек.

4. Білім беру саласында алдыңғы қатарлы техналогияларды, қазақтың салт – дәстүрлеріне негізделген

қағидаттарды енгізу мүмкіндіктеріне баға беріңіз.

5. ҚР білім беру жүйесін халықаралық стандарттарға сай келтіру ұлттың білім беру жүйесіне қандай

өзгерістер енгізуді талап етуі. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне талдау жасаңыз.

6. Білім беру жүйесін қаржыландыру деңгейі қалай өзгеруі керек. Мемлекет инвесторлардың білім беру саласындағы орны қандай болу керек.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 94 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ел экономикасын бюджеттік реттеу | Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері | Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі | Тақырып. Аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу | Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикаылқ іс-әрекеттерін реттеу | Сыртқы экономикалық іс – әрекетті мемлекеттік реттеу | Осымша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі | АЛҒЫ СӨЗ | Химфарм” АҚ негізгі экономикалық көрсеткіштері | Кесте 2 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав