Читайте также: |
|
Қазақстан Республикасында инвестициялық iс-әрекет көрсеткiштерiнiң өзгеру динамикасы
(нақты құн бойынша, млн теңге)
Көрсеткiштер | 1998ж | 1999ж | 2000ж | 2001ж | 2002ж | 2003ж |
Негiзгi қорларды iске қосу | ||||||
Күрделi құрылысты инвестициялау |
Негiзгi капиталға бағытталған инвестициялар көлемiнiң өсуi негiзгi қорларды iске қосу көлемiнiң өсуiне алып келедi. Республикада iске қосылған негiзгi қорлардың жалпы құндық көлемi 2002 жылы 4301 млрд теңгенi немесе жалпы капиталды салымдар көлемiнiң 79,9% құрады (1999 жылы бұл көрсеткiш 59,3% құраған). Ал 2003 жылы iске қосылған негiзгi қорлардың жалпы құндық көлемi 490,2 млрд теңгенi құрап отыр. Инвестициялар негiзiнен салынған қаржылардың қайтарымы мол, пайдасы да жоғары өндiрiс объектiлерiне бағытталады.
Сондықтан Қазақстан Республикасында iске қосылған инвестициялау объектiлерi мынадай болды: 49 мұнай скважиналары; 450 мың тонна құрамында алтын бар руданы өңдеу комплексi; 24 мегаваттық турбиналы электростанция; жалпы ұзындығы 1356 км құрайтын магистральды газөткiзгiштер; аэропорт.
Күрделi құрылысқа бағытталған инвестиция көлемiнiң өсуi экономика салалары бойынша таралу динамикасының өзгерiске ұшырағанын байқауға болады.
1993-2003 жж. аралығындағы кезеңде шетелдiк тiкелей инвестициялар, көлемi 1993 жыл деңгейiмен салыстырғанда 10,8 есе өскен.
Қазақстан экономикасын инвестициялау өнеркәсiптiк секторда диспропорцияның тереңдеуiмен қатар жүрдi. Шетелдiк тiкелей инвестициялар негiзiнен мұнайгаз өндiретiн және металлургия өнеркәсiбiне бағытталуда.
1999-2003 жылдардағы шетелдiк тiкелей инвестициялардың экономикаға түсуiнiң халық шаруашылығының салалары бойынша таралуы кестеде көрсетiлген (кесте 3).
Елiмiздiң бай жер қойнауы бiрiншi кезекте өздерiнiң салалық бәсекелестерiн басып озуға тырысатын тәуекелдi шетелдiк инвесторларды қызықтырады. 1999-2003 жылдары мұнай-газ саласына тартылған шетелдiк тiкелей инвестициялар 4568,1 млн долларды, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеуге - 215,1 млн доллар, қара металлургияға - 351,0 млн доллар, ал басқа салаларға – 861,7 млн долларды құрады. Шетелдiк инвесторлар үшiн мұнай-газ саласы (барлау, өндiру, өңдеу) тартымды болып табылады. 2002 жылы бұл салаға шетелдiк инвестициялардың 78,8% бағытталды.
Қазақстанның Ұлттық банкiсiнiң мәлiметi бойынша 2003 жылы тартылған шетелдiк тiкелей инвестициялардың құрамы мынадай болды: iшкi мұнай мен табиғи газ өндiруге 1983,2 млн доллар бағытталды.
1999-2003 жылдар кезеңiнде шетелдiк тiкелей инвестициялардың кең өндiру және өңдеу өнеркәсiптердiң мұнай-газ кәсiпорындарына түсуi 6301,7 мле долларды құрады. Бұлай болу себебi, шетелдiк инвесторлар пайдасы және рентабельдiлiгi жоғары салаларға капитал салымын жасауға тырысады. Бұл жағда өңдеу өнекәсiбiнiң дамуын тежеп отыр.
1995-2003 жылдар қазақстанға келiп түскен шетелдiк тiкелей инвестициялардың донор-елдер бойынша таралуы 9 кестеде келтiрiлген.
1995-2003 жылдары донор-елдерден Қазақстанға несиелер, қаржылық сұраныс, реинвестицияланған табыс түрiнде келген шетелдiк тiкелей инвестициялардың көлемi 9381,7 млн долларды құрады.
Жылы Қазақстанға шетелдiк инвестициялардың ең үлкен көлемi АҚШ елiнен – 993,5 млн доллар, Ұлыбританиядан – 464,2 млн доллар, Италиядаг – 351,0 млн доллар, Ресей Федерациясынан – 163,2 млн доллар тартылды, Нидерланды елiнен – 109,9 млн доллар тартылды.
ОҚО-ның өндiрiс саласындағы инвестициялық жағдайын талдау.
Қазiргi уақытта Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазақстанның осы кунгi нарықтық инфрақұрылымның негiздерi қалыптасқан iрi аграрлы өнеркәсiптiк аймағының бiрi болып саналады.
Оңтүстiк Қазақстан облысының территориясында 300-ден астам iрi және орта кәсiпорында қызмет етедi, 127 бiрлескен және шетелдiк кәсiпорындар туркелген.
127 кәсiпорындар мен ұйымдар 53 елге өз өнiмдерiн экспортқа шығарады, 52 елден импорт тауарлары облысқа келiп түсуде.
Облыстың жоғары табиғи мүмкiндiктерi отандық және шетелдiк инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар тудырады. Оңтүстiк Қазақстан облысы үшiн инвестициялар жөнiндегi аймақтық саясатты одан әрi жетiлдiрудiң маңызы үлкен.
Инвестиция саласында күннен күнге экономиканы реттеудiң формалары мен әдiстерi жетiлдiрiлуде. ОҚО – да соңғы үш жылда инвестициялар көлемiнiң қарқынды түрде өсiр отырғанын байқауға болады.
ОҚО-на шетелдiк инвестицияларды тартудың тиiмдi бiрлескен кәсiпорындарды құру болып табылады. 2003 жылғы мәлiметке сәйкес ОҚО-да құрамында шетелдiк капитал бар 127 кәсiпорын бар. Олардың бiрнешеуi кестеде келтiрiлген.
Бiрлескен және шетелдiк кәсiпорындар Шымкент қаласында – 99, Түркiстан қаласында – 4, Кентау қаласында – 3, Сайрам ауданында – 3, Сарыағаш ауданында – 12, Созақ ауданында – 2, Түлкiбас ауданында – 1, Шарадар ауданында – 1, Төлеби ауданынды – 1, Мақтарал ауданында ө 1 орналасқан.
Жалпы алғанда облыс бойынша 2002 жылы шетел инвестициясы есебiнен 2 922 815 мың теңге қаржыландырылды. Бұл жалпы инвестиция көлемiнiң 15,4% құрады.
Соңғы үш жылдағы Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша инвестициялық iс-әрекеттердi талдау мынадай тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi.
Бiрiншiден, Оңтүстiк Қазақстан облысы экономикасын дамытуда аймақтық инвестициялық саясаттың маңызы үлкен;
Екiншiден, облыс көлемiнде инвестициялардың игерiлуi бiркелкi емес, әлеуметтiк артта қалған, жекелеген шалғайдағы аудапндарды дамыту үшiн инвестицияларды тарту мәселелерi күн тәртiбiнде қаралуы тиiс.
Мемелкеттiң аймақтық саясатын қалыптастыруда түрлi аудандар халқының өмiр сүру деңгейi мен сапасын теңестiру мүдделерiнiң iргелi (тиянақты) маңызы бар.
Кейс сұрақтары:
1. Инвестициялық белсендiлiктiң төмендеуiне әсер етушi факторлар.
2. Қазақстандағы инвестициялық климат жағдайы
3. Қазақстан экономикасына шетелдiк инвестициялардың құйылуы мен оларды игеру процесiн талдай отырып, тұжырымдама жасаңыз.
4. Облыстың қазiргi жай-күйiн жан-жақты талдау нәтижесiнде облыс экономикасының әлсiз және күштi жақтарын бөлiп көрсетiңiз.
5. Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң инвестициялық саясаты
6. Ұлттық экономиканы дамытуға тiкелей шетелдiк инвестициялардың құйылуының нәтижесіне болжам жасаңыз
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 79 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |