Читайте также:
|
|
СӨЖ-бұл студенттің шығармашылық жұмыспен айналысу барысында ақпаратты білім алуы.
СӨЖ-бұл студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру, білім деңгейін дамыту негізінде ғылымның, білімнің жаңалықтарын ақпаратты жүйеде жандандыру.
СӨЖ- мына төмендегілерге үйретеді:
- әдебиетпен жұмыс жасауға, ақпаратты жеке іздеуге, шығармашылық жұмысты дамытуға, шешім қабылдауға;
- мақсат қоя білуге, жоспарлай білуге, жұмыс уақытын ұйымдастыруға, оқуды жүйелей білуге;
- үй тапсырмасын терең білуге.
СӨЖ ұйымдастырушылардан мыналарды талап етеді:
- Силлабуста СӨЖ тақырыптарының жоспарлануы;
- Әр студенттің СӨЖ мақсатын кредиттік технология жүйесінде құру
- СӨЖ жұмысының оқу үрдісінің негізіне сай болуы;
- тапсырмаларды студенттің уақытылы орындауы;
- кеңестің өтуі кезінде әр түрлі әдістердің қолданылуы;
- СӨЖ жұмысын жүргізудегі әдістердің дәлдігі;
- оқытушымен өтетін сабақтарға толық қатысуы;
- өзіндік жұмысқа оқытушысыз дайындалып, уақытты үнемдеуі.
СӨЖ талаптары:
Оқытушы студенттердің сабақты дұрыс ұйымдастыруына мына бағыттарды беруі керек:
· тақырыпқа сай студентке өзіндік жұмыстың жоспарымен таныстыру керек
· оқу құралдары мен әдебиеттерді дұрыс пайдалана білуге;
· қосымша материалдар мен интернет жүйесімен жұмыс істей білуге;
· глоссария жазуға, термин сөздігін қысқаша түсінік беруге;
· Аралық бақылау апталығында студенттің білімін тексеру;
· Кеңес беру күндерін бекіту;
Оқытушы студенттен мыналарды талап етеді:
· Үй тапсырмасының орындалуын;
· Тапсырылған уақытын қадағалау;
· Тапсырмаға жауапкершілікпен қарау.
Логикалық схемаларды дайындау
● Студент берілген сұрақтардан қорытынды блок схемасын жасау;
● Логикалық схемада студент сұрақтардың құрамын ғана көрсетпей берілген сұрақтарға өз көзқересымен саналы түрде жауап беруі тиіс.
Эссе дайындау әдістемесі.
Эссе –берілген тақырыпта шығарма жазу.
· Көлемі-5-7 бет.
· Үйренген материалдардың деңгейі.
· Проблемаға ерекше көзқарас.
· Аргументация
· өзінің көзқарасын білдіруге қабілетілігі
Эссе құрылымы.
А. Кіріспе.
· Тақырып тұжырымдамасы
· Тақырып өзектілігі
· Тақырыпқа байланысты ой-пікірлер
· Тақырыпты талқылау құрылымы
· Негізгі талқылауға өту
Негізгі бөлім.
· Дәйектерді талқылау, талқылау жүргізуде қолданылатын негізгі түсініктерді анықтауды автор жүргізеді.
· Талқылауды қолдайтын мысалдарды немесе дәлелдерді анықтау.
· Қарама –қарсы талқылауларды немесе контр дәйектерді қарастыру (неге олар әлсіз екенін міндетті түрде көрсету қажет).
Б. Қорытынды.
· Негізгі талқылауларды қайталау;
· Негізгі талқылауды қорғауға дәйкетерді анықтайтын бір немесе екі сөйлем жазу
· Берілген бекітілімге пайдалылығы туралы жалпы қорытынды.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 106 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |