Читайте также:
|
|
Оңтүстік Қазақстан облысы банктерінің қызметінің нәтижесі бойынша келесі жағдайларды атап өтуге болады: несие нарығының жағдайын сипаттайтын сандық және салыстырмалы көрсеткіштер өзгерді. Банктің экономикадағы несие көлемі облыста 2005 жылдың 1 аумағында өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есеге көбейіп, 7843,5 млн теңгені құрады.
Орта және ұзақ мерзімді берілген несиелердің жалпы көлемі 3558 млн теңгені құрап, олардың ішінде экономикалық нақты секторына несие үлесі 50% болды. Несиелік салымдардың салалық құрылымы сапалы өзгерді - 44% құрап, өндірістік кәсіпорындарды дамытуға бағытталды. Экономиканың алдыңғы салаларының бірі ауыл шаруашылығын қарастыратын болсақ, онда өкінішке орай 2005 жылдын ақпанында несиелік салымдардың барлық несиедегі үлес салмағы 6%-ті құрады. Ол 2004 жылдың ақпан айында 29%, ал 2003 жылы дәл осы айда 30%-ті құраған.
Тасымалдау, қүрылыс және байланыс сияқты салаларына иесиелік салымдардың өскені байқалады. 2003 жылы акпанда осы 3 салаға бөлінген несиелер жалпы несиелік салымдардың 1%-тін құраса, 2004 жылдың ақпанында осы салаларға берілген несиенің жалпы көлемі 81 млн теңгені құрап немесе 2,5% болды. Сауда бұрынғысынша иесие салымдарын көп қажет ететін сала бола отырып, 2003 жылдың ақпан айында берілген несиенің жалпы көлемінің 58%-тін құраса, ал 2005ж ақнанында бұл салаға бөлінген несие 3690 млн тењгені құрап, жалпы несие көлемінің 44%-ті құрады. Өндірістік мақсаттарға берілген несие соммасы - 3321 млн теңге (соның ішінде ұзақ мерзімдік негізде несиелер-1654 млн теңгені), ауыл шаруашылығын дамытуға - 642 млн теңге құрады.
Шаруашылық субъетілерін несиелеу бас банктердің ресурстары есебінен және де "Тұран Алем Банк", Казкоммерцбанк, Алматы сауда қаржы банкі келісімге тұрған ЕБДР несиелік желісі арқылы жүзеге асырылады.
Егер де екінші деңгейлі банктердің несиелендіру объектісі бойынша несие құрылымын толығырақ қарастырсақ, онда ОҚО бойынша 2005ж жылдың ақпанында айналым құралдарын ұлғайтуға 7527 млн теңге несие бөлінді, ол 2004 жылмен салыстырғанда 5197 млн теңгеге аз болды немесе 2,5 есе.
Жаңа құрылысқа несиелік салымдар айтарлықтай ұлғайды. 2005ж жылдың наурыз айында 1003 млн теңге бөлінді, ал 2003ж жылы небәрі 7 млн теңге бөлінген болатын, яғни 996 млн теңгеге көбейгенін көрсетеді. Банктер табыстылығы жоғары және тартымды бағытының бірі мақта өндірісінің дамуына көп көңіл бөлуде. Мақта шаруашылығына ірі банктермен 20 млн доллар көлемінде несие желісі ашылды. 2004 жылдың желтоқсанында заңды тұлғаларға берілген несиелердің орташа өлшемді сыйақы мөлшерлемесі 17% жылдық, халыққа 25% жылдық болды. 2004 жыл барысында қарыз алушылармен банкке 16279 млн теңге көлемінде несие өтелді. Несиелердің қайтарымдылығы 2004 жылы 13%-ке өсті. Сонымен қатар осы жылы халыққа тұтыну мақсатында берілген несие соммасы өсті, яғни 2005 жылдың ақпанында 569 млн теңгені құрады, яғни өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17%-ке ұлғайғанын көрсетіп отыр.
Екінші деңгейлі банктердің ЕБДР желісі бойынша шағын және орта бизнестi несиелендiру бағдарламасына қатысуы нәтижесіне шағын және орта бизнеске иесие көлемі 1 жылда 53%-ке ұлғайып, 2005 жылдың ақпанында 2196 млн теңгені құрады.
Осы жылдың басында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға облыстың банктерінен берілген» несие көлемі 10777 млн теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 4,4 есеге көп.
Сонымен Оңтүстік Қазақстан облысындағы екінші деңгейлі банктердің несие нарығындағы қызметінің нәтижесі облыс экономикасының дамуында шаруашылық субъектілердің белсенділігінің өскендігін көрсетеді.
Кейс сұраќтары:
1. Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайына баѓа
беріњіз.
2. Банктің несие нарығындағы белсенділігінiң артуына єсер ететін факторларды
атањыз.
3. Коммерциялық банктердің несиелік саясатын жетілдіру жолдары.
4. Несиелік салымдардың салалық құрылымына ќалай баѓа беруга болады?
5. Ауыл шаруашылыќ саласына несиелік салымдардыњ азаюыныњ себебі неде?
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 105 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |