Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің негізгі проблемалары

Читайте также:
  1. D) Заңды тұлғаның табыс алатын негізгі қызметі
  2. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  3. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  4. Аймақтар дамуның (дамымауының) негізгі себептері мен міндеттері.
  5. аралық бақылау сұрақтары мен тапсырмаларының тізімі
  6. Аралық бақылау сұрақтары мен тапсырмаларының тізімі
  7. Аралық бақылауға дайындалу бойынша әдістемелік ұсыныстар
  8. Аралық бақылауды тапсыру кестесі
  9. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
  10. Бақылау объектілерінің тізімі

Кеден статистикасының ақпараттары бойынша 2004 жылдың басынан (қаңтар-қыркүйек) алыс шетелдерден импорт құндық сипатта 30417,2 млн. АҚШ долларын құрап отыр, бұл 2003 жылдың сондай кезеңінен 18,7%-ға көп.

2004 жылдың қырқүйегінде алыс шетелдерден импорттың құндық көлемі 3584,7 млн. АҚШ долларын құрайды, және 2004 жылдың тамызымен салыстырғанда 123,9 млн. АҚШ долларына немесе 3,6%-ке өскен.

Импорттық жеткізулердің өсуі 1,5%-ке қысқарып, 653,5 млн. АҚШ долларын құраған химиялық өнімдерін қоспағанда барлық тауарлық топтар бойынша өсті.

Тұтыну тауарлары мен оларды өндіру үшін шикізат тобында ет пен субпродуктыларды сатып алу 12,4%-ке, сүт өнімдерін сатып алу – 27,4%-ке өсті, қантты сатып алу – 1,8 есе, тұқымдық дақылдарын сатып алу – 1,5 есеге, алкогольді және алкогольсіз өнімді сатып алу – 26,4 есеге, табакты (темекі өнімдерін) сатып алу – 8,5%-ке қысқарды.

Химиялық өндіріс тауарларының арасында фармацевтикалық өнімдердің импорты 22,5%-ке, полимерлер мен каучук импорты 9,9%-ке өсті, сонымен қатар органикалық және бейорганикалық химия өнімдерінің импорты 3,6%-ке кеміді.

Текстильдік бұйымдар мен аяқ киім тобында химиялық талшықтарды сатып алу 1,4 есеге, мақтаны сатып алу 1,7 есеге, химиялық жіпті сатып алу – 23,6%-ке, текстильдік киімді сатып алу – 10,8%-ке, аяқ киімді сатып алу 4,2%-ке өсті.

Машина жасау өнімдерін импорттауда – құрлық көлік құралдарын импорттау 16,8%-ке, оптикалық құралдар мен аппараттар импорты – 25,1%-ке өсті, сонымен қатар технологиялық құрылғыларды сатып алу 8,3%-ке кеміді.

2003 жылдың қыркүйек айына қарағанда 2004 жылдың қыркүйегінде алыс шетелдерден импорт 19,3%-ке өсті.

Қазіргі заманғы кеден қызметі мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүргізуде маңызды орын алады және тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде бақылаулық және фискалдық функцияларды орындайды. Қазіргі кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің негізгі проблемалары:

Ø жүйенің ішіндегі ақпараттық қамтамасыз етудің қажетті деңгейде жетілдірілмеуі

Ø жалпы басқару жүйесін қалыптастырудың аяқталмауы

Ø заңдар базасының жаңа кеден кодексіне сай жетілдірілмеуі

Ø кеден ісі саласындағы контрабанда мен қылмыстарға қарсы күрестің жеткілікті мөлшердегі тиімді шараларының болмауы

Ø кеденшіні әлеуметтік қорғау мәселелері кешенінің шешілмеуі, кәсіби кадрлардың жетіспеуі

Ø жүкті тиеу және түсіруде адам күштерінің, қаржыландырудың жетіспеу

Ø қосымша темір-жол тармақшаларыың жетіспеуі

Ø қоймалардың, жабық алаңдардың және түсіру-тиеу мақсатындағы крандар мен механизмдердің жетіспеушілігі

Ø тексеру орындарында жарықтандыру мен арнайы жарық беру құралдарының болмауы

Ø жеткіліксіз материалдық-техникалық база болып табылады.

Мұның бәрі шешетін міндеттер мен сыртқы экономикалық қызметтің әр түрлілігіне қайшы келеді, СЭҚ-ға қатысушыларға кедендік қызмет көрсетудің сапасы мен жеделдігіне нұқсан келтіреді, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтыруда проблема туғызады, кедендік ережелердің бұзылуына және кеден қызметі саласындағы қылмыс санының артуына әкеп соқтырады.

Кейс сұраќтары:

1. Кеден ќызметініњ мемлекеттіњ ќаржы ж‰йесіндегі орны.

2. Келтірілген мєліметтер бойынша импорттыњ кµлемі мен ќ±рылымына баѓа беріњіз.

3. Кеден ќызметініњ фискалдыќ функциясын дамытудыњ ќажеттілігі мен баѓыттары.

4. Кейсте аталѓан мєселелер бойынша ±сыныстарыњызды беріњіз.

5. ЌР б‰кілєлемдік сауда ±йымына (БС¦) кіру кеден ќызметініњ функцияларын ќалай µзгертуі м‰мкін.

 

19. ОЌО сыртќы сауда айналымы

 

2004 жыл экономикалық жағдайдың жақсаруымен, қалыптасуы және облыстың ары қарай дамуымен ерекшеленеді. Біздің облыста экспортқа бағытталған және ауыл-шаруашылық өнімдеріне негізделген кәсіпорындар бар. Кәсіпорындардың және ауыл-шаруашылығының өсу қарқыны сыртқы экономикалық қызметтің даумына жақсы жағдай жасайды. 2004 жылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың 1200-і тіркелген, оның 360-ы заңды тұлғалар.

Кәсіпкерлердің экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырумен байланысты 2004 жылы бірінші рет сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 027 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өз кезегінде 2003 жылмен салыстырғанда 25% немесе 204 млн. АҚШ долларына көп. Экспорттың импорттан салмағы асып 600 млн. АҚШ долларын құрады. Аталған көрсеткіштер алдыңғы жылдармен салыстырғанда қарқыны өте жоғары. 2004 жылы жалпы ресімделген жүктердің көлемі 5 миллион 433 мың тоннаны құрады. Оның ішінде облыстан шығарылғаны 4 млн. 536 мың тонна, облысқа әкелінгені 897 мың тонна.

Облыстың экспорты. Сыртқы сауда айналымының негізгі бөлігі экспортқа тиесілі – 80% немесе 818 млн. АҚШ доллары, 2003 жылмен салыстырғанда 168 млн. АҚШ долларына көп. 2004 жылдың экспортының шығарылу географиясы айтарлықтай кең, яғни біздің облысымыздың өнімдері әлемнің 30-дан аса мемлекеттеріне экспортталған. Экспортқа ықпал ететін тұрақты ірі партнерлерге мыналар жатады: Италия (18%), Швейцария (13 %), Қытай (12%), Латвия (9%), Иран (8%); Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан (7%) сәйкесінше.

Экспорттың негізгі бөлігі 72% - Италия, Швейцария, Өзбекестан және Ауғанстанға жеткізілетін мұнай өнімдері құрайды. Сонымен қатар, мақта талшықтары (17%), түсті, қара метал сыныќтары мен қалдықтары (3%), ұн (2%), қорғасын (1%), жүн тері (0,4%), сабын (0,3%), өсімдік майы(0,5%), темекі (0,2%) экспортқа шығарылады. Өсім негізінен мұнай өңдеу, металлургия өнеркәсіптері мен ауылшаруашылық өндірістерінің қарқынды дамуымен байланысты болып отыр.

Импорт. 2004 жылы біздің облысқа алыс және жағын шетелдерден 209 млн. АҚШ долларын құрайтын сомаға тауарлар әкелінген, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 41 млн. АҚШ долларына көп. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда жасалған импорттық кеден декларацияларының саны өскен. Егер 2003 жылы 7000 кеден декларациясы жасалса, 2004 жылы олардың саны 8000 болды. Өсім 15% немесе 1000 КЖД құрады.

Тауарларды шығарудың өсуіне негізгінен жетекші кәсіпорындардың өндірістерінің жетілдірілуі мен шикізатқа деген сұраныстың өсуі себеп болды.

Осы кәсіпорындардың қызметі үшін қорғасын концентраттары, кен өнімдері, металоконструкцмялар, бұрғылау қондырғылары, технологиялық құралдар, орманағаштар, күнбағыс тұқымдары әкелінеді. Егер 1998-2002 жылдар аралығында дайын өнімдер мен халық тұтыну тауарлары әкелінсе, қазіргі кезде орта және кіші бизнеске арналған қондырғылар әкелінуде. Айталық ұн шығару диірмендері, мақта тазалау, сусындар шығаратын, көкөніс өңджеу және сүт өнімдерін дайындау қондырғылары.

Облысымыздың шаруашылық жүргізуші субъектілері әлемнің 50-ден аса мемлекеттерінен импорттық продукцияларды сатып алады. Біздің облысымызға экспорт шығаратын негізгі елдерге мыналар жатады: Ресей Федерациясы – 39% жалпы импорт көлеміне шаққанда, немесе 83 лн. АҚШ доллары, Өзбекстан Республикасы – 11%, 19 млн. АҚШ доллары, Германия – 9%, 17 млн. АҚШ доллары, Украина және Бельгия – 5%.

Импорттың басым бөлігі ТМД елдеріне тиесілі, өйткені бұрынғы Кеңес Одағының қалыптасқан байланыстары қолданылады.

2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда Ресейден тауар әкелу ұлғайған, 10 млн 400 мың АҚШ доллары немесе 15%. Ресейден кейін тауар айналымның импорты бойынша екінші орынды Өзбекстан алады. Облысымызға Өзбекстаннан құрылыс заттары, пластмассалардан жасалған бұйымдар, айна және ауыл-шаруашылық өнімдері тасымалданады. Бірақ 2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда Өзбекстан мемлекетінен тауар тасымалдау 28% -ға төмендеген, немесе ол 8 млн. АҚШ долларын құраған. Импорттың төмендеуімен қатар Өзбекстанға тауар тасымалдау өскен, айталық ұн және бидай тасымалдау.

Алыс шетелдерден облысымыздың кәсіпкерлері бірінші кезетке Германия, Польша, Италия, Түркия, бельгиядан құрал-жабдықтар; Германиядан автомобильдер, Польша және Қытайдан дәрі-дәрмек, Оңтүстік Кореядан пластик бөтелкелерінің қондырғыларын, синтетикалық жуу құралдарын, кондитерлік өнімдерді, клей Ираннан, косметика, есік пен терезелерге арналған алюминнен және пластиктен жасалған профилдерді Түркиядан тасымалдайды.

Импорттың құрылымындағы басым бµлік 13% - автокөліктерге тиесі болып отыр. 2004 жылы облысымызға 10 мың 850 дана автокөлік әкелінген, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 784 млн. теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтар аударылған.

Кейс сұраќтары:

1. Сыртќы экономикалыќ ќызметтіњ дамуына баѓа беріп, оѓан єсер етуші факторларды

атањыз.

2. ОЌО экспортыныњ тауарлыќ ќ±рылымы мен географиясын кењейту бойынша ±сыныстар

беріњіз.

3. ОЌО импортыныњ тауарлыќ ќ±рылымы мен географиясын кењейту бойынша ±сыныстар

беріњіз.

4. ОЌО импортты алмастырушы µндірістерді дамытудыњ болашаѓы ќандай?

5. ЌР БС¦ кіру сыртқы экономикалыќ ќызметтіњ дамуына ќалай єсер етуі м‰мк




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 33 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді бюджеттік несиелендіру іс әрекетінің қазіргі жағдайы | Азақстан Республикасының ауыл шаруашылығын несиелендіру. | Тактикалыќ кейстер | Инвестициялардың меншiк нысандары бойынша құрылымы | ОҚО-дағы негiзгi капиталға бағытталған инвестициялардың қызмет түрлерi бойынша игерiлуi | Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді бюджеттік несиелендіру іс-әрекетінің қазіргі жағдайы | Халықтық әлеуметтік қорғау мәселелерін талдау | ОҚО жұмыспен қамтылу жєне кедейшілікпен көресуге талдау | Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау | Бюджет кірістерін талдау |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав