Читайте также:
|
|
Өзінің толық мәнінде экономиканы мемлекеттік реттеу орныққан саяси жүйенің ұлттық шаруашылыққа макроэкономикалық әсерін дарыту болып табылады. Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы, оның экономикаға әсерінің деңгейі туралы пайымдаулардың өзіндік ұзақ тарихы бар. Есте жоқ ерте замандарға, яғни капитализмге дейінгі кезеңдердегі мемлекеттің рөліне үңілмей-ақ, рыноктық экономика дамуы кезеңдеріндегі мемлекеттің рөлі мен функцияларындағы өзгерістерді құнттап алғанның өзі жеткілікті болар еді деп ойлаймыз.
Тарихи тұрғыдан мемлекеттің рыноктық экономикадағы рөлі туралы алғашқы концепциясы капитализм саяси экономиясы классиктерінің концепциясы болып табылады. Классикалық теория XVII- ғасырда дүниеге келді және ол өзінің ортасына экономикалық ғылымның көптеген өкілдерін шоғырландырады. Олардың ішіндегі ең көрнектілері шотландық экономист және философ А.Смит және ағылшын экономисі Д. Рикардо. Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы ілімнің дамуына А. Смиттің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» (1776ж) еңбегі зор үлес қосты.Бұл концепция бойынша рыноктық күштердің еркін әрекеті тепе-теңдікті механизм жасап шығарады. Классиктер рыноктық экономикадағы мемлекет рыноктық үдеріс жағдайындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, меншігін қорғауы тиіс және рынокқа қатысушылар арасында туындайтын дауларға төрелік айтуы қажет. Басқаша айтқанда, мемлекет жекелеген адам дербес атқара алмайтын немесе тиімді түрде жүзеге асыра алмайтын істерді атқаруы тиіс. Экономикалық мәні бойынша бұл концепция рыноктық экономиканың өзін-өзі реттеп, өзін-өзі ұйымдастырып отыруға хал-ахуалы әбден жететіндігін дәлелдеу болатын. Өндіріс тұтынуды арттыру үшін ұйымдастырылады, ал тұтынудың өсуі өндірісті ынталандырады деді классиктер.Капитализм дамуының ерте сатыларында мемлекеттің экономикаға араласуы негізінен екі қызметпен шектеледі деген пайымдаулар басымдық танытты. Олар: жеке меншік құқықтарын заңнамалық тұрғыдан қорғау және экономикалық таңдау еркіндігін қауіпсіздендіру. Мемлекеттің экономикалық рөлі аталған бастапқы құқықтарды жүзеге асыру болып табылады. Осыған байланысты XVIII-XIX ғ.ғ. экономикалық әдебиеттерде «laisser-fire» (іс-әрекет еркіндігі) + констебль тезистері, яғни мемлекет – бұл «жеке меншіктің түнгі күзетшісі» деген ұстаным кеңінен тараған болатын.Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының марксистік моделінде мемлекеттің экономикалық қызметі өндіріс пен тұтынуды қоғамдық ұйымдастырудың тарихи формасының мазмұны ретінде қарастырылады және қоғамдық меншік экономикалық жүйедегі бірден-бір үстем сектор болып танылады. Бұл жүйенің негізі болып табылатын өндірістің құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншік экономикалық процестерді бір орталықтан реттеу қажеттілігін ұйғарады. Аталған жүйенің артықшылығына, теория жүзінде болса да, ресурстарды тұрақты түрде бақылау және басқару арқылы толық жұмыспен қамтуға қол жеткізу жатады.
Маркстік моделдің басты белгілері:
· өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық (мемлекеттік) меншік;
· өндіріс және тұтыну арасындағы экономикалық байланыстар, салалар, өңірлер арасындағы пропорциялардың жоспарлы болуы. Қоғамдық болмыс сфераларының барлығы жоспарға бағынады;
· өндірілген өнім бағалары бір орталықтан, қатаң түрде белгіленеді, сондықтан сұраныс пен ұсыныс жағдайлары есепке алынбайды;
· бәсеке экономикалық күрестің антогонистік формасы ретінде социалистік жарыспен алмастырылады, ал ол болса ешқандай материалдық ынталандыру көздері қарастырылмағандықтан формальді әрекет ретінде қала береді.
Мұндай жағдайларда мемлекет «түгел қамтитын» рөл атқарады. Ол, жоспар арқылы бүкіл экономикалық (және экономикалық емес те) үдерістерді реттеп отырады да рынокты жаншып, оның құралдарына тек қана формалды, тіпті жағымсыз сипат беруге ұмтылады. Ал, жоспар болса саяси мақсаттарға қызмет етуі тиіс. Сондықтан субъектілердің экономикалық талғауын реттеудің саяси механизмдері шаруашылық бастамашылдығын жасанды түрде алмастырады.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 125 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |