Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономикалық өсу теориялары және моделдері.

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  4. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  5. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  6. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  7. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  8. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  9. Адам,жеке адам тұлға және категорияларының мәнін ашыңыз.
  10. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Экономикалық өсудің отандық теориясы марксистік мектеп жетістіктері негізінде дамығаны белгілі. Бұл теорияның негізінде екі тұжырым жатыр: 1) ағылшынның классикалық саяси экономиясы қалыптастырып дамытқан экономикалық өсу қарқынының қорлану нормасымен байланыстылығы; 2) социал-утопистерден алынған экономикалық өсуге өндіріс құрал-жабдықтарының қоғамдық меншікте болуының прогрессивті әсері. Социалистік жүйе елдеріндегі маркстік экономикалық сана тек қана жоғарыда көрсетілген бағыттарда дамиды. Ал, батыстық экономикалық ой-пікір экономикалық дамудың көптүрлілігі мен қайшылықтарын көрсетуге ұмтылып, экономикалық өсудің көптеген назар аударарлық теорияларын, концепцияларын және гипотезаларын ұсынады. Соңғы онжылдықтардағы экономикалық өсуге арналған зерттеулерді екі тұрғыдан қарастыруға болады. Біріншіден батыстық экономистер экономикалық өсудің қысқа және орта мерзімді моделдерінен мақсаты ұзақ мерзімді экономикалық өсу шарттарын зерттеуге арналған моделдерге ауысып, даму стратегиясына байланысты жаңа құралдар мен әдістерді табуға талпыныс жасауда. Екіншіден, егер екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі моделдер өздерінің мәні бойынша экономикалық өсудің факторларын анықтауға бағытталып және сол факторлардың жұмыссыздыққа, пайда нормасының өзгеруіне әсерін зерттеуге арналған болса, соғыстан кейінгі жылдардағы зерттеулер экономикалық өсу процесін дәлірек көрсетіп және қандай болмасын экономикалық саясаттың әлеуметтік салдарының сандық мәнін анықтауға күш салды.

Өткен ғасырдың елуінші жылдары экономикалық өсудің жаңа моделдері пайда бола бастады. Оларға келесі іс-әрекеттер тән болды: Ағымдағы экономикалық өсудің алдағы әсерін математикалық өрнектеу; Олардың мүмкіндіктерін зерттеу; Мүмкіндіктерден тиімді экономикалық өсу нұсқасын таңдау; Тиімді экономикалық өсу нұсқаларынан уақытты үнемдейтін және жоғары қарқынды ұстап тұратын нұсқаларын ажыратып алу. Экономикалық өсу туралы зерттеулердегі осы неоклассикалық бағыт ұсынатын моделдердің молдығына қарамастан оның сандық сараптау үшін пайдаланатын құралы біреу ғана, ол – өндірістік функция. Өндірістік функция өндіріс көлемін тек қана капитал және еңбек факторларымен байланыста қарастырады. Қосфакторлы моделді ең бірінші болып ұсынған және өңдеуші өнеркәсіпте қолданған америкалық ғалымдар – математик Ч.Кобб және экономист П.Дуглас (1928) болды. Олар талдап жасаған модель экономикалық теорияда Кобб-Дуглас моделі деген атауға ие болды. Кейінірек Кобб-Дугластың өндірістік функциясын өндіріс факторларының көбейе түскен санын ескеретін экономикалық өсу моделдерін талдап жасауда басқа ғалымдар да кеңінен пайдалана бастады.

Неокейнсиандық типтегі моделдер қатарына Р.Харрод, Е.Домар, Н.Калдор, Э.Хансен және т.б. моделдерін жатқызуға болады. Айталық ағылшын ғалымы Р.Харродтың концепциясы толық түрінде оның «экономикалық динамика теориясы туралы» еңбегінде баяндалған болатын. Р.Харрод әрқайсысы экономикалық өсу ерекшеліктерін көрсететін динамиканың бірқатар теңдеулерін ұсынды. Мұнда ол келесі тұжырымдарды бөліп көрсетеді:

а) Өсудің «кепілді» қарқыны дегеніміз тұрақты экономикалық өсу траекториясын анықтай келе жинақ пен инвестициялар тепе-теңдігіне қол жеткізетін жағдай болып табылады;

ә) «табиғи» өсу қарқыны болса халық пен еңбек өнімділігі өсіміне сәйкес келуі тиіс, яғни ол өндірістің потенциалды мүмкіндіктерімен бірдей болады.

Танымал моделдердің қатарына Е.Домардың да моделін қосуға болады. Оның Р.Харрод моделінен айырмашылығы инвестицияның екі ұдай (қосарланған) рөлін ескеруінде болса керек. Оның пікірі бойынша табыс өсімі мен өнім өсімінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін экономикалық өсу қарқынын анықтауға болады, яғни экономикалық өсу үдерісіндегі жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдігін ұстап тұруға мүмкіндіктер бар және олар жеткілікті.

Экономикалық оқулықтарда аталған екі модель біріккен сипатта қарастырылып «Харрод-Домар» моделі ретінде белгілі.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 144 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мемлекеттің экономикадағы ролі туралы теориялар | Рыноктық жүйенің сипаты-аралас экономика | Мемлекеттік реттеу формалары | Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері | Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің экономикалық саясатының мәні | Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары. | Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің өндірістік саясаты | Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав