Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономикалық өсудің негізгі факторлары және құралдары

Читайте также:
  1. D) Заңды тұлғаның табыс алатын негізгі қызметі
  2. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  3. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  4. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  5. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  6. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  7. Ақша-несие саясатының мәні, құралдары
  8. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  9. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  10. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты ұлттық шаруашылық қызметінің жағдайы мен сапасын қолайлы өзгерту, жақсарту және жоғарылату екендігі белгілі мәселе. Бұл үшін өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері мен сапалық дәрежесі әлемдік деңгейлерге ұмтылуы тиіс. Ал, бұл болса халықтың әл-ауқатын арттыру, оның табысы мен тұтынушылық деңгейін жоғарылатудың бірден-бір кепілі болып табылады.

Кез-келген әлеуметтік-экономикалық жүйенің өміршеңдігі өндіріс және тұтыну құрылымына, ресурстық қамтамасыздандырылуына, іс-әрекет нәтижелілігіне байланысты.

Егер мемлекеттің негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатының өсуіне қол жеткізу болса, экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаты тиімді экономикалық өсуге жетудің алғышарттарын жасап, соның негізінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейін жоғарылату болып табылады.

Экономикалық өсу деп жалпы ұлттық өнім, жалпы жиынтық өнім, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім т.б. сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасының өзгерістері арқылы сипатталатын ұлттық шаруашылық дамуындағы оңды қозғалысты айтамыз.

«Экономикалық өсу» негізінен сандық сипаттағы категория болып табылады. Бұл категорияның сандық мәні ретінде пайыздық өлшемдегі өсу қарқыны және жалпы ішкі өнімнің немесе ұлттық табыстың өткен жылғы салыстырмалы көрсеткіштері алынады.

Ал, «экономикалық даму» болса ел экономикасын негізінен сапалық тұрғыдан сипаттап оны жан басына шаққандағы ұлттық табыс өндірісімен анықтайды.

Экономикалық өсу қарқыны ұлттық экономиканың динамикасын, оның салалық және аумақтық құрылымдарын сараптау үшін пайдаланылады. Экономикалық өсу экономикалық факторлармен қатар экономикалық емес факторлар әрекетінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық емес факторларға әскери-саяси, географиялық-климаттық, ұлттық-демографиялық, мәдени және т.б. факторлар жатады.

Қандай болмасын экономикалық емес фактордың әсері әртүрлі болып келеді және уақыт бойынша өзгерістерге ұшырайды. Айталық, климатқа, географияға байланысты экономикалық емес факторлардың әсері XX-ғасырда едәуір кеміген болса, әскери-саяси және ұлттық факторлардың әсері арта түсті. Мұндағы анығы экономикалық емес факторлардың әсері тек қана теріс мәнге ие болып қоймайды, олар өндіріс тиімділігін жоғарылататын оңды әсерлер де болуы мүмкін. Дегенмен экономикалық өсу факторларын таза экономикалық және экономикалық емес факторларға бөліп қарастыру шартты нәрсе және оның өзін сандық жағынан ажырату оңай емес. Кез келген экономикалық өсу факторы ішінде экономикалық емес фактор жүреді және керісінше де бола береді.

Өткен ғасырдың 80-жылдары шетелдік және кеңестік экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің көп факторлы моделдері молынан пайда бола бастады.

Көпфакторлы моделдер авторларының басым көпшілігі экономикалық өсуге сапалық факторлар әсерінің сандық өлшемін беруге ұмтылады.

Экономикалық өсуді анықтайтын шығынды сипаттағы барлық факторлардың аражігін тәптіштей ашып, нәтижесінде олар экономикалық өсу тиімділігі деп бағаланатын «қалдық» санын шығарады.

Дегенмен, экономикалық өсуді еңбек және капитал арқылы немесе материалдық өндірісте қамтылғандардың еңбек өнімділігі арқылы дәстүрлі сараптаудың өзі осы екі фактордың әрқайсысының ұлттық табыс өсімділігі «салмағын» сандық тұрғыдан анықтау кезінде қиыншылықтар кездеседі. Мұның өзі өндірілген ұлттық табыс, жұмысшы күші және өндіріс құрал-жабдықтары өзара әрекетінің аса күрделі екендігінің белгісі болса керек. Сондықтан әрбір факторды жекелей отырып, оның маңыздылығын сандық тұрғыдан анықтау шартты сипатта жүретіндігі де құпия емес.

Қоғамдық өндірістің дамуы және әлеуметтік прогресс

 

Алайда, XX-ғасырдың соңына қарай жағдай тағы да сапалық өзгерістерге ұшырай бастады. Ғылыми-техникалық прогрестің өзі де, сондай-ақ дамудың постиндустриалдық кезеңіне аяқ басқан елдердің экономикалық өсуі де адам капиталы деп аталатын өзара байланысты факторлар кешенімен анықталатын болды. Бұл, әрине Ғ.Т.П.-ның орасан зор рөлін кемітпейді, бірақ экономикалық өсуді таза «технократтық» түсінік ретінде де қалдырмайды. Шаруашылық жүргізу мәдениетін қабылдаған Батыстың да, Шығыстың да дамыған елдерінде экономикалық өсу динамикасының қарқындылығы мен тұрақтылығы мейлінше анық байқалады.

Тек қана адамға тән функция – басқару функциясының қазіргі экономикалық өсудегі маңызы күшейе түсуде. Білімпаздық негізінде басқару ғылыми-танымдық прогресс жетістіктерін адами қабілеттермен ұштастыра отырып тиімділікті арттыруға мол мүмкіндіктер береді. Ғ.Т.П. және тиімді басқару қазіргі экономикалық прогрестің шешуші факторлары екендігін түсініп, қолдана білген Жапон елі тарихи қысқа мерзім ішінде экономикалық даму деңгейі бойынша әлемдік лидерлер қатарынан орын алды.

Белсенді әлеуметтік саясат жүргізу экономикалық мәселелерді ойдағыдай шешудің маңызды алғышарты болып табылады.

Экономикалық өсудің сыртқы және ішкі факторларына келетін болсақ, онда көмірсутек шикізаттарына (мұнай, газ және т.б.) әлемдік бағалардың өсуі мемлекеттік бюджет табыстарын арттырып, экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл сыртқы, конъюнктуралық фактор болып табылады.

Экономикалық өсу негізінен ішкі факторлармен анықталуы тиіс. Олар: еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс шығындарын кеміту, жалпы айтқанда экономиканың нақты секторының пайдалылығын жоғарылату. Бұл бағытта ҚР үкіметі бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыру мақсатында кластерлік жүйелер жасап, технопарктер құрып едәуір жетістіктерге қол жеткізіп отырғанын айта кету керек.

Әлемдегі ешқандай ел экономикалық дағдарыстан шығу, экономикалық мешеуліктен арылу, халықтың табысы мен тұтынуын арттыру, ұлттық валютаны тұрақтандыру үшін тиімді экономикалық өсу саясатын жүргізуден басқа жол тапқан жоқ.

Жаңа индустриалды елдер мен Қытайдың экономикалық өсу қарқыны және соның нәтижесінде экономикалық дамудағы үздік жетістіктері соңғы жылдары батыстық және отандық экономикалық ғылымның зерттеу объектісіне айналды.

Бүгінгі таңдағы ғылыми салыстырмалы сараптама экономикалық өсу қарқынын капиталистік немесе социалистік саяси таңдаумен байланыстырғанды қаламайды. Барлығы да талдап, таңдалған экономикалық стратегияға және оны кезең-кезеңімен жүзеге асыру қабілеттілігіне барып тіреледі. Ал реформа жүргізудің өзі тек қана мемлекеттік функция болып табылады. Әлемдік, соның ішінде қазақстандық тәжірибе көрсеткеніндей ұлттық мүдделерді айқын сезінетін қажетті реформалардың авторы сонымен бірге жүргізілетін реформалардың лидеріде болуы тиіс.

Экономикалық жетістіктердің негізін кезінде дұрыс таңдалған стратегия құрауы қажет. Барлық елдерге бірдей жарамды стратегия болуы мүмкін емес. Реформаторлардың алғырлығы елдің ағымдағы ішкі, сонымен қатар сыртқы жағдайын тап басып, дәл есептей білуінен көрінеді.

Өтпелі кезеңде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу қажеттілігінің маңызы арта түседі. Бұл кезде рыноктық экономика негіздерінің қалыптасуы аяқталып, мемлекеттің экономикаға тікелей әсері бәсеңдей түседі де, инициатива рыноктық заңдар мен жеке тауар өндірушілердің қолына өтеді. Экономиканы қайта құрудың бастапқы кезеңдерін алып қарастыратын болсақ, онда тек қана рыноктық қатынастардың жетегінде кететін мемлекеттің реттеуші қуатының кемшін кезеңіндегі реформалар діттеген мақсаттарына жете алмады.

Реформалардың ойластырылған, жан-жақты негізделген мемлекеттік стратегиясы болмауы себебінен көптеген қиыншылықтарды бастан өткеруге тура келді.

Едәуір экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуеті бар Қазақстанда экономикалық жаңғырудың айқын мемлекеттік стратегиясы түзілмегендіктен 90-шы жылдары ұлттық экономика құрылымдық дағдарысты басынан кешіруге мәжбүр болды.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 155 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мемлекеттің экономикадағы ролі туралы теориялар | Рыноктық жүйенің сипаты-аралас экономика | Мемлекеттік реттеу формалары | Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері | Экономикалық өсудің интенсивті типін мемлекеттік реттеу. | Мемлекеттің экономикалық саясатының мәні | Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары. | Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің өндірістік саясаты | Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав