Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономикалық өсудің интенсивті типін мемлекеттік реттеу.

Читайте также:
  1. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  2. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  3. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  4. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
  5. Агробизнесті мемлекеттік реттеу
  6. Агроиндустриалды реттеу.
  7. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  8. Азақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
  9. Азақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
  10. Азақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамыту

Әлемдік және Қазақстанның өзіндік тәжірибесін алып қарастыратын болсақ, онда іс-әрекеттің алғашқы адымдары бағдарламалық шаралар тізбесі толық бағындырылған стратегиялық мақсатты анықтаудан басталады. Қатал дағдарыстардан шығуға арналған жемісті бағдарламалардың түгелі дерлік экономикалық дамудың мақсаты және оған жету жолдарын анықтаудан басталып соның негізінде орта мерзімді және қысқа мерзімді бағдарламалар жасау арқылы жалғасын табады. Экономикалық өсудің интенсивті типінің мәні бойынша қосымша тұтыну құнын еңбекке тартылған жұмысшы күшінің еңбек өнімділігін арттыру, ұдайы өндіріс үдерісінің барлық элементтерін сапалық жағынан жаңарту арқылы жасауға болады.

Егер, экономикалық өсуді, жұмыспен қамтуды сандық жағынан өсіру арқылы қамтамасыз етуге мүмкіндік болса оларды интенсивтік сипаттағы факторлармен біріктіру негізінде қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдай жасап, өндіріс дамуы қарқынын жеделдете түсіп, экономикалық тиімділігін арттыруға қол жеткізуге болады.

Экономикалық өсудің интенсивті типін қалыптастыру қосымша шығындармен байланысты емес деген көзқарас та шаруашылық жүргізу практикасына қарама-қайшы көзқарас болып табылады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай «өндірісті ұлғайтудың (кеңейтудің) басым интенсивті типі» және «өндірісті интенсификациялау» категорияларындағы өзгешеліктерді түсіндірудің өзі едәуір қиыншылықтар туғызады. Егер өндірісті ұлғайтудың басым интенсивті типі еңбек өнімділігін және оның техникалық жарақтануын арттырумен байланысты экономикалық өсудің әдісі болса, онда өндірісті интенсивтендіру дегеніміз өндіріс элементтерінің әрекетін және оларды пайдалану қарқынын күшейту болып табылады.

Экономикалық мәні бойынша интенсивтендірудің процесс ретіндегі ерекшелігі, оның шығынсыз атқарылуында болса керек. Интенсивтендіру құрал-жабдықтарды қалыпты қуатына жеткізу мақсатында еңбек қарқынын жоғарылатумен байланысты мүмкін болады.

К.Маркс интенсивтендіру және ұдайы өндірісті ұлғайтудың интенсивті типі деген ұғымдарды ажыратқан болатын. Өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануды интенсивтендіру туралы ол былайша жазған еді: «Сол қалпындағы еңбек құрал-жабдықтарының, яғни сол қалпындағы негізгі капиталдың тиімділігін жыл сайынғы пайдалану уақытын ұлғайту арқылы да, сондай-ақ оны қолдануды интенсивтендіру арқылы да арттыруға болады». Маркс жұмысшы күшінің тұрақты саны жағдайында «авансталған капиталды көбейтпей-ақ» олардың еңбек қарқындылығын арттыруға болатындығын да қарастырған еді.

Дамыған елдердің соңғы он бес жыл ішіндегі ресурстарды үнемдеу жолындағы үлкен табыстары пайданы бөлу қатынастарын жетілдіру, ресурстарды үнемдеу процесіне тікелей қатысушылардың экономикалық мүддесіне қозғау салатын механизмдермен тығыз байланысты болуы.

 

Интенсивтендіру экономикалық өсудің интенсивті типімен өзара байланысты. Себебі, экономикалық өсудің интенсивті типі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының салыстырмалы жоғары деңгейін көрсетеді және ол затқа айналған еңбектің қорлану көлемімен және жоғары білікті жұмысшы күшімен сипатталады.

 

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 160 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мемлекеттің экономикадағы ролі туралы теориялар | Рыноктық жүйенің сипаты-аралас экономика | Мемлекеттік реттеу формалары | Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері | Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу | Экономикалық өсудің негізгі факторлары және құралдары | Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары. | Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің өндірістік саясаты | Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав