Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік реттеу формалары

Читайте также:
  1. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  2. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  3. АҒЫНДЫ ӨТЕМДІК ЖӘНЕ КАСКАДТЫ (САТЫЛЫ) РЕТТЕУ
  4. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 1 страница
  5. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 2 страница
  6. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 3 страница
  7. АҒЫНДЫ МАУСЫМДЫҚ (ЖЫЛДЫҚ) РЕТТЕУ 4 страница
  8. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  9. Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері
  10. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының объективті экономикалық заңдары негізінде жүзеге асады. Рыноктық қатынастар жағдайында бұл, ең алдымен сұраныс және ұсыныс заңы, құн заңы т.б. Мемлекеттік реттеудің мақсаты рыноктық жүйе қызметінің құқықтық базасын қамтамасыз ету, өнімді өндірушілер, жеткізушілер және тұтынушылар арасында заңды және тиімді өзара қатынастарды орнықтыру болып табылады. Мемлекеттік реттеу өркениетті бизнес әрекетін қалыптастырудың негізгі құралы және халықтың әлеуметтік теңсіздігін салыстырмалы түзейтін жағдайларды орнықтыратын күш болып табылады.

Аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері мен мазмұнын рыноктық экономиканың мәні анықтайды. Қазіргі рыноктың негізгі міндеті өндірістік және өндірістік емес тауарларға, қызмет көрсетулерге сұранысты қанағаттандырып тауар тапшылығын жоюға бағытталған әрекеттерді қалыптастыру.

Рынокты декретпен енгізуге де тоқтатуға да болмайды. Оның қалыптасуы белгілі бір өтпелі кезеңді талап ететін тарихи үдеріс. Бүгінде экономиканы мемлекеттік реттеу барлық елдерде, соның ішінде дамыған елдерде де жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттің белсенді реттеуші рөлінсіз тиімді рыноктық экономика жасау мүмкін емес.

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін рыноктық стихияның шексіз еркіндігіне беріп қою өте терең дағдарыстарға итермелейді. Әсіресе, мұндай жағдайларда рыноктық инфрақұрылым объектілері өлшеусіз жапа шегеді.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесін жасау үшін бірқатар шараларды жүзеге асыру қажет. Олардың негізгілері мыналар:

• қаржы жүйесін сауықтыру, индикативтік әдістерге көшу, қаржылық тетіктерді пайдалану;

• бірден жойылуы мүмкін болмайтын шығынды және тиімділігі төмен кәсіпорындар үшін бейімделу және содан кейінгі даму жағдайларын жасау; Оларды жеңілдіктер мен дотациялар көмегімен қолдап рынок жағдайына лайықтау қажет. Келесі кезеңі – мемлекет меншігінен алу және мемлекетке пайдалы шарттар негізінде жекешелендіру;

• елдің бүкіл шаруашылық кешенін қажетті құрылымдық өзгерістерге ұшырату арқылы жаңа техника мен технологияларды енгізіп, ресурс сақтау шараларын жүзеге асыру. Құрылымдық өзгерістерді әдетті әдістермен, яғни капиталдарды шашырату арқылы қажетті қорлануды жасау – бұл өте ұзақ және ауыр жол. Мақсатты бағдарланған жоспарлау және сараптаумен астасқан тиімді реттеу, сондай-ақ құрылымдық өзгерістерді мемлекеттік тікелей және жанама әдістермен ынталандыру бұл процесті едәуір жеңілдетеді.

• белсенді әлеуметтік саясат жүргізу арқылы рынокқа өтудің халық үшін теріс салдарын жеңілдету, әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту үшін кешенді шаралар жүйесін жүзеге асыру.

• айқын антимонополиялық саясат жүргізу, монополиялар қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту, ірі монополиялар меншігін акцияландыру кезінде ондағы мемлекеттің үлесін арттыру.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 81 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мемлекеттің экономикадағы ролі туралы теориялар | Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу | Экономикалық өсудің негізгі факторлары және құралдары | Экономикалық өсу теориялары және моделдері. | Экономикалық өсудің интенсивті типін мемлекеттік реттеу. | Мемлекеттің экономикалық саясатының мәні | Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары. | Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің өндірістік саясаты | Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.012 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав