Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рыноктық жүйенің сипаты-аралас экономика

Читайте также:
  1. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  2. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  3. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  4. Азақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
  5. Азақстан Республикасының өңірлік экономикасының ерекшеліктері
  6. Азақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамыту
  7. Алыптасқан экономика құрылымын реформалау.
  8. Греческая экономика классического периода (V-IV вв. до н. э.)
  9. Ел экономикасын бюджеттік реттеу
  10. Жұмыссыздықтың экономикалық мәні

2.Рыноктық жүйесінің сипаты - аралас экономика

Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі туралы рыноктың «көрінбейтін қолы» теориясының авторы А. Смиттің өзі де айтқан болатын. Ол өзінің атақты «Адамдар байлығының табиғаты және себептері туралы» еңбегінде ол былай деп жазды: «мемлекеттің мейлінше маңызды үш міндеті бар: әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әділ сот жүргізу және пайдалылығы үлкен қоғам үшін едәуір болғанымен жеке тұлғаның немесе шағын топ, шығындарының орнын ешқашан толтыра алмайтын, сондықтан жеке тұлғалар немесе шағын топтар үшін оларды құрап, ұстаудың пайдасы жоқ белгілі бір қоғамдық мекемелерді құрып және ұстау міндеттері».Бүгінгі таңда әлемдегі дамыған елдердің қайсы біреуінен де таза рыноктық қатынастарды іздеп, таба алмайсыз. Іс жүзінде ұлттық және әлемдік шаруашылықта аралас экономика қалыптасқан. Сондықтан, бүгінгі, егер әңгіме рыноктық жүйе туралы өрбитін болса, мәселе аралас экономика жайында болып отыр деп айтуға толық қақымыз бар. Мұның өзі таза күйінде рыноктық критерийлер мен механизмдер әрекет етпейді және әрекет етуі мүмкін емес деген сөз, себебі кез келген ұлттық шаруашылық меншіктің көптүрлі формалары мен кәсіпкерліктің көпқырлы қызметтерінен құралады және рыноктық, корпоративтік, мемлекеттік, халықаралық тәрізді экономикалық реттеу түрлерінің аралас әрекетінен түзіледі. Мұндай жағдайда мемлекет осы жүйенің ажырамас бір бөлігі, сонымен бірге бүкіл жүйенің өміршеңдігі мен қызмет атқаруының кепілі ретінде көрінеді.Аралас экономика дегеніміз негізін рыноктық қатынастар және жеке кәсіпкерлік, сондай ақ басқа да көптеген институттар (қаржы өнеркәсіп топтары, трансұлттық компаниялар т.б.) құрайтын экономикалық жүйе. Бұл жүйеде шаруашылықтың ең маңызды үдерістері мен өрістерін (сфералары) мемлекет реттейді (қорғаныс өнеркәсібі, энергетика т.б.).Теория және практикада экономиканы мемлекеттік реттеудің бірқатар анықтамалары бар. Олар:Экономиканы мемлекетік реттеу рыноктық қатынастарды тиімді қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатындағы әлеуметтік экономикалық процестерге қажетті әдістер мен құралдарды қолдану негізінде мемлекеттің ел экономикасы болмысына қатысуы болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз мемлекеттің экономикалық өсуді ынталандыру, инфляциялық процестерді әлсірету, халықты әлеуметтік қорғау мақсатындағы салықтар, кредиттер және басқа да тетіктер арқылы ұлттық шаруашылыққа макроэкономикалық әсер етуі.Экономиканы мемлекеттік реттеу – бұл өкілетті мемлекеттік органдардың экономиканы тұрақтандыру және дамыту, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдайларға бейімдеу мақсатында қолданатын заңнамалық, атқару және бақылау сипатындағы шаралар жүйесі.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мазмұны келесідей:

• рынок субъектілеріне зиян келтірмеуге бағытталған, сондықтан олардың құқықтары мен міндеттерін, өзара жауапкершілігін анықтау үшін қабылданған заңдардың жиынтығы;

• рынок субъектілерінің шаруашылық әрекетін қадағалауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-экономикалық құрылымдарды қалыптастыру;

• мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты негізінде жасалған механизмдерді анықтап, нәтижелі қолдану.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні әкімшілік ресурстарды шамадан тыс қолдану және таңдап алынған кәсіпорындар мен рынокқа қатысушыларды қолдауда емес, жеке бастамашылық пен меншіктің барлық формаларын қорғауда болса керек. Биліктің міндеті – рынок субъектілері қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік институттардың жұмысын жолға қою болып табылады.Бүгінде Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүргізу қызметтері мемлекеттік, өңірлік және жергілікті биліктер арқылы жүзеге асуда. Сондықтан біртұтас экономикалық және құқықтық кеңістік қамтамасыз етілмеген жағдайда ұлттық бағдарламалар өміршеңдігінің болашағы беймәлім күйінде қала береді. Билік құрылымдарының реттеуші рөлінің күшеюі уақыт белгісі болып табылады. Қазіргі қолда бар маңызды стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшін елдегі әлеуметтік-экономикалық процестердің басқарылу деңгейін жоғарылата түсу оларды ойдағыдай атқарудың кепілі.

 

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 86 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері | Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу | Экономикалық өсудің негізгі факторлары және құралдары | Экономикалық өсу теориялары және моделдері. | Экономикалық өсудің интенсивті типін мемлекеттік реттеу. | Мемлекеттің экономикалық саясатының мәні | Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары. | Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің өндірістік саясаты | Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау. |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав