Читайте также:
|
|
2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиялық негіздері
2.2 Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері
2.3 Ұйымдық-институционалдық әдістер
2.4 Статистикалық әдістер
2.5 Арнаулы әдістер
2.6 Экономикалық нормативтер
Тақырыпты зерделеген студент:
- ЭМР-дің методологиялық негіздерін;
- экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістерін;
- ұйымдық-институционалдық әдістерді;
- статистикалық әдістерді;
- арнаулы әдістерді;
- экономикалық нормативтерді білуі тиіс.
Әдебиеттер: 3, 8, 9-13.
2.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің
Методологиялық негіздері
Экономиканың тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияның құрамды бөлігі – сол арқылы ол нарықты толықтыра алатын методологияларды, әдістерді, тәсілдерді айқындаудан өзінің көрінісін таба алуы тиіс,мемлекеттің тиісті рөлін тану болып саналады.
Методологияға – дүниетанымдық көзқарас, пәнді зерттеу, жалпы білімдер жүйесіндегі аталған ғылымның құрылымы мен орны кіреді.
Экономикалық теорияның әртүрлі даму кезеңдерінде әртүрлі зерттеу әдістері қолданылды. Бұл формалды-логикалық, диалектикалық және т.б. әдістер.
Формалды-логикалық әдістің: талдау, синтез, индукция, дедукция, ұқсастық, проблемалар, ғылыми болжам (гипотеза), дәлелдеу сияқты әртүрлі таным тәсілдері бар.
Абстрактылықтан нақтыға және аллегориялық және логикалық бірлікке өту диалектикалық әдістің негізгі тәсілдері болып саналады.
Жүйелік әдіс ХХ ғасырда пайда болды.
Зерттеудің жүйелік әдісінің таралуы экономикалық-математикалық модельдеудің буырқана дамуымен қоса жүрді.
Қайшылықтарды жоюға негізделген, мемлекет пен нарық арасындағы қатынастарды, сондай-ақ өзара іс-қимыл жасау нарық пен мемлекет арасындағы функцияларды шектеу тетіктерін қалыптастырудың реттеу методологиялары үшін үлкен маңызы бар. Методология осы тетікті ұйымдық-әдістемелік құжаттарда: методологиялық нұсқауларда, ережелерде, ұсынымдарда, көрсеткіштерде және оларды негіздеу тәсілдерінде бекітеді.
Нақты тәсілдер мен амалдардың жиынтығын: нарықтың өзін-өзі ұйымдастырумен үйлестіктегі ЭМР тетіктерін әзірлеу үшін қажет экономикалық, техникалық-экономикалық және экономикалық-математикалық есептерді білдіретін әдістеме, реттеу методологиясының құрамды бөлігі болып саналады.
Оларды елеумеушілік, тіпті ең жақсы деген тұжырымдамалық бағдарлардың өзін сәтсіздікке ұшыратуға әкелетін, негіздеудің екі басты принциптерін есепке алу, экономиканы мемлекеттік реттеу жағдайындағы шешуші методологиялық ой-пікір болып саналды Бұл – ұсынылатын іс-шаралардың дәйектілік және жүйелілік принциптері.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 171 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |