Читайте также:
|
|
Өндіріс құралдарына жеке меншік басымдық ететін мемлекет, әрине, орталықтандырылған макроэкономикалық жоспарлаусыз-ақ өмір сүріп, серпінді дами алады, бірақ та соған қарамастан, монетаризммен тең дәрежеде жоспарлауды сақтау және оны одан әрі дамыту үрдісі көрініс беретін болады. Енді, нарықтық экономика жағдайында жоспарлаудың қажеттілігін және оның мүмкін екендігін туғызатын себептерді қарастырып көреміз.
Жоспарлауға деген қажеттілікті туғызатын факторларға мыналар жатады:
1. Еркін нарық тетігі. Кейнс теориясына сәйкес, ЭМР көмегімен өндірістің, жалпы табыстың, жұмыспен қамтудың, инвестициялардың және т.б. циклдік ауытқуларын жою қажет;
2. Кірістер деңгейінің өсуіне қарай жиынтық тұтынудағы қоғамдық тұтыну (ұйымдық қажеттіліктер) үлесінің ұлғаюы;
3. Қоршаған ортаның ластану жағымсыз зардаптарын жоюда ИРС-қа деген үлкен қажеттілік;
4. Стратегиялық қызмет ауқымдарының күрделенуіне қарай нарық агенттері арасында технологиялық байланыстардың күрделенуі;
5. Көптеген ондаған жылдар бойы елдер арасындағы экономикалық жарыстың өмір сүруі. Сондықтан да, мысалы, Жапония, Қытай сияқты бірсыпыра елдер, өздерінің экономикасын жоспарлаудан экономикалық өсуге қол жеткізген артықшылықтарды көреді;
6. Адамдардың әртүрлі топтары мен топтардың келісімі (консолидациясы). Жалдамалы еңбек жасайтын тұлғалардың осы заманғы бірлестіктері, мемлекеттің араласуынсыз оны шешу мүмкін емес әлеуметтік проблемаларға осындай талаптар ұсынады;
7. Саяси және табиғи катаклизмалар.
Жоспарлауды жүзеге асыру мүмкіндігін алдын-ала айқындайтын факторларды қарастырып көреміз:
- жоспарлау кезінде, үкіметтің өзі иелік ете алатын ресурстарының үлесі ұлғаяды;
- адамдар мен кәсіпорындардың ұйымдасу деңгейінің жоғарылығы экономиканың дамуына оң ықпал етуге және әртүрлі агенттер іс-қимылдарының келісімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
- дағдарыстық жағдайлар уақытында құрылған жоспарлаушы органдар, келеңсіз жағдайларды жойғаннан кейін де өмір сүруін жалғастырды;
- статистиканың осы заманғы дамуы бақылау жасаудың жаңа шеңберін құру жолы бойынша жүреді, ақпараттар сапасына жоғары талаптар қояды;
- басқаруды компьютерлендіру экономиканы дамытудың әртүрлі нұсқаларын әзірлеуге және осыған дейін мүмкін болмаған жоспарлар мен болжамдар жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Индикативтік жоспарлауды енгізу үшін арнаулы жоспарлау органдары, мысалы, Франциядағы жоспарлау жөніндегі бас комиссариат немесе Нидерландтағы орталық жоспарлау бюросы құрылған болатын.
Батыс оқымыстыларының пікірі бойынша, орталықтан басқару тәуелділігінен ажыратылған, өзінің артықшылық беру жүйелері бар, бөлініп шыққан басқару органдарының жоспарлау схемасы, нарықтық экономика үшін неғұрлым шынайы болып саналады.
Мемлекеттік жоспарлау Францияда неғұрлым көбірек таралған. Дирижизм-экономикалық шешімдер қабылдауда ортақ мүдденің кепілі ретінде мемлекетке жетекші рөл беретін, экономикалық саясат. Мемлекеттік жоспарлау көмегімен, ең алдымен, мемлекеттік қаржыларды бөле отырып, үкімет өзінің билігін нығайтып, экономикаға: мемлекеттік тапсырыстарға, несиелеуге, бағаларды бақылауға, инфляцияға, салықтарды реттеуге және т.б. ықпал етудің көптеген нақты тұтқаларына ие болды. Бұл ретте, негізінен, экономиканың мемлекеттік және жеке секторына ықпал етудің жанама әдістері пайдаланылады, мұнда қысқа және орта мерзімді мақсаттарға жетуге баса назар аударылады.
Жапониядағы жалпы мемлекеттік экономикалық жоспарлау индикативтік сипатқа ие. Әзірленетін жоспарлар, экономиканың жекелеген секторларын жалпы ұлттық бағдарламаларды орындауға, шаруашылық жүргізу құрылымдарын жетілдіруге бағдарлайтын, мемлекеттік бағдарламаларды білдіреді. Ауыр және химия өнеркәсібі салаларын шапшаң дамыту туралы үкіметтің шешімі, Жапонияға экономиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берген негізгі кезеңдердің бірі болды. Индустриалды құрылымдағы осындай алдыға жылжулар «жапонның экономикалық кереметі» тетігінің басты элементі болды. Жапония үкіметінде мемлекеттік ведомствалар мен басқармалардың саны өте аз, экономиканы жоспарлау – бір министрлікте – сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігінде шоғырландырылған. Жоспарларды әзірлеу процесіне, елдің экономикасына қатынасы бар» бүкіл үкіметтік ведомствалар тартылады.
Соңғы жылдары жоспарлау кезінде Жапонияда кешенділікке, сондай-ақ экспорт проблемаларына үлкен көңіл бөлінеді. Әзірленген жоспар, экономикалық кеңесте жасалатын баяндама түрінде премьер-министрге табыс етіледі. Толықтырылып, нақтыланғаннан кейін, түпкілікті нұсқаны, жалпымемлекеттік экономикалық жоспар ретінде министрлер кабинеті бекітеді. Тарих көрсетіп отырғандай, экономикалық саясатты қалыптастыру кезінде басым көпшілік ірі компаниялар, банктер ұлттық жоспардың айқындамаларына бағдарланады.
Испанияда, мемлекеттің экономикаға араласуын жалпы үйлестіру мен тиімділігін арттыру тәсілі жоспарлау болып түсіндіріледі. Кәсіпкерлік еркіндігін ескере отырып, мемлекет, бұл экономиканың жеке секторына қатысты болған кезде, өзгешелікті жоспарлауды ерекше тануды талап етеді. Мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік секторды үйлестіру кезінде мемлекеттің экономикалық бастамасы анағұрлым жеңіл жүзеге асырылады. Мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың жұмыс істеу жағдайында бәсекелестік ережелерінің сақталуы үшін, конституция, әсіресе, ұлттық монополияларға ресурстар беру немесе негізгі қызметтер көрсету мүмкіндігін көздейді.
Соңғы жылдары жаһандану процесін ескере отырып, экономикалық саясатты әртүрлі одақтар, қаржылық қорлар шеңберінде үйлестіруге барған сайын көбірек көңіл бөлінуде. Экономикалық ықпалдасу жекелеген мемлекеттер экономикасының өсуі макроэкономикалық көрсеткіштерін жоспарлаудан бас тартуды туғызады және қаржылық, әлеуметтік көрсеткіштерге баса назар аударылады. Сырттай қарағанда тікелей индикативтік жоспарлаудың рөлі азайғанымен, мемлекеттік экономикаға араласуынан бас тарту туралы қорытынды жасау көзделмейді. Жекелеген секторларды немесе экономика бағыттарын бағдарламалау, мысалы, инновациялық процестерді дамыту, ауылшаруашылық аудандарындағы халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру, конверсия және т.б. жиі түрде жалпы ұлттық жоспарлаудың орнын басады. Индикативті жоспарлау барған сайын көбірек болжам жасауға көшіп, мақсатты бағдарламалармен алмастырылады және бұл, индикативтік жоспарлауды перспективалық модеризациялау болып көрінеді.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 217 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |