Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тигізетін әсері

Читайте также:
  1. Егісті суарудың дақыл өнімі мен оның өсіп-өну жағдайларына әсері
  2. Мелиорацияның қоршаған ортаға әсері

Жаһандандыру процесі, яғни ұлттық шаруашылықтар мен ұлттық экономикалар нарықтары арасындағы кедергілерді жою, дүниежүзілік экономиканың дамуындағы жаңа құбылыстардың бірі болып саналады. Халықаралық экономикалық тәртіп электронды желілермен жоғары ықпалдасқан, біріккен жүйеге айналады. Белсенді мемлекетаралық сауда қатынастарынан өзге, сондай-ақ қаржы нарықтарының өзара іс-қимыл жасауы жүреді.

Жаһандандыру мемлекеттерді біріктіреді, ал жергілікті бірігу (локализация) ел ішіндегі күштердің балансын өзгертеді. Жеке компаниялар өзінің тиімділігін арттыру және өнімдер өткізу нарықтарын кеңейту үшін ықпалдасады және бірігеді.

Жаһандану мәселелерімен бірмезгілде батыстың экономикалық теориясында жергілікті бірігу (локализация) проблемасына маңызды түрде назар аударылған. Жаһандану, үкімет ұлттық институттардан жоғары тұрған институттар арқылы келісімдер жасауға ұмтылатындығын болжайды. Жергілікті бірігу (локализация), ұлттық үкіметтер,субұлттық институттар арқылы кірістерді ұлғайтуда жауапкершіліктерді бөлісу сияқты мәселелер бойынша өңірлермен және қалалармен келісуі тиіс екенін білдіреді. Жаһандану да, сол сияқты жергілікті бірігу (локализация) де, бірде-бір ұлттық үкімет жиі түрде бөлек қабылдай алмайтын шешімдерді талап етеді.

Жаһанданудың оң, сол сияқты теріс жақтары бар. Оның басты оң мүмкіндіктерінің бірі – бұл нарықтарға өту мүмкіндігін кеңейту, жаңа технологиялар беру, осы айтылғандар еңбек өнімділігінің өсуіне және өмір деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Оның жағымсыз тұстары – ұлттық шаруашылықтың тұрақты еместігінің күшеюі, трансұлттық корпорациялардың үлкен тәуелділігі, әлеуметтік аядағы маңызды көлемдегі қажетсіз өзгерістер. Шетел капиталының үлкен әсерінің салдарынан экономиканың нақты секторына нұқсан келтіруден өзге, жаһандану ұлттық шаруашылықтың банк секторына қысым жасауға әкелуі мүмкін.

Трансұлттық компания (ТҰК) қазіргі уақытта дүниежүзілік экономиканың макроэкономикалық құрамды бөлігі болып саналады. Қазіргі уақытта дүниежүзінде 60 мыңнан аса негізгі компаниялар мен 500 мыңнан аса шетелдік филиалдар мен тәуелді (аффилирленген) фирмалар бар. ТҰК дүниежүзіндегі өнеркәсіп өндірісінің жартысына дейін, сыртқы сауданың 60%-дан астамын, жаңа техникаға патенттер мен лицензиялардың шамамен 80%-ын, технологияларды және ноу-хауларды бақылайды. Транспационализация, сондай-ақ жаһандану процесінің басты тетігі болып саналады. Осы заманғы экономикалық әлем соның нәтижесінде белгілі бір реттеліске ие болады, бірақ та егер оның қызметінің әртүрлі формалары мен инструментарийлері жасалмайтын болса, онда ол стихиялы сипатқа ие болуы мүмкін. Өйткені кез келген ТҰК қызметінің мақсаты халықаралық кірістер алу болып саналады, онда оларды алдағы уақытқа жоспарлау және есеп құру аса күрделі болады. Ұлттық үкіметтер мен ТҰК арасындағы түсінушілікті күшейту үшін бірыңғай экономикалық стандарттарға көшу қажет. Халықаралық қаржы нарықтарының халықаралық пайдалары мен ресурстарын бөлудің бірыңғай тетігін қалыптастыру талап етіледі.

Жаһандану мәселелерін қарастыра отырып, дүниежүзілік қауымдастықтың болашақтағы жағдайы «20:80» және «алтын миллиард» сипаттамалары сияқты оның тұстарын атап өту қажет. Техниканың осы заманғы дамуы жұмыс жасайтындардың 20%-ының, бүкіл дүниежүзінің халқын азық-түлікпен және тұтыну тауарларымен қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Бұдан шығатын қорытынды, жаһанданудың осылай таралуы жағдайында, адамдардың 80%-ы жұмыссыз қалатын болады. Басқалай айтсақ, осы 20% «алтын миллиард» деп аталады, яғни 6 млрд. халықтың 1 млрд. халқы ғана жұмыспен қамтамасыз етілетін болады.

Жаһандану кезінде ұлттық мемлекеттер мен олардың үкіметтері халықаралық қаржы орталықтары тарапынан үлкен қысымға үшырайтын болады. ХВҚ мен Бүкіл дүниежүзілік банкі, олардың пікірі бойынша, өз өнімділігінің тиімділігін арттыру үшін дамушы елдер: байлық пен капиталға салықтарды төмендетуден; барлық қаржылық қызмет көрсетулерді реттеуді шектеуден; мемлекеттік қызметшілерге және әлеуметтік аяға жұмсалатын шығындарды қысқартудан ұстануы тиіс. Осылайша, жаһандану қоғамның жекелеген жіктерінің (топтарының) арасындағы теңсіздікті күшейтеді, ұлттық мәдениеттердегі және қалыптасқан қоғамдық құндылықтардағы айырмашылықтар мүлде ескерілмейді.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 62 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

МАЗМҰНЫ | Нарықтың жетілмегендігі және экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі | Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары | Экономиканы мемлекеттік реттеу | Түйін | ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ | Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері | Түйін | Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері | Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав