Читайте также:
|
|
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің көпжылғы шетелдік тәжірибесі көрсеткендей, өзін-өзі реттеу тетігі еңбек нарығы мен адам дамуының проблемаларын шешуге қабілетті емес. Адам ресурстарын дамыту стратегиясын әзірлеу үшін мемлекеттің араласуы қажет.
Нарықтық экономикалы елдер үшін ортақ еңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу тетігіне әдістердің үш тобы кіреді:
- экономикалық әдістер: жұмыс орындарын ашу және сақтау, кадрларды кәсіби оқытуды жүзеге асыруда кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатымен жеңілдікпен несие беру, салық салу, бюджет саясаты;
- ұйымдастыру әдістері: жұмыспен қамту және еңбекке орналастыру, ақпараттық жүйелер қызметтерін, мемлекеттік кәсіптік бағдар беру жүйелерін, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйелерін құру;
- әкімшілік-заңнамалық әдістер: еңбек шартын жасау тәртібін, жұмыс уақытының ұзақтығын, белгіленген артық жұмыс уақытын, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, еңбекке орналасуға квоталар айқындау, еңбек ету кезеңін реттеу, жалақының ең төменгі сағатпен төлеу мөлшерлемесін (ставкасын) айқындау және т.б. бойынша ұлттық қорға кәсіпкерлердің міндетті жарналарын (аударымдарын) енгізуді реттеу.
Заңнамалық шаралар, әсіресе өтпелі кезеңдегі халықтың әлеуметтік жікке бөлінуін шектеуді қарастыруы тиіс. Бұл ретте, мемлекеттің жанама және тікелей ықпал ету реттеушілігінің оңтайлы үйлесімін қамтамасыз ету маңызды болып саналады.
Жанама ықпал ету шаралары шаруашылық жүргізу жағдайын өзгертуге бағытталған, макроэкономикалық тұтқаларды пайдалануды болжайды, халықтың қалың топтарын қамтиды, негізінен, еңбек сұранысын реттеу жағдайына ықпал етеді.
Тікелей ықпал ету шаралары, еңбек нарығының жекелеген өзіндік сипаты бар нүктелеріне бағытталған мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады, яғни селективті бағытқа ие, негізінен, еңбек ұсынысы динамикасына ықпал етеді.
Мемлекеттік саясат шаралары сондай-ақ келесі түрде саралануы (дифференциалануы) мүмкін:
- жұмыспен қамтудың енжар (пассивті) саясаты, негізінен, бос жұмыс орнын толтыруға, жұмыспен қамту органдарының шектеулі қаржылық мүмкіндіктері шегінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеуге жәрдемдесуге саяды;
- белсенді жұмыспен қамту саясаты, жаппай жұмыссыздықты жоюға бағытталған, инвестициялық, қаржылық, несие, салық саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Босайтын жұмыс орындарының тиісті құрылымына, босайтын жұмыс күшін қайта даярлау ауқымдарын жанжақты дамыту, жұмыспен қамту жағдайына ықпал етудің неғұрлым маңызды жолдарының бірі болып саналады. Тиімді жұмыспен қамту стратегиясы жұмыссыздықтың әлеуметтік-қауіпті деңгейін ұстап тұру привентивті шараларына емес, еңбек нарығында белсенді саясат жүргізу бағытында құрылуы тиіс. Осы шаралар ретінде келесілерді атап өтуге болады: жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік деңгейін арттыру, еңбек және кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру, орта және шағын бизнесті дамыту және т.б. Сондай-ақ еңбек мотивациясын ынталандыратын еңбекке тиімді ақы төлеудің атқаратын рөлі зор. Осымен байланысты жұмыспен қамтуды реттеу көп шығын жұмсауды талап етеді.
Бағдарламалық-мақсатты әдіс, нормативтік әдіс, баланстық әдіс, жұмыспен қамту мен еңбек нарығын перспективалық болжамдық негіздеудің нақты әдістері болып саналады.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 142 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |