Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау

Читайте также:
  1. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  2. Азақстан Республикасының технологиялық парктерінің жұмыс жасау тиімділіктерін бағалау
  3. Бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау
  4. Бап. Ұлттық стандарттар
  5. Лттық экономикадығы аграрлық өндірістің ерекшеліктері
  6. Лттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
  7. Мемлекеттік реттеудің әлеуметтік-экономикалық мақсаттары
  8. Неркәсіптің ұлттық экономикадағы рөлі және оны тиімді мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
  9. Паранефральды блокада жасау әдісін кезеңмен жазыңыз.

Ұлттық болжам жасау экономиканың даму бағыттары туралы ғылыми – негізделген түсініктер жүйесін қалыптастыруды білдіреді. Оңтайлы шешім қабылдау үшін оның мазмұны ұлттық экономиканы дамытудың ықтимал нұсқаларының спектірін айқындаумен байланысты болады.

Экономиканы дамыту болжамы – сапалық және сандық формаларда көрсетілген және ұлттық экономиканы дамытудың болашақтағы параметрлері туралы түсінік беретін, алдын-ала болжаудың дәлелдер келтірілген кешені. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды танудың ғылыми әдістері мен экономикалық саясат әдістері мен құралдарының бүкіл жиынтығын пайдалану, осы болжамдарды әзірлеудің негізіне жатады.

Ұлттық болжамдардың мақсаты болып мыналар саналады:

- экономиканың даму үрдістеріне ғылыми талдауды қамтитын ғылыми алғышаттар жасау;

- қалыптасқан үрдістерді, сол сияқты белгіленген мақсаттарды ескеретін, қоғамдық ұдайы өндірістің алдағы даму нұсқаларын топшылау;

- қабылданатын шешімдердің болуы мүмкін салдарларын бағалау;

- басқару шешімдерін қабылдау үшін елдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық даму бағыттарын негіздеу.

Зерттелетін объектілердің сипатына қатысты болжамдардың келесі түрлері бөліп көрсетіледі:

1. Экономикалық болжамдар, өндіргіш күштердің және өндірістік қатынастардың жекелеген элементтерінің даму перспективаларын: ІЖӨ көлемі мен динамикасын, инфляция деңгейін, еңбек өнімділігін, еңбек ресурстарын және негізгі қорларды қалпына келтіруді, инвестициялардың көлемін, құрамы мен тиімділігін, экономикалық өсу қарқынын және т.б. зерттейді.

2. Табиғи ресурстар болжамдары, оларды шаруашылық айналымына қатыстыруды сипаттайды және қоғамдық ұдайыөндіріс ресурстарының бүкіл түрі мен табиғи ортаны: отынды және минералды ресурстарды, Ғарыш және Әлемдік мұхиттар ресурстарын, өсімдік пен жануарлар әлемін қамтиды.

3. Ғылыми-техникалық болжамдар, өндірісті орналастыруға, табиғи факторларға әсерін тигізетін, ҒТП-ны қарастырады. Бұл: а) ғылым мен техниканың дамуы; б) іргелі және қолданбалы зерттеулер; в) ҒТП-ның дамуы және оның жетістіктерін пайдалану; г) ҒТП салдарларын айқындау болжамдары.

4. Демографикалық болжамдар, халықтың қоныстану қозғалысын, еңбек ресурстарын қалпына келтіруді, жұмыспен қамту деңгейін, оның біліктілік және кәсіби құрамын қамтиды.

5. Әлеуметтік даму болжамдары, оған халықтың тамақ өнімдерін және азық-түлік емес тауарларды тұтынуы, бөлшек тауарлар айналымы, өндірістік емес аяларды: жалпы және кәсіптік білім беруді, мәдениет пен өнерді, денсаулық сақтауды, коммуналдық шаруашылықты және тұрмыстық қызмет көрсетуді дамыту кіреді.

Ұлттық болжам жасау, жоғарыда айтылған болжамдардың барлық аспектілерін қамтиды, яғни кешенді сипатқа ие. Осы болжамдардың барлығы, тиісті атқарушы билік органдары беретін ақпараттарға негізделеді. Негізгі орган – бастапқы ақпарат жинайтын, оны жинақтап қорытатын және жариялайтын Ұлттық статистика агенттігі мен оның өңірлік органдары. Басқа министрліктер өздерінің аялары бойынша: елдің Ұлттық банкі – ақша-несие аясы бойынша; Қаржы министрлігі – бюджеттің атқарылуы бойынша; Мемлекеттік салық қызметі – салықтар жинау бойынша; Мемлекеттік кеден комитеті – кедендік статистика бойынша және т.б. мерзімінде ақпараттар беруге жауапты болып саналады.

Уақытша лагқа қатыссыз ұлттық болжамдар әзірлеу келесі әдістемелік принциптерге негізделеді:

- ғылыми негізділік принципі;

- болжамның объективтік заңдылықтармен барабарлығы;

- мақсатты бағыттаушылық;

- баламалылық;

- жүйелілік.

Бүкіл осы принциптер қандай да бір шекте болжамдардың бүкіл түрлерін әзірлеу кезінде көрініс табады.

Болжам жасауда келесі: тарихи және кешенді жалпығылыми тәсілдер пайдаланылады. Тарихи тәсіл әрбір процесті оның тарихи формаларымен өзарабайланыста қарауды болжайды.

Кешенді тәсіл – өзге процестермен және құбылыстармен қатыстылықта қарастырылады. Оның шеңберінде генетикалық (зерттеу, іздеу) және нормативтік (нысаналы) тәсілдер бөліп көрсетіледі. Генетикалық тәсіл жағдайында, осы объектінің даму үрдістерін сақтауды ескере отырып, перспективадағы болжам жасау объектісінің ықтимал жағдайларын айқындау, оның түпкі мақсаты болып саналады. Нормативтік тәсіл жағдайында, объектінің болашақтағы ықтимал жағдайына жету мерзімдері жолды айқындау мақсаттары ретінде қабылданады.

Ретроспективалық мәліметтерді, экзогендік және эндогендік өзгерістерді, сондай-ақ қарастырылып отырған құбылыс шеңберіндегі өзгерістер есебін талдау негізінде оның болашақтағы дамуына қатысты белгілі бір сенімділікпен пайымдаулар енгізуге мүмкіндіктер беретін ойлау тәсілдері мен амалдарының жиынтығы, болжам жасау әдістері болып түсіндіріледі.

Болжам жасаудың интуитивті әдістері мен формалданған әдістерінің аражігі ажыратылады. Болжам жасаудың интуитивті әдістері күрделі, формалданбаған проблемаларды шешу үшін пайдаланылады, ақпараттық қамтамасыз етілушілікке қатыссыз болашақтағы объектінің жағдайына болжамдық баға беруге мүмкіндік береді. Алынған нәтижелерді өңдеу және бағалаудың сандық әдістерімен үйлестікте адамның ойлау интуитивті-логикалық ұтымды рәсімдерін құру оның мәні болып табылады. Бұл ретте сарапшылардың жинақты пікірлері проблемаларды шешу ретінде қабылданады.

Сараптамалық бағалауды ұйымдастыру мен сарапшыларға сұрау жүргізу формаларына қатысты жеке және ұжымдық сараптамалық бағалау әдістері болып ажыратылады. Олардың әрбірінің бірнеше түрі бар.

Мәселен, жеке сараптамалық бағалау әдістерінің арасынан келесілер неғұрлым кең таралған болып саналады:

- «сұхбат жүргізу» әдісі, «сұрақ-жауап» схемасы бойынша сарапшы мен маманның тікелей байланысы (контактысы) жүзеге асырылады;

- Аналитикалық әдіс – қандай бір болжам жасалатын жағдайға логикалық талдау жүзеге асырылады;

- Сценарий жазу әдісі, уақыт аралығындағы, бірақ та әртүрлі жағдайлардағы процесс немесе құбылыс логикасын айқындауға негізделеді.

Ұжымдық сараптамалық бағалау әдістері арасынан мыналар неғұрлым белгілілері болып саналады:

- «Дельфи» әдісі. Оның ерекшеліктері: сарапшылардың көптігі және аты-жөндерінің көрсетілмеуі (анонимділігі) жеке байланыстар (контактылар) мен ұжымдық талқылаулардан бас тарту; оларға сауалнама жүргізу арқылы сарапшылардың сұрау жүргізуінің көпдеңгейлі рәсімі; бағалардың, дәлелдеулердің және сындардың авторлары көрсетілмеуінің (анонимділігінің) сақталуы; ұйымдастырушылардың сұратуы бойынша сарапшылар жауаптарының негіздемелері.

- «ұжым болып идея беру» әдісі. Бұл әдіс бойынша «ми шабуылының» көмегі арқылы алдымен мамандардың шығарымашылық әлеуетінің белсенділігі арттырылады, бұл белгілі бір мақсаттарға идея беруден көрініс табады.

Содан кейін осы идеяларды бұзу, сынау (деструкциялау) процесі көзделеді және қарсы идея тұжырымдалады. Бұл қысқа уақыт ішінде белсенді шығармашылық процеске қатыстыру жолымен өнімді нәтижелер алуға мүмкіндік береді.

Болжам жасаудың формалданған әдістері, болжамдардың сенімділігі мен дәлдігін арттыруды қамтамасыз ететін, олардың орындалу мерзімдерін елеулі түрде қысқартатын, ақпараттарды өңдеу мен нәтижелерді бағалау бойынша мамандардың қызметін жеңілдетуге мүмкіндік беретін, математикалық теорияларға негізделеді.

Модельдеудің математикалық әдістері мен экстраполяция әдістерінің аражігі ажыратылады.

Экстраполяция әдістері – бұл құбылыстың бір бөлігінің үстінен оның екінші бөлігіне бақылау жасаудан алынатын қорытындыларды таратудан тұратын ғылыми зерттеу әдістері. Зерттеліп отырған уақыт кесіндісіндегі деңгейдің өзгеру заңдылықтарын анықтау негізінде болашақтағы объектіге немесе оның өткеніне динамика қатары деңгейінің жалғасуы мүмкін.

Математикалық модельдеу әдістері нақты процестерге негізделген модельдер құруды болжайды. Модельдеу процесінің мазмұны болып мыналар саналады: объектіні алдын-ала зерттеу негізінде модельдерді құрылымдау; оның маңызды сипаттамаларын бөліп көрсету; моделдерді теориялық және эксперименталдық талдау; модельдеу нәтижелерін объекті туралы нақты мәліметтермен салыстыру; моделдерді түзету және нақтылау.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұжырымдамасын әзірлеу ЭМР жүйесінде ерекше орын алады. Оның негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың дамуы мен оларға жету құралдарының стратегиялық мақсаттарын айқындау.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары салалық және сандық сипаттамалар жиынтығының – мақсатты айқындамалардың, көрсеткіштер мен нормативтердің көмегімен көрініс табуы мүмкін.

Ұлттық болжамдар мен тұжырымдамалар жүйелері негізінде, ЭМР жүйесінде аса маңызды элемент болып қатысатын, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясы немесе мемлекеттің стратегиялық жоспары әзірленеді.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 117 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Экономиканы мемлекеттік реттеу | Түйін | ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ | Экономикалық процестерді тікелей және жанама мемлекеттік реттеу әдістері | Түйін | Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері | АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері | Тигізетін әсері | Міршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары | Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав