Читайте также:
|
|
Қазіргі кезеңдегі дүниежүзілік шаруашылықтағы қандай да бір елдер ұстамының беріктігі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (НИОКР) саласындағы оның жетістіктерімен айқындалады. Әлемнің бүкіл дамыған мемлекеттерінің билеуші топтары мұны толықтай сезінеді.
Батыстың бүкіл елдерінде НИОКР-ға ІЖӨ-нің 2%-дан астам жұмсалады, ал осы саладағы неғұрлым ілгерінді елдерде (АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Швейцария, Жапония) – шығындар 3% және одан да көп мөлшерде. Ал ірі концерндердің (ТҰК) НИОКР-ға, әсіресе электортехникалық, электронды, химия, автомобиль өнеркәсібіне жұмсайтын шығындары, негізінен, олардың айналымының 8-12%-на және олардың жиынтық шығындарының 15-20%-на жетеді.
НИОКР-ды осындай ауқымдарда өрістетуді, осы процеске мемлекеттің белсенді ынталандырушылық ықпалынсыз көз алдыға елестету мүмкін болмаған болар еді.
Нарықтық экономикасы дамыған жекелеген елдер бойынша бұл саланы қаржыландыру 30-дан 60%-ға дейінгі мөлшерде болса, ал орташа алғанда – шығындардың жартысына жуығы НИОКР-ға жұмсалады.
Ең алдымен, жоғары білім беруді қаржыландыруда және ұйымдастыруда мемлекет жетекші рөл атқарады; оның жоғары деңгейі ғана НИОКР жүйесін тиімді құруды қамтамасыз ете алады. Батыс Еуропада университеттер, негізінен, оның атынан орталық (федералдық) немесе өңірлік (жер, кантоналды) деңгейлердегі органдары ретінде мемлекетке жатады. АҚШ-та коммерциялық негізде ұйымдасқан университеттер басым; Жапонияда жеке және мемлекеттік университеттердің ара қатынас балансы өмір сүреді. Барлық жағдайларда жеке университеттердің және өзге де ЖОО-лардың қызметі айқын түрде лицензияланады және мемлекет реттеп отырады.
Батыс Мемлекеттері іргелі зерттеулер шығындарының басым бөлігін қаржыландырады. Жеке капитал осындай зерттеулерге, жеке-құқықтық негізде ұйымдасатын аралас қаржыландыру көздеріне ие, әртүрлі зерттеу қорлары мен қоғамдары арқылы ішінара демеушілік қана жасайды.
Қолданбалы зерттеулер, әзірлемелер, әрі инновациялық процестің өзі фирмалар шеңберінде, яғни микроэкономикалық деңгейде (бұл әскери өндіріс үшін зерттеулерге қатысты) өтеді. Сонымен бірге оларды мемлекет, ең алдымен, салық жеңілдіктері (сирек түрде – тікелей субсидиялар) арқылы белсенді түрде ынталандырады. НИОКР үшін пайдаланылатын жабдықтардың құнын қосымша, мерзімді және ерекше амортизациялық есептен шығару құқықтарын беру осындай жеңілдіктердің бір түрі болып саналады.
Мұннан өзге, мемлекет, инновациялық процесте әсіресе белсенді венчурлық (тәуекел) бизнесті, мысалы, оның жұмыс істеуі үшін қажетті, яғни НИОКР және инновациялық аумақтар үшін арнайы жабдықталған технологиялық парктер құру жолымен көтермелейді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде НИОКР-ды тиімді жүзеге асыру үшін, мемлекет жиі түрде орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламалар жасауға және оны жүзеге асыруға ұмтылады.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 96 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |