Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Отандық технопарктердің орналасу ерекшеліктері

Читайте также:
  1. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  2. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  3. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  4. Азақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері
  5. Азақстан Республикасының өңірлік экономикасының ерекшеліктері
  6. Бап. Жерасты құрылыстарына құқықтарды тіркеу ерекшеліктері
  7. Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.
  8. Күріштің биологиялық ерекшеліктері
  9. Казіргі кездегі аймақтық саясат ерекшеліктері.
  10. Леуметтік аяларды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

Жұмысқа, жетекші жоғары оқу орындарын (ары қарай – ЖОО) және ғылыми-зерттеу институттарын (ары қарай – ҒЗИ) қатыстыра отырып, олардың ірі кәсіпорындардың аумағында орналасуы қазақстандық технологиялық парктердің сипатты белгілерінің бірі болып саналады.

Мәселен, отандық технопарктің үшеуі: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. Сәтпаев атындағы ҰТУ және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ сияқты ЖОО-лар аумақтарында орналасқан; ал қалған жеті технопарк өздерінің қызметін өнеркәсіп кәсіпорындары мен ғылыми орталықтардың аумақтарында жүзеге асырады.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес, бірқатар дамыған елдердегі ғылыми-техникалық парктер (ары қарай – ҒТП) мүмкін болғанынша университеттерге жақын болуға ұмтылады: ҒТП-ның 48%-ы университет қалашықтарында, 28%-ы – университеттерден 5 километрдей жерде, ал 11%-ы – университеттерден 5-20 километр арақашықтарда орналасқан. Батыс еуропа елдерінде: ҒТП-ның 83%-ы университет қалашықтарында (72%), яки соның маңында (11%) орналасқан.

Әлемнің инновациялық дамыған елдерінің басым көпшілігіндегі ғылыми парк пен университет арасындағы қатынас негізінен, оқыту бағдарламалары, бірлескен іс-қимыл, технологиялар беру туралы шарттар, патенттер, лицензиялар, университет яқтағаннан кейінгі интернатура сияқты тетіктер көмегімен құрылады.

Технопарктердің және университеттердің инфрақұрылым­дар объектілерін бірлесіп пайдалану жағдайлары кооперациялардың аса кең таралған формалары болып саналады және технопарктердің 49%-на таралады және бұл ЖОО-лардың қалашықтарында немесе оның қатарында орналасқан (48%) технопарктердің пайызына дәл сәйкес келеді. Университет зерттеушілерінің 65%-ы дерлік іс жүзінде технологиялық парктердің ғимараттарында жұмыс жасайды.

Мәселен, Энсхед қаласындағы (Нидерландия) бизнес және ғылым паркі Твенте техникалық университетімен қатар орналасқан. Осындай ынтымақтастықтың негізгі идеясы – технопарктерде құрылатын кәсіпорындар, тапсырыстармен жұмыс жасау үшін университеттің ғылыми қызметкерлерін тарту, өз кезегінде, жеке зерттеулердің нәтижелерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алу, фирмаларға консультациялық қызметтер көрсету болып табылады.

Энсхед қаласындағы бизнес және құқық паркін ұйымдастыру бастамасы, жаңа технологиялар базасында әлеуметтік-экономикалық дамудың кейбір проблемаларын шешетін, жергілікті билік органдарының бастамасы екенін атап өту маңызды болып саналады.

Сондай-ақ, Қазақстанның, сол сияқты бүкіл дүниежүзіндегі технопарктердің басым бөлігі, ғылыми мекемелері және білікті мамандары бар ірі қалаларда немесе өнеркәсіп орталықтарында екендігін бөліп көрсету дұрыс болып саналады. Технопарктердің 60%-ға жуығы Алматы, Астана, Атырау және Қарағанды сияқты қалаларда орналасқан, ал қалғандары Өскемен, Орал, Степногорск сияқты орта және шағын қалаларда жұмыс істейді.

Әлемдік тәжірибеде, мысалы, Қытайдың Шенчжене (1985ж) қаласында тұңғыш құрылған технопарк, жетекші университетке, ғылыми орталыққа, инновациялық қызметті қолдау үшін теңдестірілімді қызмет көрсету аясына, венчурлық капиталдың барабар көздеріне, жоғары білікті жұмыс күшіне ие болмаған жайлары бізге белгілі. Шенчженнің Гонконгқа – капитал мен ақпараттың көзіне жақын орналасуы, бірден-бір және басты артықшылығы болды.

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 109 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері | АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері | Тигізетін әсері | Міршілдік-әкімшілік экономикалық жүйенің нарықтық жүйеге трансформациялану проблемалары | Экономикалық өсу түсінігі мен факторлары | Жинақ және инвестициялар | Лттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық динамикасына болжам жасау | Лттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау | Нарықтық экономикасы дамыған елдерде ҒТП-ны мемлекеттік қолдаудың ерекшеліктері | Негізгі капиталды жедел амортизациялау тетігінің маңызы – ЭМР құралы (инструменті) ретінде |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав