Читайте также:
|
|
Жоспарлау - ЭМР-дің пәрменді әдістерінің бірі болып саналады. Ол мақсаттарды таңдау және оны ғылыми дайындау, оларға жетудің құралдары менжолдарын айқындау соған кіретін бастапқы ақпараттарды өңдеуге негізделетін басқару шешімдерін дайындау мен қабылдау процесін білдіреді. Ел экономикасының дамуына ғылыми негізделген басшылықты қамтамасыз ету қажеттілігі жоспарлаудың маңызы болып саналады. Жоспар дәл айқындалған мақсаттардың қойылысын және зерттеліп отырған объекті оқиғаларын егжей-тегжейлі топшылауды білдіреді. Оның басты белгісі – уақыт және сан жағынан олардың айқындығы мен көрсеткіштерінің нақтылығы.
Жоспарлауда оның: әлеуметтік-экономикалық, методологиялық және ұйымдық үш қыры бөліп көрсетіледі.
Әлеуметтік-экономикалық қыры объективті экономикалық заңдарды тануға негізделеді және кеңейтілген ұдайы өндірістің экономикалық және әлеуметтік процестерін, яғни жоспарлау объектісін білдіреді.
Жоспарлаудың методологиялық қыры жоспарлау принциптері мен әдістерінің жиынтығы, яғни таным құралдары мен әлеуметтік-экономикалық процестерге белсенді ықпал етуді көрсетеді.
Жоспарлаудың ұйымдық қыры жоспарлаушы органдардың құрылымын және жоспарларды әзірлеу технологиясын қамтиды, яғни жоспарлау субъектісі көрсетіледі.
Жоспарлау мазмұны мен көріну формасы бойынша нұсқаулық (директивтік), индикативтік және стратегиялық болады.
Нұсқаулық (директивтік) жоспарлау, заңдық күші бар және олардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешеніне ие жоспарлауды әзірлеу процесін білдіреді. Олар атаулы сипатқа ие, барлық орындаушылар үшін міндетті, ал лауазымды тұлғалар олардың орындалуы үшін жауапкершілік көтереді.
Индикативті жоспарлау – бұл экономиканың жұмыс істеуіне ықпал етудің негізгі әдісі, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудың құралы. Ол мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес келетіндей, экономиканың жағдайы мен дамуын сипаттайтын параметрлер (индикаторлар) жүйесін қалыптастыру процесін білдіреді. Экономиканың динамикасы, құрылымы, тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар мен бағалы қағаздар нарығы, бағалар қозғалысы, жұмыспен қамтылушылық, өмір деңгейі және т.б. көрсеткіштер индикаторлар болуы мүмкін. Индикативті жоспар нұсқаулық (директивтік) сипатқа ие емес, міндетті тапсырмалардың шектеулі санын қамтиды және маңызды шекте ұсынымдық, бағыттаушылық сипатқа ие.
Іс-қимыл кезеңі бойынша ұзақ мерзімді жоспарлар (10 және одан да ұзақ), орта мерзімді (3-5 жыл) және ағымдағы (жылдық) жоспарлар болып бөлінеді.
Жоспарлаудың негізгі методологиялық принциптері болып мыналар саналады:
- ғылымилық принципі;
- әлеуметтік бағдарланушылық және қоғамдық қажеттіліктер басымдығы;
- қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру;
- пропорционалдылық және теңгерімділік;
- басымдылық;
- қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттардың келісімділігі.
Баланстық, нормативтік және мақсатты-бағдарламалық әдістер жоспарлаудың негізгі әдістеріне жатады. Баланстық әдіс, біріншіден, өнімдердің әрбір түрі қандай да бір қызметтің нәтижесі болып саналатындығына, екіншіден, тұтыну үшін ресурс болып саналатындығына негізделеді. Бұл, қажеттіліктерді әрқашан да оларды қанағаттандыру көздерімен байланыстыру қажет екендігін білдіреді.
Экономикалық баланстардың жалпы жүйесінде материалдық, еңбек және қаржылық баланстар бөлініп көрсетіледі.
Нормативтік әдіс, ҒТП жетістіктерін көрсететін нормалар мен нормативтер жүйелерін айқындау мен пайдалануға негізделеді. Өзінің ең жалпы түріндегі норма – бұл берілген сапада өнімдердің бірлігін жасауға жұмсалатын ресурстардың қоғамдық-қажетті шығындарының ғылыми негізделген шарасы.
Норматив – бұл өлшеу бірлігіне оның үлестік шығысын немесе ресурстарды пайдалану дәрежесін сипаттайтын, элементтер бойынша құралатын нормалар.
Нормалар мен нормативтер кешені нормативтік база болып аталады. Мақсатты – бағдарламалық әдіс – бұл ірі проблемаларды жоспарлы шешу жүйесін қалыптастыру тәсілі. Әлеуметтік, экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың негізгі мақсаттарын таңдау, ресурстармен теңгерілімді қамтамасыз ету жағдайында белгіленген мерзімде оған қол жеткізу жөніндегі өзара байланысты іс-шаралар әзірлеу оның мәні болып табылады.
Стратегиялық жоспарлау жоспарлаудың аса маңызды түрі болып саналады. Ол ұзақ мерзімді перспективаға бағдарланған және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындайды. Оны жүзеге асыруда мемлекет жетекші рөл атқаратын экономиканы дамытудың басты басымдықтарын таңдау оның мәні болып саналады. Стратегиялық жоспарлау жалпы мемлекетті дамыту тұжырымдамаларынан өз көрінісін табады.
Бағдарламалау стратегиялық жоспарлаудың аса маңызды құралы (инструменті) болып саналады. Өндіріс стратегиясын әзірлеу кезінде, Мемлекеттік мақсатты бағдарламалар мәртебесін иеленетін, ұлттық экономиканы дамытудың негізгі параметрлерін айқындайды.
Сондықтан да кез келген бағдарлама:
а) түпкі мақсаты;
б) осы шараларды жүзеге асыруға біліктілік және шығармашылық тұрғыдан келудің нәтижесі болып саналатын бағдарламалық іс-шаралардың тізбесін;
в) түпкі мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстар кешенін;
г) жүзеге асыру кезеңдері мен мерзімдерін;
е) осы бағдарламаларды шешуге әртүрлі шаруашылық субъектілерінің қатысу өзіндік формаларын таңдауын;
ж) өндірістік-шаруашылық байланыстар тетігін;
и) жауапкершілік және ынталандыру жүйесін;
к) қаржыландыру көлемдері мен көлемдерін негіздеуді;
л) күтілетін түпкі нәтижелер мен экологиялық зардаптарын көздейді;
Осылайша, жоспарлауды дүниежүзілік экономикалық кеңістікте сынақтан өткен ЭМР әдісі ретінде бекітуге болады.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 112 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |