Читайте также:
|
|
Жабық экономикада немесе шетел займдарын алу мүмкіндігіне ие емес экономикада, инвестицияларды жинақтардың өсуі арқылы ғана ұлғайтуға болады.
Мұндай жағдайда таңдау жасауға тура келеді, өйткені капиталды жедел жинақтау есебінен болатын қосымша өсімді бүгінгі күнгі тұтынудың азаюы деп түсіну керек. Әрине, үкімет жинақ деңгейін барынша көбейтуге қандай жолмен болсын ұмтылмауы тиіс, өйткені бұл бүгінгі тұтынушы үшін тым қатал жаза болуы мүмкін. Оны өлшеу қиын болатын жинақтардың оңтайлы үлесі өмір сүретінін мойындау керек. Ол уақыт бойынша қоғамның артықшылық берулері мен, яғни қазіргі тұтынушымен салыстырғанда қоғам болашақтағы тұтынушыға артықшылық беретін оның маңызымен айқындалады. Егер инвестициялық жоба үлкен табыс әкелетін болса, онда ағымдағы тұтынудың бір бөлігін соған жұмсаған ақылға сыйымды болып саналады, ондай жағдайда шешім қабылдаған дұрыс. Жинақтардың оңтайлы деңгейі теориясына сәйкес, қазіргі және болашақтағы балансқа жақсы түрде жетуге болады, капиталдың өнімділігі (МРК) - уақыт бойынша артықшылық беру дисконты плюс халықтың өсу қарқынына тең болады. Бұл атақты ара қатынас бізге «түрлендірілген (модификацияланған) алтын ереже» атауымен белгілі.
Ашық экономикада, капиталдың еркін қозғалуы жағдайларында инвестициялардың жинақтарға тең болуы міндетті емес, өйткені елдер дүниежүзілік нарықта ақшаны дүниежүзілік пайыз мөлшерлемесімен (ставкасымен) алып пайдалануы және осылайша ағымдағы операциялардың тапшы (дифицит) есебіне (шотына) ие болуы мүмкін. Оның бірден-бір артықшылығы, ішкі инвестицияларды жүзеге асыру кезінде, әлемдік пайыз мөлшерлемесіне сәйкес келетін, қарыз бойынша пайыздарды төлеу үшін жеткілікті, инвестициялық жобалармен қамтамасыз етілетін табыс алына ма, осы тұрғыда маңызы болады. Мұндай жағдайда әлемдік пайыз мөлшерлемесі (ставкасы) ішкі инвестициялардың көлемін айқындайды, ондай кезде ішкі жинақтардың көлемі жалпы ұлттық өнімнің (ҰЖӨ) өсу қарқынын айқындайды, бірақта ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) көлемін айқындау міндетті емес. Ішкі жинақтардың ұлғаюы міндетті түрде ішкі инвестициялардың ұлғаюынан көрінбейді, ол жай түрде ғана шетелдегі таза займдар көлемінің азаюынан білінуі мүмкін.
Сонымен бірге, егер елдер дүниежүзілік нарықтан бөлініп қалған болса, онда ішкі жинақтардың ұлғаюы ішкі инвестициялардың ұлғаюына әкеледі. Мұндай жағдайда үкімет жеке жинақтарды ынталандыру жолымен, мысалы, пайыздық төлемдерден алынған кіріске салынатын салық мөлшерлемелерін (ставкаларын) төмендету есебінен, капитал жұмсауды көтермелеуге ұмтылуы мүмкін. Мәселен, Жапониядағы жеке жинақтардың жоғары деңгейі, жиі түрде пайыздық төлемдерден алынған кіріске қатысты қолайлы салық саясатының нәтижесі болып саналады деп есептелді. Соған қарамастан, жинақтардың өсуін ынталандыратын салық саясатының тиімділігін растаудың эмпирикалық тұжырымдары түпкілікті қорытындылар жасауға жеткіліксіз.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы жеке жинақтардың ұлғаюына қатысты болды. Бірақ та ұлттық жинақты да сондай-ақ мемлекеттік жинақтарды ұлғайту арқылы немесе мемлекеттік бюджет тапшылығын азайту арқылы ұлғайтуға болар еді.
Капитал жинақтауды жеделдетудің баламалы саясаты ретінде, үкімет инвестицияларға тікелей ықпал етуге ұмтылуы мүмкін. Инвестициялық салық несиесін енгізу, егер бұл саясат инвестицияның бір түрінің ғана жай ұлғаюын және инвестицияның екінші бір түрінің азаюын туғызбаса, инвестициялардың жалпы көлемін ұлғайта алар еді. Үкімет сондай-ақ өзінің инвестициялық шығыстарын, әсіресе инфрақұрылымға жұмсайтын шығыстарын да ұлғайта алар еді. Инфрақұрылымға жұмсалатын мемлекеттік инвестициялар, агрегатталған өсу қарқынына айта қаларлықтай ықпал ететінін дәлелдейтін эмпирикалық тұжырымдар барған сайын көбірек пайда болуда. Басқалай айтқанда, инфрақұрылымға салатын инвестициялар, жоғары әлеуметтік қайтарым береді.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 128 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |