Читайте также:
|
|
Еңбек даулдары- еңбек жағдайларын белгілеу, еңбек шартын жасау,еңбек заңдары нормаларын қолдану мәселелері бойынша еңбек құқығы субъектілерінің арасындағы келіспеушіліктер туғызатын даулар. Жеке еңбек дауларын келiсiм комиссиялары және (немесе) соттар қарайды. Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтiнiшi бойынша келiсiм комиссиясы қарайды. Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшiн өз қалауы бойынша тiкелей сотқа жүгiне алады. (ЕК 170-бап).Келiсу комиссиясы тепе-теңдiк негiзiнде жұмыс берушiнiң және қызметкерлердiң өкiлдерiнiң бiрдей санынан құрылады. Келiсу комиссиясының сандық құрамы, оның жұмыс iстеу тәртiбi және келiсiм комиссиясы өкiлеттiгiнiң мерзiмi жұмыс берушi мен қызметкерлердiң арасындағы келiсiм бойынша қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) белгiленедi (ЕК171-бап). Комиссия арыз берушінің өтнішін үш күн мерзім ішінде қарап шешім қабылдайды. Шешім қабылданғаннан бастап үш күн ішінде орындалуы керек. Еңбек дауларын сотта қарау ҚР заңдарынмен белгіленеді. Ұжымдық келiссөздер жүргiзу және ұжымдық шарттың жобасын әзiрлеу үшiн тараптар тепе-тең негiзде комиссия құрады. Комиссия мүшелерiнiң саны, оның жеке құрамы, жобаны әзiрлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзiмдерi тараптар келiсiмiмен айқындаладыЖұмыс берушi тараптардың келiсiмi бойынша ұжымдық шартты әзiрлеу мен жасасу үшiн қажеттi жағдай жасауды қамтамасыз етедi.(ЕК 282- бап). Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзiмге жасалады. 284-бабында. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы айқындалған тараптар айқындалған.Ұжымдық шартқа:
1)еңбекке ақы төлеудi нормалау, оның нысандары, жүйелерi, қызметкерлерге, оның iшiнде ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге тарифтiк ставкалар мен жалақылар, үстемақылар мен қосымша ақылар мөлшерi туралы;
2) еңбекке ақы төлеудi индекстеу туралы, жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерiн төлеу туралы, оның iшiнде жазатайым оқиғалар кезiндегi қосымша өтемақылар туралы;
3) тиiстi мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең төменгi жалақысы мөлшерлерiнiң арасындағы жол берiлетiн арақатынас туралы; 4) разрядаралық коэффициенттердi белгiлеу туралы;5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы; 6) салауатты және қауiпсiз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау денсаулық сақтауды жақсарту туралы, қызметкерлердi және олардың отбасы мүшелерiн медициналық сақтандыру кепiлдiктерi туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;
7) тиiстi саланың разрядаралық коэффициенттерiн белгiлеу туралы ережелер енгiзiлуге тиiс.
Ұжымдықшартқа: 1) еңбектi ұйымдастыруды жақсарту және өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру туралы;
2)еңбек тәртiптемесi мен еңбек тәртiбiн реттеу туралы;
3) босатылатын қызметкерлердiң жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету туралы;
4) жұмысты оқумен қоса атқаратын қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер мен жеңiлдiктер туралы;
5) қызметкерлердiң тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы;
6) қызметкерлердi сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың тынығуы туралы;
7) кәсiподақ мүшелерi болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын бұзған кезде ұйымның кәсiподақ органының дәлелдi пiкiрiн ескерудiң тәртiбi туралы;8) кәсiподақ органына сайланған қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер туралы;
9) қызметкерлердiң өкiлдерi қызметiн жүзеге асыруға арналған талаптар туралы;
10) кәсiподақ қызметi үшiн жағдай жасау туралы;
11) қызметкерлердi сақтандыру туралы;
12) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы; 13) еңбек шарттарын ереуiлдi желеу етiп жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуды болдырмау туралы;
14) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерi келтiрген залал үшiн жауаптылығы туралы;
15) тараптардың ұжымдық шартты орындауға жауаптылығы туралы;
16) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы;
17) тараптар айқындаған басқа да мәселелер бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiнiң өзара мiндеттемелерi енгiзiлуi мүмкiн.
Ұжымдық еңбек даулары бiтiмгерлiк рәсiмдер тәртiбiмен және (немесе) сот тәртiбiмен шешiледi. Жұмыс берушi қызметкерлердiң қойған талаптарын алған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрмей қарауға және оларды шешу үшiн шаралар қолдануға, ал шешуге мүмкiндiк болмаған кезде туындаған келiспеушiлiктердi одан әрi қарау үшiн өз өкiлдерiн көрсете отырып, өздерiнiң шешiмдерi мен ұсыныстарын аталған мерзiм iшiнде қызметкерлерге жазбаша түрде жеткiзуге мiндеттi.(ЕК 290-бап) 1)Ұжымдық еңбек дауларын бітімгерлік комиссияда қарау. Бiтiмгерлiк комиссиясын тараптар жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi (олардың өкiлдерi) өз шешiмiн қызметкерлерге (олардың өкiлдерiне) хабарлаған не хабарламаған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде құрады. Бiтiмгерлiк комиссиясы ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнен тепе-тең негiзде құрылады. Бiтiмгерлiк комиссиясын құру туралы шешiм жұмыс берушiнiң актiсiмен және қызметкерлер өкiлдерiнiң шешiмiмен ресiмделедi.Бiтiмгерлiк комиссиясы құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрмей қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптарын қарайды.Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылданады, тараптардың өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және оның тараптар үшiн мiндеттi күшi болады.(292 бап)
Бiтiмгерлiк комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмегенде, оның жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшiн еңбек арбитражы құрылады.
2) Еңбек дауын еңбек арбитражында қарау. Ұжымдық Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бiтiмгерлiк комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық, салалық немесе өңiрлiк комиссия мүшелерiнiң қатысуымен құрады. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қараудың тәртiбi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Еңбек арбитражы кемiнде бес адамнан құрылуға тиiс. Еңбек арбитражының құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, мемлекеттiк еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар енгiзiледi. Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелерi қатарынан сайлайды. Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделi адамдар өкiлдерiнiң де қатысуымен қарайды. Дауды қарау рәсiмiн еңбек арбитражы белгiлейдi және ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткiзедi.Еңбек арбитражының шешiмi құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрiлмей арбитраж мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнген кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Шешiм дәлелдi әрi жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерiнiң барлығы қол қоюға тиiс.Бiтiмгерлiк комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмiне қол жеткiзiлмеген кезде, заң бойынша ереуiлдер өткiзу тыйым салынған немесе шектелген ұйымдарда, еңбек арбитражы мiндеттi түрде құрылуға тиiс.Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешiмiн орындауға мiндеттi болады.(ЕК 293 бап).
3)Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау.Тараптар өздерiне қатысты тәуелсiз ұйымдар мен тұлғаларды делдал ретiнде белгiлейдi. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялар ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмiмен ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөнiндегi жұмысқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, қауымдастықтардың және басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң басшылары мен қызметкерлерiн, жұмыс берушiлердi, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды тарта алады. Делдалды таңдау жағдайларының бәрiнде олардан делдалдық етуге жазбаша келiсiм алынуға тиiс. Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың қатысуымен немесе онсыз шешу туралы келiсiмге қол жеткiзiлген барлық жағдайларда аяқталмай қалған бiтiмгерлiк рәсiмдерi тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келiсiмнiң талаптары дауды шешудiң талаптары деп есептеледi.Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткiзген келiсiмдер жазбаша түрде рәсiмделедi. Тараптар арасында даудың шешiлуi туралы келiсiмге қол жеткiзу, егер ереуiл жарияланған болса, оның тоқтатылуына әкеп соғады.(ЕК 295 бап) Егер бiтiмгерлiк рәсiмдер арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол жеткiзiлмесе, сондай-ақ жұмыс берушi бiтiмгерлiк рәсiмдерден жалтарған не ұжымдық еңбек дауын шешу барысында қол жеткiзiлген келiсiмдi орындамаған жағдайларда қызметкерлер ереуiл өткiзу туралы шешiм қабылдай алады. (298 бап). Ереуiл өткiзу жөнiндегi шешiм қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) жиналысында (конференциясында) ұйым қызметкерлерi жалпы санының кемiнде жартысы болғанда қабылданады және жиналысқа (конференцияға) қатысушылардың кемiнде үштен екiсi сол үшiн дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледi. Ереуiлдi қызметкерлер (олардың өкiлдерi) уәкiлеттiк берген орган (ереуiл комитетi) басқарады.Ереуiлге қатысу ерiктi болып табылады. Ешкiмдi ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайды. Қызметкерлердi ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлейтiн тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады. қызметкерлердiң ереуiл кезiндегi жалақысы сақталмайды. Ереуiл өткiзу кезеңiнде ұжымдық еңбек дауының тараптары осы дауды бiтiмгерлiк рәсiмдер жүргiзу жолымен шешудi жалғастыруға мiндеттi.(ЕК 301 бап).
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 373 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |