Читайте также:
|
|
1. Білім беру жүйелерін басқару
2. Басқару үрдісінің циклді үрдісі
Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын өзінің сипаттамасы. Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалык және ұйымдастырушылык көрсеткіштері арасында тығыз байланысты қарастыру.
Бұл әдістердің мақсаты - адамдардың өсе түскен, яғни өскелең әлеуметгік қажеттіліктерін канағаттандыру, олардың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және осылардың негізінде жеке тұлғаның еңбекке деген қүлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек етуін арттыру.
Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын өзінің уәждеиелері (мотивационной - себеп тудыратын) сипаттамасымен ерекшеленеді. Бұл сипаттама адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс гоитарына бағдарланған уәждемелерді (мотивы - себепкерлер) корсетіп береді.
Әлеуметтік-психологиялық әдістері рухани мүддеге (кажеттілікке) ыкпал етудің мүмкіндіктерін пайдаланады. Әлеуметтік уәждеме (мотивация) саяси, моральдық, үлттык, отбасылык және баска да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады.
Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалык және ұйымдастырушылык көрсеткіштері арасында тығыз байланыс болады. Әлеуметтік мәселерді шешіп алмайынша еңбекке деген дүрыс қатынасқа (көзкараска) өндірісті тиімді дамытуға кол жеткізу мүмкін емес.
Әлеуметтік-психологиялык аспектіде өндірістік ұжымның рөлін қалай ұғуға болады?
Өндіріс ұжымы - бұл қоғамның пайдасы үшін бірігіп кызмет ететін, ортақ мақсат, ортақ мүдде бастарын біріктірггн, бәрі біреу үшін, біреу бәрі үшін жауап беретін, бір ұйымға жұмыс істейтін адамдардың жиынтығы.
Өндіріс ұжымы - бұл бірігіп еңбек ететін адамдардың тек кай ғана бас қосуын білдірмейді. Ол жекелеген жұмыскерлер мен олардың топтары арасындағы тұрақты әрекет ететін экономикалык, өндірістік-техникалық, өнегелік (нравственных), мәдени, тұрмыстық өзара қарым-қатынастарының күрделі жүйесіне негізделген бірлестікті білдіреді. Бұл өзара қарым-қатынас ұжымның формальды және бейформальды құрылымдарында көрініс табады.
Формальдык құрылым ұжымда формальды түрде анықталып, заңмен, міндеттемелермен, өкілеттіліктермен және жауапкершілікпен бекітілген адамдардың байланыстары мен қатынастарын бейнелейді.
Бейформальды құрылым жақсы көру, жек көру, мінез үқсастығы, ортақ мүдде, өзара түсіністік негізінде калыптасатын байланыстар мен қатынастарды бейнелейді. Бейформальды қатынастың негізінде ұжымды шағын топ (10 адамға дейін) пайда болады. Шағын топ аз уақытқа немесе ұзақ уақытка созылуы мүмкін, бұл шағын топ ұжымның басқа да мүшелеріне жайдары қабақ танытуы (ашык) ықтимал немесе өздерімен өздері (түйык) қалуы да мүмкін. Екі құрылым да ұдайы эрекет үстінде болмак-
Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылык әдістері (БҐБД)
Еңбек кооперациясы мен бөлу жағдайында оларды басқару міндеті мен бөлу бойынша байланыстарды бейнелейтін адамдар (органдар) арасында объективті ұйымдастырушылық қатынастар болады. Шынайы өмірде бұл қатынастар тиімділігі жоғары
бірлескен еңбектің ұйымдастыру алғышарттары бар кездегі адамдардың ұйымдастырылған еңбекке деген қызуғыпгылығынан байқалады.
Ұйымдастыру-басқарушылык әдістерін қолдану тетігі ұйымдастыру қатынастарының мәні болып табылады. Басқару объектісіне (ұжымдарға, жеке кызметкерлерге) мақсатты түрде эсер ету лроцесінде адамдар (органдар) арасындағы нақты ұйымдастыру қатынастарымен, ұйым зандарымен айқындалатын басқарудың ұйымдастыру тетігі ашық көрсетіледі.
Бұл әдістердің ерекшіліктері мынада:
1. Жүйеге тұтастай немесе оның элементтеріне жеке-жеке тікелей нұсқаушылык (директивті) әсер етуді бейнелейді;
2. Басшыға бір мағыналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді;
3. Ережелердің, нүсқаулыктардың, бүйрықтардың, өкімдердің және т.б. міндетілігіне негізделеді.
Ұйымның әр түрлі типтері бар:
а) басқарудыц функциясын ісін бұлжымайтындай етіп бөлуге, кызметті реттеуге, мүқият бакылауға негізделген ұйым.
Мұндай тип басқаруда туындаған барлық мәселелерді алдын -ала көруді, катаң есепті талап етеді;
Д) ұйымнын икемді типі. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылықтары:
-икемділігі;
-болжанбаған жаңа мәселелердің пайда болуына орай шұғыл жауап беруі;
- оларды шешуде бейформальды әдістердің мол мүмкіндіктері.
Теріс жақтары:
-комиссия жұмысын бақылаудың қиындыктары;
-оларды калыптастыру мен реформалау жөнінде косымша күш-жігер жұмсау;
-басқаруды ұйымдастырудың кейбір күрделілігі;
б) көбінесе әлеуметтік факторлардың болуына негізделген үйым.
Мұнда басты назар кадрларды іріктеу мен даярлауға
олардың жұмысына максаттар мен міндеттер коюға, күрылымдык
ресімделуге аударылады. Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылык әдістері (БҮБД) жоғары түрған биліктің еркін орындау үшін басқару аппараты кызметкерлерінің әрбірінің жеке жауапкершілігін қамтамасыз етуге тиісті.
Басқарудың құқықтық әдістерінің рөлі
Мемлекеттік басқару құқыктың негізі ретінде және оның талаптарына сәйкес болмаса жүзеге асуы мүмкін емес. Мемлекет - өндірістің негізгі қүралдарының белгілі бір бөлігінің иесі. Сонымен қатар, мемлекет аясында әр түрлі қатынастардағы меншік түрлерінің барлығы жұмыс істейді. "Ал бұл осы қатынастардың қүдықтық релтеуін іске асыруды талап етеді.
Құқық - қоғам мүшелері арасында еңбекті бөлу мен өнім бөлуді реттеуші (анықтаушы) ретінде қолданылады. Бұл «реттеуішті» іс-тәжірибеде қолдану - мемлекеттің міндетті қызмет аясының айрықша күзыреті.
Басқарудың күқықтық әдісі туралы сөз козғағанда басқару жүйесіне ыкпал етпеуі мүмкін емес экономикалык реформаның, экономикалык өмірдің ерекшеліктерін ескеру қажет
Бұл негізгі үстанымдар мемлекеттік басқару барысында мемлескеттің экономикалык процестерді жалпы ұлттық аукымда ұйымдмстыруға бағдарланған біртүгас басқару еркімен жүзеге асады.
Осының барлығы құқықтық тәсілдердің көмегімен өмірге енгізіледі.
Құқық мемлекеттің жанама түрдегі қатынастарын, мемлекеттің мәжбүрлі күшімен кепілдік берілетін қызмет ережелеріне негізделген құқықтық тәсілдердің сақталуын реттейді.
Әдебиеттер: [1; 2; 3; 4; 5]
Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 144 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |