Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

дәріс. Комуникативтік қабілеттерін дамыту

Читайте также:
  1. Дәріс. Қазақ тілі арнайы мектепте оқу пәні ретінде
  2. Дәріс. Қазақстан Республикасының салық құқығының негіздері
  3. Дәріс. Әлеуметтік педагогикалық менеджмент нысандарының түрлері
  4. Дәріс. Әліппе кезеңін оқыту әдістемесі
  5. Дәріс. Арнайы мекепте әдеби шығармаларды оқыту әдістемесі
  6. Дәріс. Арнайы мектепте ғылыми-мақалаларды оқыту әдістемесі
  7. Дәріс. Арнайы мектепте сауат ашу кезеңін оқыту әдістемесі
  8. Дәріс. Басқару қызметінің этикасы мен мәдениеті.
  9. Дәріс. Грамматикалық жаттығулардың түрлері
  10. Дәріс. Жазбаша байланыстырып сөйлеу тілін дамыту

1. Білім беруді ұйымдастыру, басқару

2. Басқарудың жете білушілігі

Мемлекетіміздің егемендік алуына байланысты пайда болған демократиялық өзгерістер білім берумен қатар оны басқару жүйесіне де айтарлықтай өзгерістер енгізді.

Білім берудін барлық жүйелері, олардың деңгейіне қарамай жаңа талаптарға сәйкестендірілуін қажет етуде.

Нарықтық экономика жағдайында басқару үшін стратегиялық және инновациялық ойы дамыған, басқару мәселелерінің шешуге қабілеті жеткілікті, жаңа технологияларды игерген, команда құрамында жұмыс істей алатын, өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен карайтын және қарым-қатынас мәдениеті жоғары басшылардың түбегейлі жаңа түрлерін қызметке тағайындауды талап етеді.

«Компетенттілік» - латын тілінен аударғанда «дегеніме жетемін», «сәйкеспін», «лайықпын» деген, яғни, белгілі бір саладағы толық игерілген білім мен жинақталған тәжірибені айтуға болады. Педагогикалык әдебиетте жете білушіліктің көрсеткіші деп Пенитенциар кәмелеттілікті, Пенитенциар іс-әрекетті шығармашылық деңгейінде қазіргі сәтте социумда қабылданған нормалар мен стандартка сәйкес жүзеге асыруды санайды. Бұл ой Бергоунның анықтамасында жинақты берілген: «Жете білушілік -тапсырманы орындау кабілеті мен әзірлігі. Ол - білімді, білікті, түсінік пен жігерді көрсетеді».

Жете білушілік моделін жасауда көптеген пікірлер көзқарастар бар. Негізінде ол жұмыс нәтижесін талдау мен жеке түлғаның ерекшеліктерін ескере отырып жасалады.

Біз үшін білім беру мекемелеріне қойылатын Пенитенциар талаптар басты болса да, американдық менеджерлер ассоциациясынын талаптарын карастырайық. Олар:

- мақсаттылық және басқару іс-әрекеті;

- субординациялық қатынастар;

- адам ресурстарын басқару;

- басшылык жасау және т.б.

Ал, Бритиш Петролиум компаниясы менеджерге төмендегідей талаптар қояды:

- нәтижеге бағыттала білуі (ұйымдастыру кабілетінің болуы);

 

- адам ерекшеліктерін білуі;

- командада жұмыс істеуі (елді сендіре білуі);

- ойлай білуі (талдау қабілеті, стратегиялық және сын тұрғыдан ойлау, коммерцияға бейім болуы);

- жағдайға бейімделгіштігі (бейімделе білуі);

Күнделікті өзгеріп отыратын жағдайда ұжымды жоғары нәтижелі жұмысқа жұмылдыра алатын басшының ролі ерекше.

Қазіргі басшының кәсіби компетенттілігі оның педагогикалык басқару жұмысында, педагогика, психология, социология, құқық, басқарудағы білімі мен ұйымдастырушылық, экономикалык, материалдық-техникалық, технологиялық мәселелерді шешудегі жоғары біліктілігінен көрінеді.

Компетенттілігінің мазмұны - жеке-кәсіби, интегралдық сипаттама ретінде менеджменттің төмендегідей басқару функцияларын жүзеге асыра білуімен анықталады, олар: болжау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу, үйлестіру, сәйкестендіру, белсенділігін артгыру, зерттеу.

Басқару жүйесі басқару деңгейлерінің және функционалдық бөліктердің бірлесуі болып табылады. Білім берудегі басшылардың жұмыс нәтижесі - жоғары мектеп бітірушілердің интеллектуалды, әлеуметтік, шығармашылық, жеке тұлғалық, эмоционалдық және жан-жақты кәмелеттілігін қалыптастыру болып табылады.

Ал кәмелеттілікке төмендегілерді жаткызуға болады:

а) өз бетімен білім алуға даярлық (оқушы адам);

Д) мамандық тандауға даярлық (жұмыс істеуші адам);

б)жеке өмірге даярлық (жанұялы адам);

в) бос уакытты дұрыс өткізуге даярлық (дем алушы адам);

г) өз денсаулығына қарауға даярлық (дені сау адам);

д) қогамдық саяси өмірге сын көзбен қарайтын (қоғам адамы).

Осындай азаматтылық стандартының- алғашқы бастамаларымен жастар мектеп қабырғасынан өмірге жолдама алулары тиіс. Демократиялық коғам құрып, нарықтық экономиканың дұрыс дамуы үшін жастарды төмендегі біліктіліктер болуы керек:

- жалпы сауаттылығы: оқу, жазу, санай білуі; технологияларды пайдалана білуі; бірігіп жұмыс істеп, пікір аламастыру; түрлі мәдениеттерді біліп, мойындауы; жаңа идеяларды қабыддауға ашық болуы; шығармашылдығы, тапқырлыгы; сыни көзқараста болуы және жаңа жағдайларға бейімделе білуі; командада жұмыс істеуге, қоғамға қызмет етуге әзірлігі; өз ісіне жауапкершілікпен қарауы; өз-өзін басқара білуі.

Ағылшындардың ұлттық стандартында мектеп жұмысының 23 бағыты 5 блокқа біріктіріле отырып, олар басшының негізгі іс-әрекеті болып табылады.

стратегиялық басқару және мектептің дамуы;

білім беру процесі; :

адамдармен қарым-қатынас;

барлық ресурстарды дамыту;

жауапкершілік.

Білім беру жүйесін басқаруды менеджмент аумағында қарастыру дұрыс па деген сұрақ туады. Бұған біржақты «Иә», -деп жауап беруге болады. Себебі, менеджмент теориясының біз үшін ұтымды жақтары бар: нарықтық жағдайда жаңаша басқару, жаңа жағдайларға бейім болу, командада жұмыс жасай білу, шығармашылыққа ықпал ету, өсуге талпыну.

Сөзсіз, басшының басқара білуі білім беру мекемесін тиімді басқару мен білім алушылардың жете білушілігімен тығыз байланысты. Ғылыми әдебиетте келтірілген түрлі салаларды басқарудағы жете білушілік моделдерін зерттеу нәтижесінде

 

Әдебиеттер: [1; 2; 3; 4]

 

№ 15 Дәріс тақырыбы: Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік-педагогикалық менеджмент әдістері

1. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері ұжымды қалыптастыру әрі дамыту процесіне, олардың өз араларындағы әлеуметтік процестерге ықпал етудің нақты амалдары мен тәсілдерін білдіреді.
Бұл әдістердің мақсаты – адамдардың өсе түскен, яғни өскелең әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және осылардың негізінде жеке тұлғаның еңбекке деген құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек етуін арттыру.
Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын өзінің уәждемелік (мотивационной – себеп тудыратын) сипаттамасымен ерекшеленеді. Бұл сипаттама адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс топтарына бағдарланған уәждемелерді (мотивы – себепкерлер) көрсетіп береді.
Әлеуметтік-психологиялық әдістері рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал етудің мүмкіндіктерін пайдаланады. Әлеуметтік уәждеме (мотивация) саяси, моральдық, ұлттық, отбасылық және басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады.
Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалық және ұйымдастырушылық көрсеткіштері арасында тығыз байланыс болады. Әлеуметтік мәселелерді шешіп алмайынша еібекке деген дұрыс қатынасқа (көзқарасқа) өндірісті тиімді дамытуға қол жеткізу мүмкін емес.
Әлеуметтік-психологиялық аспектіде өндірістік ұжымның рөлін қалай ұғуға болады?
Өндіріс ұжымы – бұл қоғамның пайдасы үшін бірігіп қызметететін, ортақ мақсат, ортақ мүдде бастарын біріктірген, бәрі біреу үшін, біреу бәрі үшін жауап беретін, бір ұйымға жұмыс істейтін адамдардың жиынтығы.
Өндіріс ұжымы – бұл бірігіп еңбек ететін адамдардың тек жай ғана бас қосуын білдірмейді. Ол жекелеген жұмыскерлер мен олардың топтары арасындағы тұрақты әрекет ететін экономикалық, өндірістік-техникалық, өнегелік (нравственных), мәдени,
Басқарудың әлеуметтік әдістері
Әлеуметтік әр қилы әдістердің кең спектірін қамти алады:
-әлеуметтік-саяси;
-әлеуметтік реттеу;
-әлеуметтік бастама;
- моральдік ынталандыру.
Әлеуметтік нормалау әдістері әр түрлі әлеуметтік нормаларды енгізу жолымен ұжым және жеклееген жұмыскерлер арасындағы әлеуметтік қатынасты оңайлатуға мүмкіндік тудырады. Бұл нормаға ішкі тәртіп ережесі, ұйым жарғысы, әр түрлі кодекстер, өндірістік әдеп ережелері, тәртіпке шақыру формалары жатады.
Әлеуметтік –саяси әдіс – бұған қоғамдық ұйымдардың ықпал ету әдістері кіреді.
Әлеуметтік реттеудің әдістері әр түрлі ұжымдардың топтардың, тұлғалардың мүдделері мен мақсаттарын анықтау және реттеу жолымен әлеуметтік қатынастарды ретке келтіріп, үйлестіруде пайдаланылады.
Моральдік ынталандыру әдістерін өз қызметтерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген жеке жұмыскерлерді, ұжымдарды көтермелеу үшін қолданады.
Басқарудың психологиялық тәсілдері адамдар арасындағы қарым-қатынастарды ұжымда үйлесімді ахуал жасау арқылы реттеуге бағытталған.
Басқаруды ұйымдастыру адам психикасының жұмыс істеуі, яғни дүние таным, қиял, ықылас-ілтипат және басқа элементтер негізінде жүзеге асады. Соныдқтан, адамның уақыт сәтіндегі психикалық ахуалы оның жеке іс-қызмет нәтижелеріне тікелей және тура әсер етіп қана қоймайды, барлық ұжымның іс-қызмеи қорытындыларына да әсер етеді.
Басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде адамдардың іс-қызметтегі мінез-құлқының заңдарын ескеру қажет. Бұлар:
- адам әрқашан өзі аз шығарып, көп нәтижелерге жетуге ұмтылады;
- әрбір адам нәтижесінде жарамды формада өзіне ең көп шамадағы көтермелеу мен ең аз шамада жаза болатындай әрекет етуге ұмтылады;
- әрбір адам өзін іс жүзінде көтермелейтін немесе жазалайтын инстанция не айтса, соны істейді;
Басқарудың психологиялық әдістеріне мыналар кіреді:
- шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау;
- еңбекті ізгілендіру;
Әлеуметтік-психологиялық әдістері рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал етудің мүмкіндіктерін пайдаланады

 

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 183 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав