Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс: Педагогикалық менеджменттегі басқару стильдері.

Читайте также:
  1. A) мақсаттық басқару
  2. Бап. Банкроттықты басқарушының өкілеттіктері
  3. Бап. Оңалту рәсiмi кезінде борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару
  4. Бап. Оңалтуды басқарушының өкiлеттiктерi
  5. Бап. Уақытша басқарушының өкілеттіктері
  6. Басқару қызметшілерінің құрамы мен мұрылымы
  7. Басқару есебі
  8. Басқару кадрларының жұмыс принциптері
  9. Басқарудағы коммуникацияның рөлі және оның түрлері
  10. Басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері

1.Бақылау формаларының түрлері

2.Педагогикалық мекемелерді басқару органдары.

Басқару тәсілдерінің тиімді жолдары, бақылау жүйелері, басқарушы қызметін ынталандыру жолдары материалды және моральды ынталандыру.

Педагогикалық мекемелерді басқару органдары оны қызмет ету процестеріне үлкен әсер етеді. Осындай әсер етудің тиімді тәсілдеріне олардың басшыларының қызметіне бақылау жасау жатады.

Бақылау - бұл алдын-ала қабылданған және бекітілген керсеткіштерге сәйкес әлеуметтік мекемелердің даму сәйкестілігін тексеру, қадағалау, сараптамалау және есептеу жүйесі. Бақылауға әлеуметтік ұжымдар қызметтерінің нәтижелерін сипаттайтын құжааттаманы және бірлестіктердің өндірістік-шаруашылық жағдайын үйрену жатады.

Бақылауларды іске асырудың ең жақсы тәсілдеріне әлеуметтік мекемелер мен бірлестіктердің қаржы-шаруашылық қызметінің тәжірибелік анализдері, тапсырылған іске олардың басқарушыларынан сұраныстың жоғарылауы; жүйелі аудиторлык тексерістерді ұйымдастыру; берікті сын мен өзін-өзі сынау атмосферасын (жағдайларын) құру жатады.

Басқарушы қызметін ынталандыру. Басқарушы қызметін бағалауда материалды және моральды ынталандырудың түрлі формаларының рөлі зор.

Материалдык ынталандырудың негізгі формасы еңбек ақы болып табылады. Дербес материалдык ынталандыру еңбек ақы коры мен кәсіпорындар мен бірлестіктер пайдасы қайнар көз болып табылатын сыйақылық жүйе арқылы іске асырады.

Шаруашылық басқарушылары негізгі жүйе бойынша қызметін жұмыскерлері мен бірге сыйақыланады. Оған шаруашылык кызмегтің негізгі нәтижелері бойынша сыйақы беру (ағымдағы жыл нәтижесі бойынша сыйакы), және жұмыстың белгілі түрін орындауы ынталандыратын қосымша жүйелер бойынша сыйақы беру кіреді (мысалы, жана техниканын енгізілуі)

Басқарушыларға маңызды моральдық әсер етуге белгілі жетістіктерді, ұжымды басқарушы қызметіндегі жақсы нәтижелерді және керісінше онын жұмыстарынын кемшіліктерінің сынын жатқызуға болады. Сіңірген еңбекті мойындау басқарушыларға сенімділік беріп, неғұрлым жоғарғы сын артта қалуышылық себептерін ойлануға- мүмкіндік береді. Алайда, жұрт алдындағы сын соңғы шара ретінде қарастырылуы керек.

Моральдық ынталандыру құралына басқарушылар қызметтерінің түрлі жақтары туралы публикациялар (жариялымдар), басқарушыға жоғарыда тұрған органдардан докладпен шығу немесе симпозиум, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамамен шығу тапсырыстары жатады.

Моральдық әсер етудің тиімді құралдары моральдык мінеушілік әдістері болып табылады. Әсер етудің бұл формалары моральдык эсер етудің басқа формаларының ақиқаты жойылғанда ғана қолданылады.

Моральдык эсер ету әдістерін уақытылы қолдану қажет. Ұзақ уакыт бойы материалдык камтамасыз етілмесе, моральдык сыйакылау әдістері тиімділігін жоғалтқандықтан, үлкен тәрбиеленушілік тиімділік материалдык және моральдык ынталандыру үйлесімділігіне ие болады.

Әдебиеттер: [1; 2; 3]

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 97 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав