Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жерге жеке меншік және жер пайдалану құқығы

Читайте также:
  1. A) Меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке іске біреудің араласпауын
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  6. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  7. Ағымдық және жедел жоспарлау
  8. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  9. Абілет және нышан
  10. Абсолютті және қатыстық шамалар

Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.(ЖК 20-бап).Меншiк құқығының субъектiлерi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.

Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар. Жердiң меншiк иесi ретiндегi мемлекеттiң құқықтарын Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген өз құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. Жер учаскесiне меншiк құқығы:

1) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;

2) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде(сату сатып алу);

3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.(ҚР ЖК 22-,бап) Жер учаскесiнiң меншiк иесi мемлекеттiк органдардың қандай да бiр рұқсатын алмай, жер учаскесiн өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады. Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы ҚР ЖК (25-бап).

Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Осы Кодекске немесе заттық құқықтың мәнiне қайшы келмейтiндiктен, жер пайдалану құқығына меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.(ҚР ЖК28-бап) Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулi немесе өтеусiз алынатын болуы мүмкiн. Заңда белгiленген негiздерден басқа реттерде ешкiмдi де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды.

Жер пайдалану құқығының субъектілері:

1) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес;

2) ұлттық және шетелдiк;

3) жеке және заңды тұлғалар;

4) тұрақты және уақытша;

5)бастапқы және кейiнгi болып бөлiнедi.

Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделi жеке және заңды тұлғалар жер учаскесi орналасқан жердегi округтiң әкiмiне өтiнiш бередi. Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтiнiш келiп түскен кезден бастап күнтiзбелiк отыз күнге дейiнгi мерзiмде қаралады. Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешiм осы Кодекстiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссия қорытындысының негiзiнде қабылданады.. Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту дәлелдi болуға тиiс.жер учаскелері Қазақстан азаматтарына жеке меншiкке мынадай мөлшерде тегiн берiледi:

1) ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн - суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;

2) жеке тұрғын үй құрылысы үшiн - 0,10 гектар;

3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар. Жер учаскелерiнiң аталған мақсаттар үшiн қайталап тегiн беруге жол берiлмейдi.

Жер қорларын мемлекеттік басқару мемлекеттің негізгі қызметінің бірі болып табылады. Мемлекет арнайы органдары арқылы жерге пайдалану мен қорғауда ұйымдастарушылық,атқарушылық және бөлушілік қызмет атқарып жер заңдарының орындалуын бақылайды.

 

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 269 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав