Читайте также:
|
|
Табиғатты пайдалану дегеніміз қоршаған ортаның пайдалы ресурстарын күнделікті өмірде және шаруашылық мақсаттарға пайдалану. Табиғатты пайдалану жалпы және арнайы болып екі түрге бөлінеді. Табиғатты жалпы пайдалануда адамдар күнделікті тіршілікке қажеттілікті жер, су, ауа т.б. тегінжәне ұдайы пайдаланады. Табиғатты арнайы пайдалану жеке және заңды тұғалар ақылы негізде арнайы рұқсатпен шаруашылық мақсататрда пайдаланғанда жүзеге асады.табиғатты пайдаланудың түрлері табиғат пайдалану құқығын нысанына қарай мынадай түрлерге бөлеміз:
1. Жер пайдалану құқығы.
2. Су пайдалану іс құқығы.
3. Орман пайдалану құқығы.
4. Жануар әлемін пайдалану құқығы.
5.Өсімдіктер әлемін пайдалану
6. Атмосфералық ауаны пайдалану құқығы.
7.Пайдалы қазбаларды пайдалану
Табиғатты пайдалану құқығының қағидалары:ғылыми дәлелденген, сипаттамалы, мақсаты, тиімді, кешендік, лицензиялау, квоталау және лимиттер т.б.жатады. Табиғатты пайдалануды лицензиялау – табиғатты пайдалануға рұқсат беруден тұратын, қоршаған табиғи ортаны мемлекет арқылы реттеумен бақылауды жүзеге асырудың тәсілдері болып табылады.
Лицензия табиғат пайдалануға берілетін қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнайы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты. Ол нормалары, ерекшеліктері және қолданылатын технологиясы көрсетілген құқығын куәләндіратын құжат болыл табылады.
Лимит табиғат пайдаланушыларға берілетін қоршаған ортаны ластайтын заттарды шығару мен тастауға өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырудың мөлшер және уақыты анықталған табиғат пайдаландың нақты мерзімі мен көлемі.
Квота-белгілі бір уақытқа берілген табиғатты пайдаланудың,қоршаған ортаға тасталатын қалдықтардың мөлшері нормаланғанлимиттің бір бөлігі. 3. Экологиялық құқық бұзушылық пен экологиялық жауаптылық
Жалпы экология мәселесі бұл - мемелкеттің, адамның, қоғамның болашақ ұрпақ және табиғат пайдаланушының жауапкерішлігі. Жалпы экологиялық жауапкершілік дегеніміз мемлекеттің, адамның, қоғамның, болашақ ұрпақ және табиғат, пайдаланушы алдындағы жауапкершілігі.
Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз – кінәлі, құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік, мемлекеттің жеке және заңды тұлғалардың экологиялық құқықтар мен занды мүдделеріне және қоршаған ортаға келтірілген зиян келтіру немесе осындай зиянның туындауына нақты қауіп төндіру болып табылады. Экологиялық құқық бұзушылықтарды бірнеше топқа бөлуге болады. Олар:
1. Табиғи ресурстарды тоздыру, ластау (243, 250 баптар).
2. Табиғи ресурстарды жою және оған зардап келтіру (283, 287 баптар).
3.Экологиялық талаптарды орындау барысындағы құқық бұзушылықтар. (240, 245, 246, 247 және тағы басқа баптар).
4. Экологиялық талаптарды орындамау (249, 261, 270 баптар).
5.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен басқа да табиғи ортаға байланысты тәртіптерді бұзу (295, 297, 299 баптар).
6. Табиғатты пайдаланушының ережелерін бұзу (241, 254, 271, 272 баптар).
7. Табиғатты қорғаумен байланысты шараларды орындамау (244, 251, 252, 253 баптар).
8. Экологиялық ақпаратты жасыру немесе бұрмалау (242, 257, 258, 260, 268 баптар).
Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға төмендегідей әкімшілік жазалау шаралары қолданылады:
1)ескерту,
2)әкімшілік айыппұл салу,
3)әкімшілік бұзушылық жасаған құралдарын алып қою,
4)бұл құралдарды тәркілеу,
5)арнайы құқықтан айыру, л
6)лицензиядан айыру,
7)арнайы рұқсаттан айыру,
8)зардапты қызметке тыйым салу немесе оны уақытша тоқтату.
Экологиялық жауапкершілікті қоршаған ортаны қорғауға байланысты үш түрге бөлеміз: әкімшілік жауапкершілік, қылмыстык жауапкершілік, азаматтық-құқықтық жауапкершілік.
Бақылау сұрақтары:
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 370 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |