Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар

Читайте также:
  1. Е) жемқорлық қылмысы үшін 1 жылдан 7 жылға дейін.
  2. Жылдар аралығында ҚР тіркелген топ адамдармен жасалған қылмыстардың мәліметі
  3. Тақырып:Диагностикалық іс-әрекеттің ұйымдастырылу талаптары.

Іс-әрекеттің қылмыс еместігін айқындайтын мән-жайлар:

1) қажетті қорғану;

2) аса мәжбүрлі қажеттілік;

3) қылмыскерді ұстау кезінде зиян келтіру;

4) жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру;

5) орынды тәуекел;

6) күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу;

7) бұйрықты немесе өкімді орындау

4. Жаз түсінігі, мақсаты, түрлері, жаза тағайындау мен жазадан босату. Қылмыстық жаза соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық жазаның мақсаты - құқықтық әділдікті орнына келтіру, қылмыстың алдын алу, қылмыскерді тәрбиелеу. Қылмыскерді тән азабына салу және оның ар-намысын қорлау қылмыстық жазаның мақсатына жатпайды. Қылмыстық жаза түрлері негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі жаза түрлері: айыппұл салу; белгілі бір лауазым атқару немесе қызметпен айналасу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызметтен шектеу; қамауға алу; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығын шектеу;бас бостандығынан айыру; өлім жазасы. Қосымша жаза түрлері:айыппұл; арнаулы әскери атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру;мүлкін тәркілеу.Негізгі де, қосымша жаза да бола алатын жаза түрлері:айыппұл салу; белгілі бір лауазым атқару немесе қызметпен айналасу құқығынан айыру. Айыппұл - Қылмыстық кодексте көзделген щекте, заңмен бейгіленген және жаза тағайындауц сәтінде қолдалынып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде немесе сотталған адамның жалақысының немесе басқада табыс көзінің мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу. Белгілі бір лауазымды аттқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін - өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды аттқаруға, немесе белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады. Бұл жаза негізгі жаза ретінде 1 жылдан 5 жылға дейін, ал қосымша жаза ретінде 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарға тарту сотталушының негізгі жұмыснан немесе оқуынан бос уақытында тегін қоғамдық жұмыстарды орындауынан тұрады, жұмыстардың түрлерін жергілікті артқарушы немесе өзін-өзі басқару органдары белгілейді. Қоғамдық жұмыстар 60 сағаттан 240 сағатқа дейін белгіленеді және күніне 4 сағаттан аспайтын уақытқа өтеледі. Түзеу жұмыстары сотталушының негізгі жұмыс орны бойынша өтеледі және табыстың 5 процентен 25 процентке дейінгі шекте мемлекеттік кірісіне ұстап қалынады. Түзеу жұмыстары 2 айдан 2 жылға дейін тағайындалады. Әскери қызмет бойынша шеттеу - келісім шат бойынша әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметшілердің, сондай ақ шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлердін үлес қаражатынан 20 процентен аспайтын мөлшерде мемлекет кірісіне ақша ұсталып қалынады және осы мерзім ішінде сотталғандардың әскери шені және лауазымы көтерілмейді. Бас бостандығынан шеттеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнулы мекемеде 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге оны қадағалау жағдайында ұстаудан тұрады. Қамау сотталған адамы тағайындалған жазанын бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады. Ол 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімге тағайындалады. тәртіптік әскери бөлімде ұстау шақыру бойынша тағайындалады. Бас бостандығынан айыру сотталушының колония - қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колонияларына отыпғызу жолымен оқшаулаудан тұрады. Кәмелетке толмағандар бас бостандығынан айыруға кесілсе жалпы немесе ерекше режимдегі тәрбиелеу колонияларына орналастырылады. Бас бостандығынан айыру 6 айдан өмір бойы мерзімге дейін белгіленеді. Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалынатын аса ауыр қылмыстар үшін берілетін өлім жасасына балама ретінде беріледі. Ол әйелдерге, 18 жасқа толмаған және 65 жасқа толған еркектерге тағайындалмайды. Арнаулы әскери атағынан, сыныптық шенінен, дипломатияалық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қосымша жаза ретінде белгіленуі мүмкін. Мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу.ҚР Қылмыстық кодексінің 49- бабын сәйкес өлім жазасы-ату жазасы адамөміріне қол сұғатын аса ауыр қылмыстар үшін, соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, әскери қылмыстар жасағаны үшінең ауыр жаза ретінде қолданылады.Өлім жазасы әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған қылмыскерлерге, және сот үкімі шыққан кезде 65- жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.Қазақстанда өлім жазасы әзірге жаза ретінде қолданылады, әрі тағайындалады. Бірақ, ҚР Президентінің 2003ж.17 желтоқсандағы жарлығымен өлім жазасын орындауға мараторий енгізілді. Сондықтан өлім жазасы туралы үкімді орындау мараторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады, яғни мараторий өлім жазасын тағайындауға емес, оны орындауға жарияланған. ҚР Қылмыстық Кодексінде Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың бес негізі қарастырылған: 1) шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылымыс жасаған адам айыбын мойындап құқық қорғау органдарына келсе,қылмысты ашуға көмектессе, немесе келтірген зиянды өзгеше қалпына келтіргенде (65-бап); 2)қажетті қорғану кезінде шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.Қылмыстанболған үрейлену,қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқанда соттың шешімімен (66-бап); 3)жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ауыр емес, орташа ауыр қылмыстарда қолданылады (67-бап); 4)жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Сот қараған кезде жағдайдың өзгеруіне байланысты жасалған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса (68-бап); 5)ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; Егер қылмыс жасағаннан бастап мынандай мерзімдер өтсе қылмыстық жауаптылықтан босатылады:1)кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл; 2) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;3) ауыр қылмыс жасағаннан кейін он жыл; 4)аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл; (69-бап); Рақымшылдық(амнистия) жасау жөніндегі актіні ҚР Парламенті шығарады. Актінің негізінде сотталған адамдаржазадан босатылуы,жазаның қысқартылуы немесе неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін. Және жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкін.жазадан босатылғандардың соттылығы да алынып тасталады. Мысалы 2006 жылы 9 қаңтарда ҚР Парламенті «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылыұ жасау туралы» заңын қабылдады. Заңның орындалуын құқық қорғау органдары 6-ай ішінде қамтамасыз етуге тиісті болды. Жеке адамға, ол жөніндегі айыптау үкімі күшіне енген жағдайда кешірім жасау туралы актіні ҚР Президенті шығарады. Соттылық Сотталушы адам үкім заңды күшіне енген сәтінен бастап сотталғандықты жойғанға немесе алып тастағанға дейін сотталған болып есептеледі. Сотталғандық келесі мерзімде жойылады:1)шартты түрде сотталған адамдар бойынша--сынақ мерзімі өтуі бойынша; 2) онша ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар бойынша жазасын өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша; 3)ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазасын өтегеннен кейін алты жыл өткеннен кейін;

4) аса ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға жазасын өтегеннен кейін сегіз жыл өткеннен кейін;

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 109 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.005 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав