Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылмыстық және азаматтық процесс: субъектілері, сатылары, дәлелдер,бұлтартпау шаралары

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  5. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  6. Ағымдық және жедел жоспарлау
  7. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  8. Абілет және нышан
  9. Абсолютті және қатыстық шамалар
  10. Абылдау және оның физиологиялық негізі

Қылмыстық іс жүргізу сатылары:

1.Қылмыстық істі қозғау;

2.Қылмысты алдын-ала тергеу (анықтау немесе алдын-ала тергеу жүргізу);

3.Басты сот талқылауын тағайындау;

4.Басты сот талқылауы;

5.Апелляциялық саты бойынша сотта іс жүргізу;

6.Сот үкімін орындау.

Қылмыстық іс жүргізу субъектілері,яғни қылмыстық іске қатысушылар үш топқа бөлінеді.

1) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары жатады: сот,судья,прокурор,тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы,анықтау органдары, анықтаушы, анықтау органның бастығы.Бұл топтың субъектілеріне тән жағдай-олар қылмыстық істерді жүргізу мемлекеттік оргадар рөлін атқарады.

2) өз құқықтары мен мүдделерін немесе басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғап процеске қатысушылар. Олар: сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер,азаматтық жауапкер және олардың өкілдері.

3)өзге де іске қатысушылар жатады. Олар: эксперт, маман, аудармашы, куә, сот отырысының хатшысы,сот приставы. Бұлар қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін орындауда қамтамасыз ететін субъектілер.

Азаматтық іс жүргізу құқығы –азаматтық істерді қарау және шешу тәртібі және онымен байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Азаматтық істерге азаматтық, отбасылық,еңбек,тұрғын ұй, экологиялық,қаржы, салық және ведомстволық бағынышты соттардың қарауына жатқызылатын даулар жатады.Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көзі-1999 жылы 13 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі».Азаматтық іске қатысушы субъектілерге: мемлекеттік органдар, сот, жеке тұлға, куәгер, сарапшы т.б. Азаматтық істерді жүргізу құқығын реттеу әддісі императивті- диспозитивті сипатта болады. Соттық істі жүргізу әрекеттері (императивті) шешімдер, ұйғарымдар, нұсқаулар билік сипатында жасалады, оны мемлекеттік билік органдары шығарады. Ол мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген.Ал іске қатысушы (тараптар) тұлғалар іс жүргізу ірекеттері диспозитивті сипатта болады. Яғни іс талап етушінің талап- арыздан бас тартуы бойынша немесе тараптардың келісімге келуіне байланысты қысқартылуы мүмкін. Азаматтық іс жүргізудің басқа іс жүргізуден айырмашылығы осында. Азаматтық іс жүргізу сатылары:

1.Сотта азаматтық істің қозғалуы;

2.Істі сотта қарауға әзірлеу;

3.Істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау;

4.Істі апелляциялық тәртіппен қарау;

5.Заңды күшіне енген сот шешімдерін,ұйғарымдарын,қаулыларын қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау;

6.Заңды күшіне енген сот шешімдерін,ұйғарымдарын,қаулыларын жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;

7.Атқару ісін жүргізу.

Сотта азаматтық іс:

1)өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғау үшін өтініш жасаған тұлғаның талап арызы бойынша;

2).прокурордың арызы бойынша;

3)заң бойынша басқа тұлғалардың құқықтарымен мүдделерерін қорғау үшін сотқа жүгіне алатын мемлекеттік басқару,жергілікті өзін-өзі басқару органдарының,кәсіподақтарының,мекемелердің,ұйымдардың және азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады.І

Істі сотта қарауға әзірлеу 7 күн ішінде жүргізіледі.Күрделі істер бойынша судья мынадай міндеттерді шешеді:

1)дәлелдеу нысанасы,яғни істі сот отырысында қарау кезінде сот нақтылауға тиіс заңдық фактілер шеберін дұрыс анықтау;

2).тараптардың арасындағы құқықтық қатынасты анықтайтын қандай басшылыққа алатынын шешу;

3)іске қатысатын тұлғалардың құрамын анықтау;

4) іске қажетті барлық айғақтардың бәрін шоғырландыру.

Сот отырысы төрт бөлімнен тұрады:

1) дайындық;

2) істі мән-жайы бойынша қарау;

3) сот жарыссөздері;

4)сот шешімін шығару және хабарлау; Шешімге қанағаттанбағандар шешім шыққыннан кейін бес күн ішінде аппеляциялық шағым беруге құқы бар.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 88 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав