Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс 17.

Читайте также:
  1. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  2. IV – дәріс. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
  3. V – дәріс. Әлеуметтік институттар мен процестер
  4. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  5. VІI – дәріс. Тұлға әлеуметтануы
  6. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  7. X – дәріс. Саяси әлеуметтану
  8. XII – дәріс. Мәдениет әлеуметтануы
  9. XIIІ – дәріс. Отбасы әлеуметтануы
  10. XIV – дәріс. Қолданбалы әлеуметтану

1.«Ақша қаражаттары» туралы түсінік. Кассадаға қолма қол ақша.

2.Қолма қолсыз есеп айырысудың нысандары мен олардың сипаттамасы.

3.Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалардың есебі, ақша эквиваленттерінің есебі.

4.Есеп берілетін сомалардың есебі (кіші касса).

 

Ақшамен қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық ж/е уақытылы дер кезінде есептеу.

2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін ж/е оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.

3. Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

1040- «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шотында ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай құжаттар болуға тиіс:

- Саудадан немесе басқа да операциялардан түскен түсімді банкінің қабылдағанын дәлелдейтін құжат.

- Почта бөлімінің ақшаны қабылдағаны жайлы квитанциясы.

- Басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы берген авизасы.

Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Курс (бағам) – бұл ҚР Ұлттық банк мекемесі белгілеп отыратын екі ел ақша бірліктерінің (валюталарының) өзара қатынасы.

Кәсіпорындар мен ұйымдар және мекемелер өздерінің ақша қаражаттарын өздері таңдаған, өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Ол үшін кәсіпорындар мен ұйымдар өздері қалаған банк мекемелерінде есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Бір кәсіпорынның немесе субъектінің тиісінше әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына болады.

1040- «Есеп айырысу шотындағы ақшалар» - деп аталатын шоттың кредитінде жазылған операциялар номері 2-журнал-ордерде, ал дебетінде жазалған операциялар осы журналдың ведомосында есептелінеді.

Есеп айырысу шоттарындағы қаражаттар заңда көрсетілген белгілі тәртіп бойынша шот иесінің жазбаша бұйрықтары негізінде белгілі ғана пайдаланылады.

Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық обектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Касса арнайы жабдықталған, едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп едені жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған ж/е дыбыстық белгі беретін қондырқылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді.

1010- «Кассадағы ұлттық валютасы түріндегі нақты ақша» ж/е 452- «Кассадағы шетел валютасы түріндегі нақты ақша» - деп аталатын шоттар бойынша жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша номері бірінші журнал-ордерде, ал дебеті бойынша осы журнал-ордердің ведомосында жүргізіледі. Кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал-ордерде жүргізіледі.

 

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 159 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав