Читайте также: |
|
Есеп 1.
1 бірлік тауарлардың бағасы, тг | Ұсыныс көлемі, жылына мың дана | Сұраныс көлемі, жылына мың дана |
Тапсырма:
1) ұсыныс және сұраныс қисықтарын сызыңыз;
2) тепе-теңдік баға мен көлемді анықтаңыз;
3) графикте артық сұраныс және артық ұсыныс зоналарын көрсетіңіз;
4) ұсыныстар және сұраныстар қисықтары не болады, егер:
а) осы тауардың бағасы өссе;
б) осы тауардың бағасы төмендесе;
в) халықтың табысы өссе;
г) осы тауар сәннен шығып қалса.
Есеп 2. «Дауси» компаниясы айналысқа 100 мың қарапайым акция; (500 мың тг номиналды құн және 8% дивиденд нормасы бойынша) 5 мың айрықша акция жылжымайтын мүлікке құжатпен кепілдендірілген 85 облигацияны 10 % мөлшерлемесі бойынша шығарады. 628 мың тг таза пайда алынды. Тапсырма:
а) компания қарапайым акция ұстаушыларына қанша дивиденд төлеу керек;
б) компания айрықша акция ұстаушыларына қанша дивиденд төлеу керек.
Есеп 3. Елдің жалпы ішкі өнімі 14 млрд рубль. Бюджетке салықтық түсімдердің соммасы ЖІӨ шамасының 20 % -ы. Мемлекеттік шығыстар 3 млрд рубльге тең. Бюджеттік дефицитті анықтаңыздар.
Нұсқа 6
Есеп 1. Сұраныс функциясы келесідей: Qd=12-1,5P, ал ұсыныс Qs=2+2P функциясы. Анықтаңыздар: 1) сұраныс көлемі 30% -ға төмендеу үшін бағаны қаншалықты өсіру керек? 2) ұсыныс көлемі 40% -ға артуы үшін бағаны қаншалықты өсіру керек
Есеп 2. Акционерлік қоғам 100000 қарапайым акция және жылдық 5% төлеммен 50000 айрықша акция шығарды. Директорлар кеңесі дивиденд ретінде 500000 теңге бөлінетіндігі туралы жариялады. Осы сомманың қаншасын айрықша акция иелері, қаншасын қарапайым акция иелері алатындығын анықтаңыз.
Есеп 3. Жұмыссыздық көрсеткішінің шамасын анықтаңыз, егер еңбекке жарамды адамдар саны -110 млн. адам; экономикалық белсенді халық -120 млн. адам; жұмыс бастылық қызметінде тіркелгендер -36 млн. адам; жұмысы жоқ еңбекке жарамдылар -50 млн. адам болса.
Нұсқа 7
Есеп 1. Сұраныс және ұсыныс функциялары келесідей: Qd=8000-12P, Qs=4P-750. Дефицит шамасын және мемлекеттік баға 500 теңге болған кездегі “көлеңкелі нарық” бағасын анықтаңыздар
Есеп 2. Гүл сататын дүкеннің иесі жылына 20 мың ақша бірлігі (а.б) еңбекақы мөлшері бойынша сатушыны жұмысқа алды. Жылдық аренда соммасы -8 мың а.б. Ол өз ісіне 40 мың а.б. салды. Егер ол капиталды басқаша орналастырған жағдайда жылына 5 мың а.б. жоғалтпас еді. Ол өз кәсіпкерлік талантын жылдың 12 мың а.б –не бағалайды. Басқа фирма оған жылдық 30 мың а.б. еңбекақы мөлшерінде жұмыс ұсынады. Бухгалтерлік және экономикалық шығындарды анықтаңыз.
Есеп 3. Елдің еңбекке жарамды халқының саны 150 млн. адам, ал жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне сәйкес келетін жұмыссыздар саны 4,5 млн. адам. Жұмыссыздардың нақты саны 7,5 млн. адам. Егер ағымдағы жылда 2000 млрд. ақша бірлігі жалпы ішкі өнім алыну жоспарланса, жұмыссыздық өсуінің нәтижесінде жалпы ішкі өнімнің қанша көлемі кем алынады?
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 132 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |