Читайте также:
|
|
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Алматы энергетика және байланыс университеті
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ
Барлық мамандықтардың барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін семестрлік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар
Алматы 2012
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Жараспаева Қ.М., Жараспаева С.М. Экономикалық теория негіздері. Барлық мамандықтардың барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін семестрлік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2012. – 31 б.
Ұсынылып отырған әдістемеде семестрлік жұмысты орындауға арналған нұсқаулар мен тақырыптар беріліп, экономикалық теория негіздері курсын қамтитын әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Пікір беруші: экон. ғыл. канд., доц.. Тажиева С.Қ.
«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 ж. баспа жоспары бойынша басылады.
© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2012ж.
Кіріспе
«Экономикалық теория негіздері» пәнін оқу барысында студенттердің өзіндік жұмысына, курстың жеке мәселелерін оқу мен меңгерудің тиімді формалары болып табылатын семестрлік жұмыстарды орындауға елеулі орын бөлінеді. Семестрлік жұмыстарды орындау поцесінде студенттермен экономикалық теорияның маңызды және анағұрлым күрделі мәселелері терең зерттеледі. Әлемдік экономикалық ойдың жетістіктері сынмен (критический) қабылданады, нарықтық экономиканың қызмет етуінің тәжірибесі қорытындыланады. Оларда нарықтық типтік ғылыми экономикалық ойлау қалыптасады.
Сонымен қатар, семестрлік тапсырмаларды орындаудың мақсаты студенттерде оқу және қосымша әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеудің теориялық материалдарды жалпы қорытындылаудың және конспект жасаудың, статистикалық және нақты матеориалдарды жинау мен талдаудың, жұмысты дұрыс рәсімдеудің, зерттеліп отырған мәселені логикалық дұрыс жеткізудің дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Семестрлік жұмысты табысты орындау көп жағдайда, студенттердің осы семестрлік жұмысты орындауға қойылған негізгі талаптарды, оны орындау кезіндегі жұмыс тәртібін қаншалықты нақты түсінгеніне байланысты. Сапалы жұмыс жазу жұмыс жоспарын дұрыс құрастыра білуге, қажетті экономикалық әдебиеттерді таңдау мен оқи білуге, сандық және нақты материалды өңдей білуге байланысты. Сонымен қатар, жұмыс текстін дұрыс қалыптастыра және оны дұрыс рәсімдей білу керек. Осы әдістемелік нұсқаудың мақсаты – студенттерді осындай жұмыстарды жазу мен рәсімдеудің ережелерін білумен қамту.
Экономикалық теория негіздері» курсы бойынша семестрлік жұмыстарды орындау үшін рефераттар тақырыптары
1. Аралас экономика және оның Қазақстанда қалыптасуы.
2. ҒТР және оның жетістіктерін ҚР-да пайдалану (қолдану).
3. ҚР-ның табиғи ресурстары және олады тиімді пайдалану бағыттары.
4. ҚР-да адами ресурстардың дамуы.
5. ҚР-ғы инвестициялық ресурстар.
6. Кәсіпкерліктің ҚР-ғы жағдайы.
7. ҚР-ғы шағын бизнес: жағдайы және даму перспективалары.
8. Нарыққа көшу жағдайында ҚР-да мемлекеттік меншікті жекешелендіру.
9. Интеллектуалды меншік және оның ҚР-ң қазіргі экономикасындағы орны.
10. Қазақстанда акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің ерекшеліктері.
11. ҚР-ғы ақша реформасы.
12. ҚР-да ақша айналысының қазіргі таңдағы мәселелері.
13. ҚР-ғы нарық инфрақұрылымының қазіргі таңдағы жағдайы.
14. ҚР-ң қазіргі экономикасындағы мемлекеттің орны.
15. Бәсеке және оның Қазақстанның қазіргі нарықтық экономикасындағы орны.
16. Қазақстандағы табиғи монополиялар.
17. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызмет.
18. Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік саясаты.
19. Қазақстандағы тауар биржалары.
20. Қазақстандағы ақпарат нарығының қазіргі жағдайы.
21. Табыстар және олардың ҚР нарықтық экономикасындағы бөлінуі.
22. Еңбек нарығы: Қазақстандағы қазіргі тенденциялары.
23. Ренталық қатынастардың Қазақстанның қазіргі экономикасындағы ерекшеліктері.
24. ҚР-сы банктерінің қазіргі таңдағы пайыздық саясаты.
25. ҚР-сы бағалы қағаздары, түрлері.
26. Қазақстан бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және оның қазіргі таңдағы жағдайы.
27. Инвестициялық қорлар және олардың Қзақастандағы қызметі.
28. Экономика дамуының циклдігі және мемлекеттік дағдарысқа қарсы саясат.
29. Қазақстандағы инфляция: нарықтық реформалар кезіндегі ерекшеліктері және динамикасы.
30. Қазақстанның инфляцияға қарсы саясаты.
31. Қазақстандағы жұмыссыздық: қазіргі тенденциялары.
32. Қазақстанның қазіргі таңдағы жұмыс бастылық мемлекеттік саясаты.
33. Қазақстандағы мемлекеттің экономикалық рөлі.
34. ҚР-сы қазіргі таңдағы экономикасының макроэкономикалық саясатының мақсаттары.
35. ҚР-да ұлттық валютаның қалыптасуы мен күшею мәселелері.
36. ҚР Ұлттық Банкінің қазіргі таңдағы ақша-несие саясаты.
37. Қазақстан несие жүйесінің құрылымы.
38. Қазақстанның мемлекеттік бюджеті.
39. Қазақстанның мемлекеттік қарызы және оны жабу мәселелері.
40. Қазақстанның қазіргі таңдағы салық саясаты.
41. Қазақстандағы агроөнеркәсіптік сектор.
42. Нарыққа көшу кезіндегі ҚР-ғы баға бекіту.
43. ҚР-ң әлеуметтік қорғау жүйесі.
44. ҚР-ғы өмір деңгейі мен сапасы.
45. Қазақстандағы мемлекеттік сектор.
46. Жоспарлау және оның қазіргі таңда Қазақстандағы ерекшеліктері.
47. Экономикалық өсу және оның Қазақстандағы ерекшеліктері.
48. Қазақстандағы көлеңкелі экономика.
49. Қазақстанның индустриалды-инновациялық саясаты.
50. Қазақстандағы экономикалық реформалардың мақсаттары, кезеңдері және нәтижелелері.
51. Әлемдік экономиканың ғаламдануы: бағыттары және мәселелері.
52. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін дамыту және оның экспорттық потенциалын күшейту.
53. Қазақстан халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде.
54. Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының қазіргі жағдайы және оны жетілдіру бағыттары.
55. Капиталдың халықаралық көшуі. Қазақстанға шетел инвестицияларының құйылуы.
56. Қазақстан мен БДСҰ-ң өзара қатынасы.
57. Қазақстанның интеграциялық процестерге қатысуы.
58. ҚР-ғы меншік қатынастарының түрлері және шаруашылықтың қазіргі таңдағы формалары.
59. Қазақстан Республиксындағы өнеркәсіптік саясат.
60. Сауда капиталы және оның Қазақстан Республикасындағы қалыптасу ерекшеліктері.
61. ҚР нарықтық экономика шарттарындағы жалақы.
62. ҚР халқының әр түрлі топтарын жұмыспен қамту мәселелері.
63. Пайда экономикалық категория ретінде. Пайда формалары.
64. Монополияға қарсы реттеу, оның дамыған мемлекеттердегі ерекшеліктері.
65. Экономикалық теорияның мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастырудағы орны.
66. Қазақстанның банктік жүйесі.
67. Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты.
68. Әлеуметтік саясат, оның критерилері және көрсеткіштері, ҚР-ғы ерекшеліктері.
69. Бүгінгі таңдағы дағдарыс жағдайындағы ҚР дағдарысқа қарсы саясаты.
70. Электронды ақшалар және оларды қолдану формалары.
71. Қаржылық делдалдар және олардың Қазақстанның нарықтық экономикасындағы орны.
72. ҚР қор биржасы.
73. Әлеуметтік қорғау жүйесі: ҚР жағдайында дамуы.
74. Әлеуметтік бағытталған нарық тұжырымдамасы және оның әртүрлі елдерде қолданылуы.
75. ҚР индустриалды-инновациялық саясатының маңызды бағыттары.
76. ҚР кластерлік саясаты.
77. ҚР банктік емес қаржы-несие институттары.
78. Кедейлік: өлшеу мәселелері және жою жолдары.
79. ҚР еңбек нарығының дамуы.
80. Халықтың өмір деңгейі ҚР мемлекеттік экономикалық саясатындағы маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш ретінде.
81. Әлемдік нарықтың ҚР ұлттық экономикасының дамуына әсері.
82. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері.
83. Қазақстанның 2015 ж. дейінгі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының басым жақтары.
84. Ұлттық шоттар жүйесі: түсінігі мен құрылымы және ҚР пайдаланылуы.
85. ҚР туристік қызметтер нарығы: ерекшеліктері және қалыптасу мәселелері.
86. Макроэкономикалық тұрақсыздық және оның көріну формалары.
87. Салық саясаты ҚР экономикасын мемлекеттік реттеу құралы ретінде.
88. Тұрақтандыру саясаты және оның Қазақстандағы ерекшеліктері.
89. ҚР халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы.
90. ҚР сыртқы экономикалық саясаты.
91. Қазақстанның экономикалық потенциалы (келешегі).
92. Агроөнеркәсіптік кешен және оның экономикадағы орны.
93. Бірлескен кәсіпорындар және олардың Қазақстанда даму келешегі.
94. Өнім сапасын арттырудың экономикалық мәселелері.
95. ҚР зейнетақы қорлары.
96. Жалға берудің ҚР қазіргі ауыл шаруашылығындағы орны.
97. Жалған ақша жасау және қазіргі экономикада онымен күресу.
98. Қаржы - өнеркәсіптік топтар және олардың ҚР-да экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі орны.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 166 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |