Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орытынды

Читайте также:
  1. Lt;question> Төмендегілердің қайсысын криминалистикалық идентификацияның қорытынды кезеңі ретінде қарастыруға болады
  2. Дәлелді медицина» пәні бойынша қорытынды білімді және дағдыны бағалауға арналған бақылау сұрақтары
  3. Математика, информатика, физика апталығына арналған қорытынды кеш.
  4. Оқудың қорытынды нәтижелері
  5. ОРЫТЫНДЫ
  6. Орытынды.

Экономикалық теория бойынша жұмыстар әдетте, бірінші сұрақта мәселенің негізгі теориялық жағдайларын қарастыруда қамтиды. Ал ары қарайғы сұрақтарды мәселенің тәжірибе жағын қарастыру керек, теорияны Қазақстандағы нарықтың тәжірибесімен салыстыру қажет.

Жұмыс кіріспе және қорытындыдын тұру керек. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі және оның теорияда алатын орны мен экономикалық өмірдегі тәжірибелік маңызы атап көрсетілуі, жұмыста қойылатын негізгі мәселелер қалыптастырылуы мәселенің маңызды жақтары анықталуы қажет. Кіріспеде құбылыстың пайда болуы мен дамуының, тарихының, қарастырылуы негізгі категорияларға анықтама берілуі, тақырыптың мазмұнды жақтарының түсіндірілуі дұрыс емес.

Қорытынды жұмыстан шығатын негізгі қорытындылар мен ұсыныстарды қамтуы керек. Қорытындыда жұмыстың негізгі бөлімінде айтылмаған мәселелер қарастырылмауы жөн. Кіріспе мен қорытынды жұмыс жоспарында нөмірленбейді.

Жұмыс көлемі компьютерлік тексте 15 беттен тұрады. Текст 1,5 интервалмен 14 кегль шрифтпен теріледі. Жұмыстың құрылымы төмендегідей: сыртқы парақ, жұмыс жоспары (мазмұны), кіріспе, жоспар сұрақтары айқындалған негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі. Беттер нөмірленген болуы тиіс.

Әдебиеттер тізімі кем дегенде 3 көзден, оның ішінде 2-уі қосымша әдебиеттерден тұруы қажет. Қосымша әдебиеттерді іздеу бойынша өз бетінше жұмысты кітапхананың каталогтар мен анықтамалық библиографиялық басылымдардың көмегімен жүргізуге болады. Мерзімдік басылымдардағы материалдарды пайдалану керек (экономикалық журналдар, газеттер). Экономикалық сұрақтар бойынша қажетті материалдарды келесі журналдардан табуға болады: Аль-Пари, Қаржы-Қаражат, Банки Казахстана, Саясат, ҚазҰУ Хабаршысы (экономика сериясы) т.б.

Интернет материалдарын тек қана өз бетінше шығармашылық тұрғыдын өңдеген және жұмыста осы сайтқа сілтеме жасалған кезде ғана қолдануға жол беріледі.

Әдебиеттерді таңдау кезінде олардың басылымға шыққан уақыты ескерілуі керек. Бірінші кезекте соңғы жылдары жарыққа шыққан әдебиеттер пайдаланылуы қажет. Көнерген әдебиеттерді пайдалану жұмыс сапасын төмендетуі мүмкін. Дегенмен кейбір тақырыптар анағұрлым ертеректе шыққан әдеби көздерді пайдалануды қажет етеді. Мысалы, экономикалық теорияның пайда болуына экономистердің жеке экономикалық мәселелерге деген көзқарастарының эволюциясына арналған тақырыптар. Мұндай семестрлік жұмыстардың құнын түпнұсқалық көздерді, яғни осы мәселені зерттеген экономисттердің жұмыстарын пайдалану арттырады. Көптеген түпнұсқалық текстерді интернеттен табуға болады.

Көп жағдайда нормативті экономикалық теория бір мәселеге әртүрлі көзқарастармен сипатталады. Егер әртүрлі авторлардың қарастырылып отырған сұрақ бойынша ортақ көзқарасы болмаса, онда жұмыста әдебиеттерде бар әртүрлі көзқарастарды келтіру (қарастыру), оларды салыстыру оларға сындық баға беру және анағұрлым дұрыс көзқарасты негіздеу керек. Бұл семестрлік жұмыс деңгейін елеулі арттырады.

Жұмысты оқулықтан көшіруге, компьютерлік көздерден дайын жұмыстарды пайдалануға, сонымен қатар бір тақырыпқа біркелкі текспен жазылған жұмыс тапсыруға жол берілмейді. Мұндай жұмыстар қабылданбайды, қайта қарастыру үшін қайтарылады.

Жұмыста оның жеке ережелері мен келтірілген нақты және сандық материалдарының арасында әртүрлі қайшылықтар болмас үшін өз ойларыңызды дербес қалыптастыруға, қайталауға жол бермеуге ұмтылу қажет. Жұмыстың ізденушілік және шығармашылық сипаты болады. Автор қарастырылып отырған сұрақтарды дербес түрде мазмұндауда, көзқарастарды салыстыруда, өз ойынша дұрыс көзқарасты таңдауда, өз таңдауын дәлелдеу теориялық ережелерді нақты материалмен, мысалдармен бейнелеуде, шешуді талап ететін проблемаларды анықтауда өз шеберлігін көрсете білу керек.

Қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістер туралы дұрыс, дәлелді қорытындыны нақты материалдарды зерделеп және талдау негізінде жасауға болады. Бұл материалды талдау теория мен тәжірибенің байланысын көрсетеді.

Қағидаттар мен теориялар жайттарды (факты) талдауға негізделген мазмұнды топтастыруды, жалпылауды білдіреді, жайттар өз кезегінде бекітілген қағидаттардың үнемі дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Жайттар, яғни экономикадағы тұлғалар мен институттардың мінез-құлықтары уақыт өте келе өзгереді. Сондықтан бар қағидаттар мен теорияларды өзгеріп отыратын экономикалық ортамен салғастырып отыру керек.

Міне, сол себепті экономикалық құбылыстарды талдау үшін қажет нақты материалдар мен статистикалық мәліметтерді жинауға ерекше мән беру керек. Экономикалық құбылыстарды сандық талдау олардың сапалық мәніне терең бойлауға ықпал етеді. Жайттар кездейсоқ емес, берілген жағдайға сәйкес болуы керек. Кездейсоқ алынған фактілер дұрыс қорытындыға негіз бола алмайды. Олар әбден таңдалған және терең талданған болуы тиіс. Осыған орай сандық және фактілік материалдардыдұрыс талдау, оны ғылыми өңдей топтай және салыстыруға ыңғайлы өлшем бірліктеріне келтіре білу өте маңызды.

Егер біршама көлемді мәліметтер талданатын болса нақты материалдарды өңдеу және оны жұмыста көрсетуде талдаудың кестелік және графиктік әдістерін қолданған дұрыс, яғни сандық мәліметтер топтастырылып, жұмыста кесте, диаграмма, график түрінде көрсетілуі қажет. Олар экономикалық талдаудың баға жетпес құралдары болып табылады. Олар әдеттегі күрделі байланыстарды нақты көрсетуге мүмкіндік береді.

Әбден редакцияланған жұмыс мәтінін дұрыстап өңдеу қажет. Бұл үшін өзіндік жұмыс компьютерде терілуі тиіс. Сыртқы парағында жоғарғы оқу орнының аты, жұмысты қабылдайтын кафедраның аты, әлеуметтік пәндер кафедрасы, жұмыс нөмірі, жұмыс тақырыбының аты, жұмыс авторының тегі, инициалдары, өзі оқитын факультет, топ және сынақ кітапшасының шифр нөмірі, жұмысты тексеретін оқытушының тегі мен инициалдары көрсетілуі тиіс. Сыртқы парақтың төменгі жағында жұмыс жазылған қала мен жыл жазылады: Алматы 2012. Келесі парақта жұмыс жоспары жазылады, бөлімдердің сәйкес парақтары көрсетіледі. Әрі қарай жұмыс мәтінінің мазмұны жоспар сұрақтарына сәйкес ашылады, әрбір бөлім сәйкес тақырыпшалармен жабдықталуы қажет. Жұмыс мәтіні парақтың бір жағынан оқытушының мүмкін болатын ескертпелері үшін орын қалдыра отырып жазылады.

Мәтінде көрсетілген цитаталар статистикалық мәліметтерге, олар алынған қайнар көздерге сілтемелер жасалынуы қажет. Сілтемелер келесі түрде жасалады. Жұмыста көрсетілген цитата, кесте сандық мәліметтер және әртүрлі көзқарастардың жанына квадрат жақшаның ішіне сілтеме нөмірі көрсетіледі. Әдебиеттер тізімінде берілген нөмірмен берілген материал алынған парақ нөмірі көрсетілген қайнар көз орналастырады.

Әдебиеттер тізімі мемлекеттік стандартқа сәйкес рәсімделеді. Онда жұмыстың атауы, авторының аты және инициалдары, жасалған жылы мен орны, сілтеме жасалған беттері көрсетіледі. Журналдан алынған мақалаларда автордың фамилиясы, мақаланың аты, ол басылған журналдың атауы, шыққан жылы, нөмірі, беттері көрсетіледі. Газет материалдарына талаптар да осындай, тек нөмір орнына газет шыққан күнін және айын қойған дұрыс. Төменде әдебиеттер тізімін көрсету мысалы келтірілген:

1. Нурпейіс Е. Экономикалық теория. Халықаралық экономика негіздері: Оқу құралы. – Алматы, 2002.

2. Байпақбаев Ж. Қазақстанадағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері. Саясат. - №7. – 2006. – 26 б.

3. Айтжанова Д., Н Тілегенов «Ұлттық экономикадағы «голандтық аурулардың» салдары мен оны шешудің жолдары». «Қаржы-қаражат» № 5-6/2006. 48 б.

 

Әдеби қайнар көздерді жазуда белгілерді (нүктелерді, үтірлерді, сызықшаларды) қоюға көп көңіл бөлу керек. Көрсетілген орындарда олардың болуы мемлекеттік стандартпен талап етілген, сондықтан біз ол талаптарды орындауымыз керек.

Семестрлік жұмыстың соңында студент өз қолын қояды, орындаған күнін көрсетеді, содан кейін жұмыс оқытушыға тексеру үшін тапсырылады. Жұмыста кемшіліктер болған және қабылданбаған жағдайда, студент жаңа жұмыс орындауы немесе ескі жұмысты жаңартуы керек.

Егер жұмыс қабылданбаса, оқытушы пікірде қандай сұрақтардың қайта қарастырылуы және жұмыс қандай бағытта орындалуы, қандай қайнар көздер қосымша қарастырылуы, қандай қосымша материалдардың зерттелуі, жоспардың қалай дұрыс құрылуы керек екендігін, рәсімдеудегі кемшіліктерді және т.б. атап көрсету керек.

Оқытушы атап көрсеткен кемшіліктер жойылғаннан кейін жұмыс бірінші пікірмен қоса қайта тексерілуге тапсырылады.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 78 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав