Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Саяси тәртіп

Читайте также:
  1. X – дәріс. Саяси әлеуметтану
  2. Жаңа замаңдағы саяси ілімдер тарихы және қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер
  3. Көне Грекия мен ежелгі Римдегі қоғамдық-саяси жағдаят.
  4. Л-Фарабидың саяси әлеуметтік көзқарастары
  5. Саяси билік
  6. Саяси жүйе
  7. Саяси мәдениет
  8. Саяси мәдениет.
  9. Саяси сана және идеология

1 Саяси билік пен қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы қалай атайды?

A) саяси мәдениет C) билеу формасы D) саяси жүйе

B) саяси тәртіп E) саяси процесс

2 Төменде берілген белгілерінің демократиялық саяси тәртіпке қатысы жоғын көрсетіңіз:

A) баламалы және белгілі мерзімге өткізілетін ашық сайлаулар

B) үкімет сайлау нәтижесінде қалыптасады және көпшіліктің үкіметі болып табылады

C) жеке адамның құқығы мен еркіндігі заң жүзінде қорғалады

D) экономика мен саясаттың бірігуі E) азшылық құқы жүзінде қорғалады

3 Демократиялық тәртіпте биліктің көзі кім немесе не болып табылады?

A) ақша C) халық D) күш

B) харизматикалық лидер E) саяси партия

4 Демократиялық тәртіп кезінде қандай принцип басшылық етеді?

A) тыйым салынбаған нәрселердің бәріне рұқсат етіледі

B) саясаттан басқаның бәріне рұқсат

C) бұйырылмаған нәрселердің барлығына тыйым салынған

D) діннен басқаның бәріне рұқсат беріледі E) барлығына рұқсат берілген

5 Төменде берілген белгілерінің антидемократиялық саяси тәртіпке қатысы жоғын көрсетіңіз:

A) мемлекеттік биліктің ел азаматтарынан толық тәуелсіз болу

B) заң орындарына атқару билігінің есеп бермеуі

C) жеке адамның мемлекеттік аппарат алдындағы дәрменсіздігі

D) жеке адам мен азшылық құқының аяқ асты болуы

E) баламалы және белгілі мерзімге өткізілетін сайлаулар

6 Тоталитарлық тәртіп дегеніміз:

A) орталықтандырудың, бірлестірудің, қоғамның барлық салаларын әкімшілік орталыққа бағындырудың шектен шыққан, экстремалды түрлерімен сипатталатын саяси және қоғамдық құрылымның ерекше түрі

B) мемлекеттік биліктің халық алдында есеп беру мен сайлау негізінде қалыптасқан саяси құрылым

C) біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі

D) діндік элитаның абсолюттік билігі E) әскери жоғарғы шендегілердің билігі

7 Төменде берілген белгілерінің тоталитарлық саяси тәртіпке қатысы жоғын көрсетіңіз:

A) азшылық құқы жүзінде қорғалады

B) бүкіл қоғамның саяси өміріне ықпал жүргізетін бірден-бір бұқаралық партияның болуы

C) қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып отырған идеологияға мемлекеттің қожалықтың болуы

D) адам өмірінің барлық саласына аппарат тарапынан жаппай бақылаудың болуы

E) жеке адамға террор мен зорлықтың қолдануы

8 Тоталитаризм алғаш рет қай кезде пайда болды?

A) б.з. 2 м.ж. соңында Месопотамияда D) 20 ғ. 20 ж. Италияда

B) 20 ғ. 50 ж. соңында Қытайда E) 1989-2002 жж. Ауғанстанда

C) 20 ғ. 30-50 жж. КСРО

9 Тоталитаризмнің тармақтары:

A) кеңестік социализм (сталинизм) мен консерватизм

B) неміс национал-социализмі (фашизм) мен либерализм

C) консерватизм мен либерализм

D) кеңестік социализм (сталинизм) мен неміс национал-социализмі (фашизм)

E) авторитарлық монархия мен солидаризм

10 Қандай саяси тәртіпке жылдам индустрияландыру мен ауыл шаруашылындағы күшпен ұжымдастыру, бюрократиялық жоспарлау, өндірісті басқарудан еңбекшілерді аластату тән?

A) фашизм C) авторитарлық монархия D) авторитаризм

B) сталинизм E) әскери басқару

11 1919 ж. Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы:

A) фашизм C) солидаризм D) авторитаризм

B) сталинизм E) консерватизм

12 Қандай саяси тәртіпке мемлекеттің диктаторлық функцияларының күшеюі, демократиялық еркіндіктермен күрес, адам құқының күрт шектелуі, шовинизм, нәсілшілдік, экстремистік ұлтшылдық, әскери агрессияға талпыну тән?

A) фашизм C) солидаризм D) авторитаризм

B) сталинизм E) консерватизм

13 Национал-социалистік мемлекеттің мүдделері, нәсілшілдік, антисемиттік, антикоммунистік идеологиямен қаруланған неміс ұлтының этникалық үстемдігі туралы А.Гитлердің еңбегі:

A) Ескі тәртіп пен революция C) Билеуші D) Менің күресім

B) Марксизм мен ұлттық сұрақ E) Капитал

14 Авторитарлық тәртіп дегеніміз:

A) орталықтандырудың, бірлестірудің, қоғамның барлық салаларын әкімшілік орталыққа бағындырудың шектен шыққан, экстремалды түрлерімен сипатталатын саяси және қоғамдық құрылымның ерекше түрі

B) мемлекеттік биліктің халық алдында есеп беру мен сайлау негізінде қалыптасқан саяси құрылым

C) біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі

D) діндік элитаның абсолюттік билігі E) әскери жоғарғы шендегілердің билігі

15 Төменде берілген белгілерінің авторитарлық саяси тәртіпке қатысы жоғын көрсетіңіз:

A) саяси және жеке тәртіпті бұзбау B) үкіметке қарсы шықпау

C) көппартиялықтың болуы

D) адам өмірінің барлық саласына аппарат тарапынан жаппай бақылаудың болуы

E) диктатураның идеологиялық болмауы

16 Теократиялық саяси тәртіпке тән белгілері:

A) самодержавиенің монархтың түрі

B) жеке адамның билікті басып алып уысынан шығармауы

C) біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі

D) діндік элитаның абсолюттік билігі E) әскери жоғарғы шендегілердің билігі

17 Авторитарлық монархия дегеніміз:

A) самодержавиенің монархтың түрі

B) жеке адамның билікті басып алып уысынан шығармауы

C) біржақты билеу, басқарушылардың бағынушыларға жүргізетін үстемдігі

D) діндік элитаның абсолюттік билігі E) әскери жоғарғы шендегілердің билігі

18 Чили, Аргентина елдеріне тән саяси режим:

A) теократиялық C) демократиялық D) тирания

B) әскери басқару E) фашизм

19 Сауд Аравиясы, Иордания елдеріне тән саяси режим:

A) теократиялық C) авторитарлық монархия D) тирания

B) әскери басқару E) фашизм

20 Қазіргі Қазақстанға тән саяси тәртіп:

A) теократиялық

B) әскери басқару

C) авторитарлық монархия

D) тирания

E) демократиялық




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 24 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.011 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав