Читайте также:
|
|
2003 жыл млн теңге | Инвестициялардың жалпы көлемiндегi үлесi, %-бен | |||
2001 ж | 2002 ж | 2003ж | ||
Кәсiпорындар мен ұйымдар бойынша барлығы Соның iшiнде: Мемелекеттiк Жеке Басқа мемлекеттер, олардың заңды ұйымдары мен азаматтары мен халықаралық ұйымдар | 100,0 14,5 54,3 31,2 | 100,0 15,1 54,2 30,7 | 100,0 15,0 62,6 22,4 |
Негiзгi капиталға инвестициялардың негiзгi көлемiн жеке меншiк нысандағы кәсiпорындар мен ұйымдар (62,6%), сондай-ақ басқа мемлекеттердiң Қазақстан аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер (22,4%) игерген.
2003 жылы 1327,8 млрд теңге негiзгi капиталға инвестициялардан өнеркәсiптiң дамуына 812,5 млрд теңге (68%) бағытталды. Басымдық салалар – мұнай өндiру және табиғи газ (53%), көлiк және байланыс (11%), өңдеу өнеркәсiбi (8%) және жылжымайтын мүлiкпен операциялар (6%).
1991-2003 жылдар аралығында күрделi құрылысқа бағытталған инвестицияларға талдау жасасақ, 1991-1996 жылдары бұл көрсеткiш бойынша төмендеу тенденциясы орын алды. Бiрақ 1997 жылдан бастап, инвестициялық сферада белседiлiктiң төмендеуi тоқтатылып, инвестициялық iс-әрекеттiң өсуi байқалды. 1997-2000 жылдар аралығында күрделi құрылысқа бағытталған инвестициялардың көлемi 2,9 есе жоғарылады.
Курделi құрылысқа бағытталған инвестициялар 2000 жылы 414,2 млрд теңгеден астам соманы құрап, 1999 жылғы деңгеймен салыстырғанда 1,5 есе жоғарылады. Ал 2003 жылы бұл көрсеткiш 995,4 млрд теңгенi құрады. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2,3 есе артты (кесте 2).
Негiзгi капиталға бағытталған инвестициялар көлемiнiң өсуi негiзгi қорларды iске қосу көлемiнiң өсуiне алып келедi. Республикада iске қосылған негiзгi қорлардың жалпы құндық көлемi 2002 жылы 4301 млрд теңгенi немесе жалпы капиталды салымдар көлемiнiң 79,9% құрады (1999 жылы бұл көрсеткiш 59,3% құраған). Ал 2003 жылы iске қосылған негiзгi қорлардың жалпы құндық көлемi 490,2 млрд теңгенi құрап отыр. Инвестициялар негiзiнен салынған қаржылардың қайтарымы мол, пайдасы да жоғары өндiрiс объектiлерiне бағытталады.
Кесте 2
Қазақстан Республикасында инвестициялық iс-әрекет көрсеткiштерiнiң өзгеру динамикасы
(нақты құн бойынша, млн теңге)
Көрсеткiштер | 1998ж | 1999ж | 2000ж | 2001ж | 2002ж | 2003ж |
Негiзгi қорларды iске қосу | ||||||
Күрделi құрылысты инвестициялау |
1993-2003 жж. аралығындағы кезеңде шетелдiк тiкелей инвестициялар, көлемi 1993 жыл деңгейiмен салыстырғанда 10,8 есе өскен.
Қазақстан экономикасын инвестициялау өнеркәсiптiк секторда диспропорцияның тереңдеуiмен қатар жүрдi. Шетелдiк тiкелей инвестициялар негiзiнен мұнайгаз өндiретiн және металлургия өнеркәсiбiне бағытталуда.
1999-2003 жылдардағы шетелдiк тiкелей инвестициялардың экономикаға түсуiнiң халық шаруашылығының салалары бойынша таралуы кестеде көрсетiлген (кесте 3).
1995-2003 жылдары донор-елдерден Қазақстанға несиелер, қаржылық сұраныс, реинвестицияланған табыс түрiнде келген шетелдiк тiкелей инвестициялардың көлемi 9381,7 млн долларды құрады.
Жылы Қазақстанға шетелдiк инвестициялардың ең үлкен көлемi АҚШ елiнен – 993,5 млн доллар, Ұлыбританиядан – 464,2 млн доллар, Италиядаг – 351,0 млн доллар, Ресей Федерациясынан – 163,2 млн доллар тартылды, Нидерланды елiнен – 109,9 млн доллар тартылды
Кейс сұрақтары:
1. Инвестициялық белсендiлiктiң төмендеуiне әсер етушi факторлар.
2. Қазақстандағы инвестициялық климат жағдайы
3. Қазақстан экономикасына шетелдiк инвестициялардың құйылуы мен оларды игеру процесiн талдай отырып, тұжырымдама жасаңыз.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң инвестициялық саясаты
5. Ұлттық экономиканы дамытуға тiкелей шетелдiк инвестициялардың құйылуының нәтижесіне болжам жасаңы
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 114 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |