Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лттық экономикадығы аграрлық өндірістің ерекшеліктері

Читайте также:
  1. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  2. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  3. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу
  4. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  5. Азақстан Республикасындағы валюталық реттеудің ерекшеліктері
  6. Азақстан Республикасының өңірлік экономикасының ерекшеліктері
  7. Бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау
  8. Бап. Ұлттық стандарттар
  9. Бап. Жерасты құрылыстарына құқықтарды тіркеу ерекшеліктері
  10. Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.

Аграрлық өндірістің бірінші және негізгі ерекшелігі — ол, осындағы адам еңбегінің, өнеркәсіптік еңбекпен салыстырғандағы айырмашылығы болып табылатын планетаның белгіленген қуатын жұмсауға емес, оны жинақтауға бағытталады. Қоғам эволюциясының төменгі сатыларында адамдар өз тамақтарын жинау, аң аулау, балық аулау арқылы тапқан, ал оларды сақтауды білмеген. Осы жағдай адамдардың күн көріс негізіне шек қояды, планета халқының өсуіне кедергі келтіреді. Эволюциясының белгілі кезеңінде, адамзат өзін жойып жіберетін экологиялық апатқа ұшыраған: адамдар санының өсуі, олардың табиғи күнкөріс базасының ұдайы өндірілу мүмкіндігінен артып кеткен.

 

Адамзат жинайтын шаруашылықтан өндіретін шаруашылыққа көшу арқылы өзін сақтап қалған: қорек табудың жаңа тәсілі табылады: ол — азық-түлікті өндіру. Жинаудан егістікке, аң аулаудан мал өсіруге көшіп, адамдар күннің қуатын белгілеуді үйренеді, яғни өсімдіктердің саналы емес жасайтынын, саналы түрде жасауға үйренеді. Осындай алмасу (неолиттік төңкеріс) адамзатты аштықтан сақтап қалғанымен қатар, адамның әлеуметтік жануар бейнесіндегі эволюциясына жол ашады. Осыдан бастап адам жаңа сапалық болмысқа ие болады — ол экономикалық құбылысқа айналады.

 

Аграрлық өндірістің екінші ерекшелігі осында қолданылатын еңбек шарттарының ерекшеліктерімен белгіленеді. Тамақ өндірісіне көшіп, адам енді бұрынғы жинап алудан және аң аулаудан келетін өнімдердің бір бөлігін тұтыну заттары ғана емес, соларды өндіретін құрал етіп пайдаланады. Оның өсіретін өсімдіктерінің және малдарының өміріне қажет өнімдер адам еңбегінің нәтижесі болып табылады.

 

Бір еңбек процесінде еңбек заттарының да, еңбек құралдарының да қызметін атқаратын өсімдіктер, малдар және жер қыртысы өндірістің басты ресурсы болып табылады. Бұнда мына жағдаймен есептесу қажет: жер, өсімдіктер, малдар еңбек заттарының қызметін атқарғанда, өндіріс процесінде олардың тек формасы ғана өзгеріске түсетін материалдық субстракт, табиғи зат деп есептеледі. Бұлар аграрлық өндірістің жүргізілуіне дайындық жүріп жатқан мезгілде еңбек заттары қызметін атқарады. Бұнда еңбек мынадай бағытта жұмсалады: жер қыртысына, өсімдіктердің өсуіне қажет қасиеттер беру үшін, тұқымдарды себуге дайындау және оларды жерге себу үшін, өсімдіктерді күту, малдарды бағып күту, селекциялық жұмыс, т.б. үшін жұмсалады.

 

Жанды еңбек, осы жағдайда, біріншіден, табиғи өндіріс құралдары мен жаңа қуаттар жинақтау қабілеттілігін қамтуға қажет жағдайлар жасауға бағытталады. Екіншіден, жанды еңбек керек мөлшерден артық дайындалған, жиналған қуатты белгілейді. Нәтижесінде, адам өзінің іс-әрекеттерінің арқасында қуаттарды тұтынатын малдардың табиғи қызметін, өсімдіктердің қуаттарды жинақтайтын табиғи қызметімен қосып ұштастырады. Егер өнеркәсіптік өндірісте прогрестің басты қозғаушысы еңбек құралдары болса, аграрлық өндірісте жетекші рөлді табиғи факторлар атқарады. Жасанды еңбек құралдарының экономикалық міндеті — органикалық табиғаттың заттарын жасайтын, табиғи өндіріс құралдарының әрекеттеріне жағдай тудыратын, адам еңбегіне көмек көрсету, немесе, олар көмекші, туынды қызмет атқарады. Осы жағдайлар аграрлық өндірістегі эволюциялық процестердің негізгі ерекшеліктерін белгілейді.

 

Аграрлық өндірістің үшінші ерекшелігі — ең басынан біріншілік өнімнің ерекше формасын алатын, оның (аграрлық өндірістің) өнімінің ерекше табиғаты.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 36 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы ж/е қорғауы. | Дж.Кейнстің концепциясы | Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу | Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері | Салық жүйесін құрудың қағидалары | Ақша – несиелік реттеудің теориялық негіздері | Экономикалық өсу:факторлары және мемлекеттік іс-шаралар | Агробизнесті мемлекеттік реттеу | Мемлекет және ірі бизнес | Р қазіргі өнеркәсіптік саясат |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав