Читайте также: |
|
Инфляция – ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеу ұзақ мерзімді процесі. Ашық және жасырын инфляция болып ажыратылады. Ашық инфляция баға деңгейінің ұзақ уақыт өсуінен көрінеді, жабық (жасырын) инфляция – мемлекеттің қатаң бақылауы жағдайында көрінеді.
Өсу қарқынына қатысты, ашық инфляция әртүрлі жылдамдықта өтуі мүмкін. Осымен байланысты:
- ақырын (бағаның өсуі жылына 3-4%-ды құрайды);
- алашапқын (бағаның өсуі жылына 200%-ға дейін құрайды немесе айына 50%-дан асады (Ф. Кейган критерийі).
Ашық инфляция сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясы формаларын қабылдауы мүмкін. Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан артық болуынан, ал шығындар инфляциясы – өндіріс факторларына бағалардың өсуінен туындайды.
Шығындар инфляциясы келесі факторлармен байланысты:
- еңбек өнімінің өсуінен алда келе жатқан, жалақының ұлғаюымен;
- ұсыныстың әлсіреуімен – жиынтық сұраныстың өзгеруіне қатысты емес сыртқы оқиғалармен (шикізатқа, энергияға, отынға, жалгерлікке және т.б. бағаның күрт өсуі);
- кәсіподақтар бүгінгі күні ертеңгі күннің жалақысын талап ететін, ал фирмалар өнімдерге өзінің пайызын қосатын, олигополистік кәсіпорындар мен кәсіподақтар пайдаланатын «баға үстемесі».
У. Филипс белгілегендей, номинал жалақы мен жұмыссыздық деңгейінің өзгеру қарқындарының кері эмпирикалық байланысы өмір сүреді. Жұмыспен қамтудың ұлғаюы мен жұмыссыздықтың төмендеуі инфляцияның өсуімен қоса жүреді. Инфляция деңгейінің төмендеуіне жұмыспен қамтуды шектеу және жұмыссыздықты ұлғайту жолымен жетуге болады. Бұл, қысқа мерзімді кезеңде инфляция мен жұмыссыздық деңгейі арасында Филипс қисығы ретінде айқындалатын, кері байланыс мәлім болатынын білдіреді.
Филипс қисығы көрсетіп тұрғандай, жұмыс күшіне сұраныстың артуы және жұмыссыздықтың азаюы жағдайында, экономикадағы баға деңгейі көтеріледі. Осылайша, ол оны жұмыссыздық функциясы ретінде анықтай отырып, инфляцияның ықшамдалған бірфактуралы үлгісін береді. Филипс қисығы, жұмыссыздық жалақының өсу мүмкіндіктерін шектейтіндігін, демек, шығындардың бағалардың деңгейіне әсер ететінін көрсетеді.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 192 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |