|
ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Аржы есептiлiгiн ұсыну
МАҚСАТЫ
1. Осы Стандарттың мақсаты ұйымның алдыңғы кезеңдердегi өз қаржы есептiлiгiмен де, сондай-ақ басқа ұйымдардың қаржы есептiлiгiмен де салыстырмалы болуына қол жеткiзу үшiн жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiн ұсынуға негiз қалау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшiн осы Стандартта қаржы есептiлiгiн ұсынуға жалпы талаптар, оның құрылымы бойынша ұсынымдар және қаржы есептiлiгiнiң мазмұнына ең төменгi талаптар айтылады. Нақты операциялар мен басқа да оқиғаларды тану, бағалау және ашып көрсету мәселелері басқа Стандарттар мен Түсініктемелерде қарастырылады.
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
2. Осы Стандарт Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес әзірленетін және ұсынылатын жалпы сипаттағы қаржы есептiлiгiнiң барлығына міндетті түрде қолданылуға тиiс.
3. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгi - бұл өздерінің нақты ақпараттық қажеттiлiктерiне сай келетiн есептiлiктiң ұсынылуын талап етуге мүмкiндiгi жоқ пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге арналған есептілік. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгi жеке өзi немесе жылдық есеп, немесе бағалы қағаздар проспекті сияқты басқа ресми жарияланатын құжаттың құрамында ұсынылатын құжаттарды қамтиды. Осы Стандарт 34- «Аралық қаржы есептілігі» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес әзірленген қысқартылған аралық қаржы есептілігінің құрылымы мен мазмұнына қолданылмайды. Солай бола тұрса да, осындай қаржы есептiлiгiне 13-41-параграфтар қолданылады. Осы Стандартты қолдану барлық ұйымдарға бірдей дәрежеде қолданылады және, 27 ІAS «Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» Халықаралық стандартында белгіленгендей, шоғырландырылған қаржы есептілігін немесе жеке қаржы есептілігін әзірлеу қажеттілігіне тәуелді емес.
4. [жойылған].
5. Осы Стандартта мақсаты пайда алу болып табылатын ұйымдар үшiн, оның ішінде мемлекеттік сектордың іскерлік құрылымдары үшін қолайлы терминология пайдаланылған. Қызметі пайда алуға бағдарланбаған ұйымдардың - ол жеке секторда, қоғамдық секторда немесе мемлекеттік органдар құрылымында болсын, - және, осы стандартты қолдануға ниеттенетіндердің, бәлкім, қаржы есептілігіндегі жекелеген желілік баптар үшін және тұтас қаржы есептілігі үшін пайдаланылған тиісті атауларға түзетулер енгiзуіне тура келетiн болар.
6. Жоғарыда айтылғандар сияқты, 32- «Қаржы құралдары - ақпаратты ашу және беру» ІAS Стандартының анықтамасын (мысалы, кейбір өзара қорлар) қанағаттандыратын меншікті капиталы жоқ ұйымдардың және акционерлік капиталы меншікті капитал болып табылмайтын ұйымдардың (мысалы, кейбір кооперативтік ұйымдар), бәлкім, мүшелер мен жарнашылардың үлестері туралы қаржы бейімдеуіне тура келетін болар.
ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ АРНАЛУЫ
7. Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның мынадай көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi:
(а) активтер;
(b) мiндеттемелер;
(c) өз капиталы;
(d) пайдалар мен залалдарды қоса, кiрiстер мен шығыстар;
(e) өз капиталындағы басқа да өзгерістер;
және
(f) ақшалай қаражаттың қозғалысы.
Бұл ақпарат, қаржы есептiлiгiне ескертпелерге басқа ақпаратпен қатар, пайдаланушыларға ұйымның ақшалай қаражаттарының болашақтағы қозғалысын және, атап айтқанда, олардың уақытқа бөлінуі айқындығына болжам жасауға көмектеседi.
ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ КОМПОНЕНТТЕРІ
8. Қаржы есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды:
(а) баланс;
(b) пайдалар мен залалдар туралы есеп;
(c) өз капиталында мыналарды көрсететiн өзгерістер туралы есеп, не:
(і) өз капиталындағы барлық өзгерiстердi;
Не
(іі) өз капиталының иелері ретінде әрекет ететін өз капитал иелерімен операциялар жасау нәтижесiнде туындайтындардан өзгеше өз капиталындағы өзгерiстердi көрсететiн өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті;
(d) ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп;
және
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 108 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |