Читайте также:
|
|
(b) пайдалар мен залалдар туралы есептегі, меншiктi капиталдағы өзгерiстер туралы есептегі, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептегi және тиiстi ескертулердегi салыстырма сомалардың толық дәрежеде салыстырмалы емес екендігінің фактiсi.
50. Әдетте қаржы есептілігі бір жыл ішінде кезең үшін ұдайы жасалады. Алайда кейбiр ұйымдар практикалық тұрғыдан алғанда есептерді, мысалы, ұзақтығы 52 апталық кезең үшін ұсынуды қалайды. Осы Стандарт ондай практикаға тиым салмайды, өйткенi алынатын қаржы есептiлiгiнде бiр жылдық кезең үшін жасалатын қаржы есептiлiгінен елеулi айырмашылығы бола қоймас.
Баланс
Қысқа мерзiмдi / ұзақ мерзiмдi бөлу
51. Ұйым 57-67-параграфтарға сәйкес тікелей баланстағы жеке бөлімдер ретінде, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi активтерді және қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелердi ұсынуға міндетті, бұған өтімділік негізінде бөлу сенімді әрі неғұрлым мәнді болып табылатын осындай ақпарат беру реттері кірмейді. Осы ерекшелік қолданылған кезде барлық активтер мен міндеттемелер міндетті түрде тұтас алғанда олардың өтімділігіне қарай ұсынылуға тиіс.
52. Қабылданған ұсыну әдiсiне қарамастан, (а) өтелуi немесе орнын толтыру баланс күнінен кейін он екi айдан аспайтын және (b) баланс күнінен кейін он екi айдан асатын мерзiмнің ішінде күтiлiп отырған соманы біріктіретін активтер мен міндеттемелердің осындай әрбір желілік бабы бойынша ұйым, өтелуi немесе орнын толтыру он екi айдан астам мерзім өткеннен кейін күтiлiп отырған соманы ашып көрсетуге міндетті.
53. Егер ұйым дәл анықталған операциялық кезеңнiң барысында тауарлар мен қызмет көрсетулердi жеткiзсе, қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi активтер мен мiндеттемелердi баланстың өзiнде бөлек сыныптау айналым капиталы ретiнде тұрақты жұмыс iстейтiн таза активтердi ұйымның ұзақ мерзiмдi операцияларында пайдаланылатындардан бөлу жолымен пайдалы ақпаратты қамтамасыз етедi. Бұл сондай-ақ ағымдағы операциялық кезеңде iске асыру көзделiп отырған активтердi және тап осы кезең iшiнде өтелуге тиiстi мiндеттемелердi бөлiп көрсетуге мүмкіндік береді.
54. Қаржы ұйымдары сияқты кейбір ұйымдар үшін активтер мен мiндеттемелердi өтімділікті арттыру немесе төмендету тәртібімен ұсыну қысқа мерзімді/ұзақ мерзімді активтерге бөліп ұсынуға қарағанда сенімді әрі неғұрлым маңызды осындай ақпаратты береді, өйткені бұл ұйым дәл анықталған операциялық кезеңнiң шеңберінде тауарлар немесе қызмет көрсетулер жеткізумен айналыспайды.
55. Ұйым 51-параграфты пайдаланған кезде активтер мен міндеттемелердің өзін қысқа мерзімді/ұзақ мерзімді активке бөліп ұсынуға, ал басқаларын - егер бұл сенімді әрі неғұрлым маңызды осындай ақпаратты ұсынуға жеткізетін болса, өтімділік тәртібімен ұсынуға рұқсат етіледі. Ұсынудың құрамдастырылған негізіне деген осындай қажеттілік ұйым кең тараған қызмет түрімен айналысқан кезде пайда болуы мүмкін.
56. Активтер мен міндеттемелердіөткізудің күтіліп отырған мерзімдері туралы ақпарат ұйымның өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау үшін пайдалы. 32 ІAS Халықаралық стандарты қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерін өтеу күндері туралы ақпараттың ашып көрсетілуін талап етеді. Қаржы активтері сауда және басқа да дебиторлық берешекті қамтиды, ал қаржы міндеттемелері сауда және басқа да кредиторлық берешекті қамтиды. Босалқылар мен бағалау міндеттемелері сияқты ақшалай емес активтер мен міндеттемелердің орнын толтырудың және өтеудің есептеу күндері туралы ақпарат та, активтер мен міндеттемелер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөліну-бөлінбеуіне қарамастан, пайдалы. Мысалы, ұйым баланс күнінен бастап он екі айдан асатын мерзімнен кейін орнын толтыруды күтіп отырған босалқылар сомасын ашып көрсетеді.
Қысқа мерзімді активтер
57. Актив, егер мынадай өлшемдердің кез келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде айналымдық актив ретінде сыныпталуға тиіс:
(а) оны өткiзу көзделсе, не ол кәсiпорынның әдеттегі операциялық кезеңiнiң барысында сатуға немесе пайдалануға арналса;
(b) ол негiзiнен сауда мақсаттарына арналса;
(c) оны есепті күннен кейін он екі айдың ішінде сату ұйғарылса; не
(d) ол ақшалай қаражаттар немесе ақшалай қаражаттардың баламалары нысанында болса (7-«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» ІAS Халықаралық стандартында анықталғандай), бұған есепті күннен кейін, ең болмағанда, он екі айдың ішінде қандай да болсын міндеттеменің орнын толтыру үшін оны айырбастауға немесе пайдалануға тиым салынған реттер кірмейді.
Қалған активтердiң барлығы міндетті түрде ұзақ мерзiмдi активтер ретiнде сыныпталуға тиiс.
58. Осы Стандартта «ұзақ мерзiмдi» термині ұзақ мерзімді сипаттағы материалдық, материалдық емес, және қаржы активтерiн сипаттау үшiн пайдаланылады. Олардың мағынасы айқын болған жағдайда, Стандарт басқа атауларды пайдалануға тиым салмайды.
59. Ұйымның операциялық кезеңi активтерді өңдеу үшін сатып алу және оларды ақшалай қаражаттарға немесе ақшалай қаражаттың баламаларына айналдыру арасындағы кезеңді бiлдiредi. Ұйымның әдеттегі операциялық кезеңі дәл анықтауға келмесе, оның ұзақтығы он екі ай болады деп болжанады. Қысқа мерзімді активтер тіпті оларды есепті күннен кейін он екі айдың ішінде сату күтілмеген кездің өзінде, әдеттегі операциялық кезеңнің бір бөлігі ретінде сатылатын, тұтынылатын және өткiзiлетiн активтерді (сатып алушылар мен тапсырыс берушілердың босалқылары мен дебиторлық берешегі сияқтылар) қамтиды. Қысқа мерзімді активтер сондай-ақ негізінен сату мақсаттарына арналған активтерді (осы санаттар шеңберіндегі қаржы активтері 39- «Қаржы құралдары - тану және бағалау» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес саудаға арналғандар ретінде сыныпталады), сондай-ақ ұзақ мерзімді активтердің айналымдық бөлігін қамтиды.
Қысқа мерзiмдi мiндеттемелер
60. Мiндеттеме, егер ол мынадай өлшемдердің кез келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталуға тиіс:
(а) оны ұйымның әдеттегі операциялық кезеңiнiң шеңберінде өтеу көзделсе;
(b) ол негізінен сату мақсаттарына арналса;
(с) ол есепті күннен кейiн он екi айдың iшiнде өтелуге тиiс болса;
Не
(d) есепті күннен кейін ең аз дегенде он екі айдың ішінде тиісті міндеттемені өтеуді кейінге қалдыруға ұйымның сөзсіз құқығы болмаса.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 73 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |