Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Және

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  4. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  5. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  6. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  7. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  8. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  9. Адам,жеке адам тұлға және категорияларының мәнін ашыңыз.
  10. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

(b) егер тиісті сомалар қайта сыныпталған болса, жасалатын түзетулердің сипаты.

40. Ақпаратты кезеңдер бойынша салыстыруды жақсарту, әсіресе болжамдық мақсаттарда қаржы ақпаратының үрдісін бағалауға мүмкіндік беру есебінен, пайдаланушылардың экономикалық шешімдер қабылдауына көмектеседі. Кейбір жағдайлар кезінде, ағымдағы кезеңмен салыстыруға қол жеткiзу үшiн нақты алдыңғы кезең бойынша салыстырма ақпаратты керi сыныптау іс жүзінде мүмкін емес. Мысалы, алдыңғы кезеңде (кезеңдерде) деректер керi сыныптауды өткiзуге мүмкiндiк бермейтiн, ал ақпарат мүмкiн болмайтын әдiспен қайта жинақталуы мүмкiн.

41. Ұйым есеп саясатын ауыстыратын немесе жіберілген қателікті түзейтін кезде салыстырма ақпаратқа түзетулер 8 ІAS Халықаралық стандартта қаралады.

ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

Кiрiспе

42. Осы стандарт баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте және меншікті капитал туралы есепте ақпаратты дәл айқындап ашып көрсетудi талап етеді, сондай-ақ басқа желілік баптар туралы ақпаратты не тікелей осы есептілікте, не ескертулерде ашып көрсетудi талап етедi. Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептi ұсыну жөніндегі талаптар 7 ІАS Халықаралық стандартта баяндалған.

43. Осы стандартта «ақпаратты ашып көрсету» деген термин кейде баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте де, сондай-ақ ескертулерде де ұсынылатын баптарды қамтитын кең мәнінде пайдаланылады. Басқа Стандарттар мен Түсіндірмелерде де ақпаратты ашып көрсету жөніндегі талаптар бар. Егер осы Стандартта немесе қалған Стандарттар мен Түсіндірмелердің бірінде өзгеше белгіленбесе, ондай ашып көрсетулер не баланстың өзінде, пайдалар мен залалдар туралы есепте, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте немесе ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте (бұл ашып көрсетулердің қандай есепке қатысы бар екендігіне байланысты), не қаржы есептілігіне ескертулерде орындалады.

Қаржы есептiлiгiн анықтау

44. Қаржы есептiлiгi міндетті түрде дәл анықталуға және жарияланған бір құжат шеңберiндегi басқа ақпараттан бөлiнуге тиiс.

45. Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары жылдық есепте немесе басқа құжатта ұсынылған басқа ақпаратқа емес, қаржы есептiлiгiне ғана қолданылады. Сондықтан Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары қолданылып әзiрленген ақпаратты пайдаланушылар үшiн пайдалы, бiрақ Халықаралық стандарттар талаптарының мәнi болып табылмайтын ақпараттан пайдаланушылардың айыра алуы маңызды.

46. Қаржы есептiлiгiнiң әрбiр компонентi міндетті түрде дәлме-дәл анықталуға тиiс. Бұған қоса, келесi ақпарат дәлме-дәл бөлiп көрсетiлуге және, егер бұл ұсынылған ақпаратты дұрыс түсiну үшiн қажет болса, қайталануға тиiс:

(а) есеп беретiн ұйымның атауы немесе өзге де сәйкестік белгілері, сондай-ақ алдыңғы есепті кезеңнен бастап осы ақпараттағы кез келген өзгерістер;

(b) қаржы есептiлiгi жеке ұйымды немесе ұйымдар тобын қамти ма;

(c) қаржы есептiлiгiнiң тиiстi компонентi үшiн ненiң көбiрек жарайтынына қарай, есепті күн немесе қаржы есептiлiгiн қамтитын кезең;

(d) 21-«Валюталық бағам өзгерісінің әсері» ІAS Халықаралық стандартында анықталғандай, ұсыну валютасы;




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 125 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

МАҚСАТЫ | E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер. | Алған мiндеттемелердiң барлығы ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде сыныпталуға тиiс. | Баланстың өзiнде ұсынылуға тиiстi ақпарат | Және | Және | Және | Және |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав