Читайте также:
|
|
(b) еншілес компанияның меншікті капитал иелеріне жататын пайда немесе залал.
83. Ұйым қызметінің қаржы нәтижелерін түсіну үшін осылайша ұсыну маңызды болған кезде, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде қосымша желілік баптар, бөлімдердің тақырыптары және аралық сомалар ұсынылуға тиіс.
84. Ұйым қызметінің әртүрлі түрлерінің, операциялардың және басқа оқиғалардың ықпалы пайда немесе залал алу үрдісінің жиілігі және болжамдылығы жағынан өзгеше болғандықтан, қызметтің қаржы нәтижелерінің компоненттерін ашып көрсету қол жеткен қаржы нәтижелерін түсінуге және болашақ нәтижелерді болжауға көмектеседі. Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзіне қосымша желілік баптар қосылады, ал осы баптардың атауына және оларды орналастыру тәртібіне, қажет болған жағдайда, қызметтің қаржы жағдайын анықтау үшін өзгерістер енгізіледі. Есепке алынуға тиісті факторлар кірістер мен шығыстардың тиісті компоненттерінің мәнділігі мен сипатын және мақсатын қамтиды. Мысалы, 30 ІAS Халықаралық стандартының неғұрлым нақты талаптарын қолдану үшін банк тиісті сипаттамаларға өзгерістер енгізеді. Кірістер мен шығыстардың баптары 32-параграфтың өлшемдері сақталған кезде ғана өзара есепке алынады.
85. Ұйым кірістер мен шығыстардың қандай да болсын баптарын, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде де, қаржы есептілігіне ескертулерде де, төтенше баптар ретінде ұсынуға құқылы емес.
Не пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде, не ескертулерде ұсынылуға тиісті ақпарат
86. Егер кірістер мен шығыстардың баптары елеулі болып табылса, олардың сипаты мен шамасы міндетті түрде бөлек ашып көрсетілуге тиіс.
87. Кірістері мен шығыстарының баптары бөлек ашып көрсетілетін міндеттемелер мыналарды қамтиды:
(а) босалқылардың құнын мүмкін болатын таза сату құнының шамасына дейін немесе негізгі құралдар құнын өтелетін сомаға дейін есептен шығару, сондай-ақ ондай есептен шығаруларды қайтару;
(b) ұйымның қызметін қайта құрылымдау және қайта құрылымдауға шыққан шығындар бойынша кез келген бағалау міндеттемелерін қайтару;
(с) негізгі құралдар объектілерінің шығып қалуы;
(d) инвестициялардың шығып қалуы;
(е) тоқтатылған қызмет;
(f) сот дауларын реттеу;
және
(g) бағалау міндеттемелерінің басқа да қайтарулары.
88. Ұйым қандай ұсынудың сенімді болып табылатынына және неғұрлым маңызды ақпарат беретініне байланысты не шығыстарының сипатына, не ұйым ішіндегі олардың мақсатына негізделген сыныптауды пайдалана отырып, шығыстарды талдауды ұсынуға міндетті.
89. Ұйымның 88-параграфта көрсетілген талдауды, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде ұсынуы көтермеленеді.
90. Пайданың немесе залалдың жиілігі, үрдісі және болжамдылығы сияқты сипаттамалар бойынша айрықшалануы мүмкін қызметтің қаржы нәтижелерінің компоненттерін бөліп көрсету үшін шығыстар ішкі топтарға бөлінеді. Бұл талдау екі нысанның бірінде ұсынылады.
91. Талдаудың бірінші нысаны «шығыстар сипаты бойынша әдіс» деп аталады. Пайдалар мен залалдар туралы есепте шығыстар олардың сипатына қарай (мысалы, амортизация, материалдар сатып алу, көлік шығындары, қызметкерлерге сыйақы және жарнамаға шығыстар) біріктіріледі және олардың әртүрлі мақсаттарға арналуына сәйкес ұйым ішінде қайта бөлінбейді. Бұл әдісті қолдану оңай, өйткені қызметтік сыныптауға сәйкес шығыстарды бөлу талап етілмейді. Шығыстардың сипаты бойынша әдістің көмегімен сыныптаудың мысалы былайша көрініс табады:
Түсім | Х | |
Басқа кіріс | Х | |
Дайын өнiм және аяқталмаған өндiрiс босалқыларындағы өзгерiстер | Х | |
Пайдаланылған шикiзат және шығыс материалдары | Х | |
Қызметкерлерге сыйақы төлеуге арналған шығыстар | Х | |
Амортизациялық шығыстар | Х | |
Басқа шығыстар | Х | |
Шығыстар жиынтығы | (Х) | |
Пайда | Х |
92. Талдаудың екінші нысаны «шығыстардың мақсаты бойынша» немесе «сатудың өзіндік құны бойынша» деп аталады және сатудың өзіндік құнының бір бөлігі ретінде олардың мақсатына сәйкес шығыстарды, немесе, мысалы, өткізуге немесе әкімшілік қызметті жүргізуге арналған шығыстарды ажыратады. Ең аз дегенде, ұйым осы әдіс бойынша сатудың өзіндік құнын басқа шығыстардан бөлек ашып көрсетеді. Бұл әдіс шығыстарды сипатына қарай сыныптауға қарағанда пайдаланушыларға неғұрлым маңызды ақпарат беруі мүмкін, бірақ шығыстарды олардың мақсатына қарай бөлу бөлудің субъективтілігіне және тиісті пікірлер әзірлеу жөнінде едәуір күш жұмсауға әкеп соқтыруы мүмкін.Шығыстар тағайындау әдісінің көмегімен сыныптаудың мысалы мынадай болады:
Түсім | Х |
Сатудың өзіндік құны | (Х) |
Жалпы пайда | Х |
Басқа кіріс | Х |
Өткізуге жұмсалған шығыстар | (Х) |
Әкімшілік шығыстары | (Х) |
Басқа шығыстар | (Х) |
Пайда | Х |
93. Шығыстарды мақсаты бойынша сыныптайтын ұйымдар, амортизациялауға және қызметкерлерге сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстарды қоса, шығыстардың сипаты туралы қосымша ақпаратты ашып көрсетуге тиiс.
94. Шығыстардың мақсаты бойынша әдiс пен шығыстардың сипаты бойынша әдiстің арасынан таңдау тарихи және салалық факторларға, сондай-ақ ұйымның сипатына байланысты болады. Әдiстердiң екеуi де ұйымның сату немесе өндiру көлемiнiң өзгеруiне байланысты тiкелей немесе жанама түрде өзгеруi мүмкiн болатын шығыстарды көрсетедi. Ұсынудың әрбір әдiсінің әр түрлi ұйымдар үшiн өз артықшылықтары болғандықтан, бұл Стандарт ұйым басшылығынан неғұрлым маңызды және сенімді ұсынуды таңдауын талап етедi. Алайда шығыстардың нақты сипаты туралы ақпарат ақшалай қаражаттардың болашақ тасқынын болжау үшiн пайдалы болғандықтан, шығыстардың мақсатына негізделген сыныптауды пайдаланған кезде қосымша ашып көрсету талап етiледi. 93-параграфтағы «қызметкерлерге сыйақы төлеу» деген термин 19-«Қызметкерлерге берілетін сыйақы» ІAS сол Халықаралық стандартындағының өзін білдіреді.
95. Ұйым не пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде, не меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте, не қаржы есептілігіне ескертулерде есепті кезең iшiнде меншік иелеріне төлемдер ретінде танылған дивидендтер сомасын, сондай-ақ акцияға шаққандағы тиісті соманы ашып көрсетуге тиiс.
Меншiктi капиталдағы өзгерiстер туралы есеп
96. Ұйым меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп ұсынуға және осы есептің өзiнде мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:
(а) кезең iшiндегi пайда немесе залал;
(b) қалған Стандарттар мен Түсіндірмелердің талаптарына сәйкес тiкелей меншiктi капиталда танылатын кезең ішіндегі кiрiстер мен шығыстардың барлық баптарын, сондай-ақ осы баптардың жиынтық сомасын;
(c) еншідес компанияның меншікті капиталының иелеріне және азшылық үлесіне қатысты жиынтық сомаларды бөлек көрсетіп, кезең ішіндегі кірістер мен шығыстар сомасын ((а) және (b) сомалары ретінде есептелген);
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 65 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |