Читайте также:
|
|
(с) әрбiр өзгерiстi жеке ашып көрсете отырып, төленген меншiктi капиталдың әрбiр тобының және кезеңнiң басындағы және соңындағы әрбiр резервтiң баланстық құнының арасындағы тексеру.
98. Ұйымның меншiктi капиталындағы екi есепті күн арасындағы өзгерiстер кезең ішінде оның таза активтерінiң артуын немесе кемуiн көрсетедi. Меншікті капиталдың иелері ретінде әрекет ететін меншікті капиталдың иелерімен операциялар нәтижесінде болған өзгерістерді (капиталға жарналар, меншікті үлестік құралдар және ұйымның дивидендтері сияқты) және осындай операциялармен тікелей байланысты мәмілелер бойынша шығындарды қоспағанда, кезең ішіндегі меншікті капиталдағы жиынтық өзгеріс, ұйымның осы кезең ішіндегі қызметінің нәтижесінде туындаған басқа пайдалар мен залалдарды қоса (кірістер мен шығыстар туралы осы баптар кірістер мен шығыстар туралы есепте танылатынына немесе тікелей - меншікті капиталдағы өзгерістер ретінде танылатынына қарамастан), кірістер мен шығыстардың жалпы сомасын көрсетеді.
99. Осы Стандарт кезең ішінде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары, басқа Стандарт немесе Түсіндірме өзгеше талап ететін реттерді қоспағанда, таза пайда мен залалға қосылуын талап етеді. Басқа Стандарттар кейбір басқа пайдалар мен залалдар (қайта бағалаудан болған өсулер мен кемулер, бағамдық айырмалардың кейбір түрлері, сату үшін қолда бар қаржы активтерін қайта бағалаудан болған пайдалар мен залалдар, сондай-ақ ағымдағы салық пен кейінге қалдырылған салықтың тиісті сомалары) тікелей меншікті капиталдағы өзгерістер деп тануды талап етеді. Ұйымның қаржы жағдайын бағалау үшін баланстың екi күнiнiң арасында кірістер мен шығыстардың барлық баптарын ескеру маңызды болғандықтан, ұйымның жиынтық кірісі мен шығыстары бөліп көрсетілетін, сондай-ақ меншікті капиталдың өзінде танылған, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы осындай есептің ұсынылуын талап етеді.
100. 8 ІAS Халықаралық стандарты есеп саясатында өзгерістерді көрсету үшін іс жүзінде мүмкін болатын жерлерде ретроспективті түзетулер жасауды талап етеді, бұған басқа Стандарттың немесе Түсіндірменің тиісті ауыспалы ережелері өзгеше талап ететін реттер кірмейді. 8 ІAS Халықаралық стандарты сондай-ақ іс жүзінде орындалатын жерлерде қателерді түзету үшін қайта есептеу операцияларын ретроспективті жүргізуді де талап етеді. Қайта есептеу мен түзетулердің ретроспективті операциялары бөлінбеген пайда сальдосына қатысты жүргізіледі, бұған қандай да болсын Стандарт немесе Түсіндірме меншікті капиталдың өзге компонентіне ретроспективті түзетуді талап ететін реттер кірмейді. 96(d)-параграф меншікті капиталдың әрбір компонентін жиынтықты түзету бойынша меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепті - есеп саясатындағы өзгерістер салдарынан және қателерді түзету салдарынан бөлек ашып көрсетуді талап етеді. Бұл түзетулер әрбір алдыңғы кезең үшін және ағымдағы кезеңнің басында ашып көрсетіледі.
101. 96 және 97-параграфтардың талаптары әр түрлі тәсілдермен орындалуы мүмкін. Мысал ретінде бағандық пішімді келтіруге болады, онда меншікті капиталдың әрбір элементінің бастапқы және соңғы сальдосының арасында тексеру жүргізіледі. Келесі көзқарас меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепте 96-параграфта келтірілген баптарды ғана ұсыну болып табылады. Осылай болғанда 97-параграфта келтірілген баптар қаржы есептілігіне ескертулерде көрсетіледі.
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 62 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |