Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Және

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  4. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  5. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  6. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  7. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  8. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  9. Адам,жеке адам тұлға және категорияларының мәнін ашыңыз.
  10. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

(b) есепті кезеңге арналған олардың баланстық құны.

117. Кейбір активтер мен міндеттемелердің тиісті баланстық құнын анықтау үшін тұрлаусыз болашақ оқиғалардың есепті күнгі осы активтер мен міндеттемелерге ықпалын бағалау қажет. Мысалы, төменде келтірілген активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін қолданылатын нарықтық бағалар туралы жаңа деректер болмаған кезде болашаққа бағдарланған негізгі құралдар топтарының өтелетін сомаларын, технологиялық тозудың босалқыларға ықпалын, жалғасып отырған сотта іс жүргізудің қорытындысына байланысты бағалау міндеттемелерін, сондай-ақ зейнеткерлік міндеттемелер сияқты, қызметкерлерге сыйақы төлеу жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттемелерді бағалауға арналған есептерді жүргізу қажет. Бұл есептер ақшалай қаражаттар тасқыны немесе пайдаланылатын проценттік ставкалар бойынша тәуекелге тиісті түзету, жалақыға тиісті өзгерістер және басқа шығындарға әсер ететін бағалардағы болашақ өзгерістер сияқты баптар жайында жол беруді көздейді.

118. 116-параграфқа сәйкес ашып көрсетілетін есептік бағалау тұрлаусыздығының тиісті негізгі рұқсат етулері мен басқа көздері басшылықтан неғұрлым қиын, субъективті немесе күрделі пайымдаулар әзірлеуді талап ететін бағалауға жатады. Ауыспалы және болашақта шешу мүмкін болатын тұрлаусыздықтарға ықпал ететін рұқсат етулер санының өсуіне қарай бұл пайымдаулар бұрынғыдан да субъективті әрі күрделі бола түседі, және активтер мен міндеттемелердің баланстық құнын одан кейін елеулі түрде түзету үрдісі, әдетте, тиісінше өседі.

119. 116-параграфта келтірілген тиісті ашып көрсетуларді, егер есепті күнге олар нарықтық бағалар туралы жаңа деректерге негізделген әділ құн бойынша бағаланатын болса (олардың әділ құны келесі қаржы жылының ішінде елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін, бірақ бұл өзгерістер есепті күнге есептік бағалаудың рұқсат етулері немесе өзге де тұрлаусыздықтары салдарынан туындамайды), келесі қаржы жылының ішінде олардың баланстық құны елеулі түрде өзгеруі мүмкін болатын елеулі тәуекелі бар активтер мен міндеттемелерге қатысты талап етілмейді.

120.116-параграфқа сәйкес ақпаратты ашып көрсету қаржы есептілігін пайдаланушыларға басшылықтың есептік бағалау тұрлаусыздығының болашақтағы және өзге көздерін әзірлеп жасайтын пайымдауды түсінуіне көмектеседі. Ұсынылатын ақпараттың сипаты мен көлемі тиісті рұқсат етулер мен басқа да жағдайлардың сипатына қарай түрленіп отырады. Ашып көрсетілетін ақпарат түрлерінің мысалдары мыналар болып табылады:

(а) тиісті рұқсат етудің немесе өзге бағалау тұрлаусыздығының сипаты;

(b) осы сезімталдық себептерін қоса, оларды есептеуге негізделген әдістерге, рұқсат етулер мен бағалауларға баланстық құндардың сезімталдығы;

(c) келтірілген активтер мен міндеттемелердің баланстық құнына қатысты келесі қаржы жылында ақылға қонымды нәтижелердің тұрлаусыздығы мен диапазонының болжамды шешілуі;

және

(d) егер рұқсат етудің шешілмей қалуы сақталса, осы активтер мен міндеттемелерге қатысты бұрынғы рұқсат етулерге өзгерістерді түсіндіру.

121. 116-параграфта көзделген ақпаратты ашып көрсетулерді орындаған кезде, сметалық ақпаратты немесе болжамдарды ашып көрсету талап етілмейді.

122. Есептік бағалаудың қандай да болсын рұқсат етуінің немесе өзге де тұрлаусыздығының есепті күнге ықпал ету мүмкіндігінің мөлшерін ашып көрсету іс жүзінде мүмкін болмаған кезде, ұйым ақпаратты ашып көрсетуде қолда бар білімге негіздей отырып, рұқсат ету ретінде қабылданғаннан айырмашылығы бар келесі қаржы жылындағы оқиғаны нақты дамыту келтірілген активтің немесе міндеттеменің баланстық құнын елеулі түрде түзетуді талап етуі мүмкін екендігін көрсетеді. Барлық жағдайларда ұйым тиісті рұқсат етуде келтірілген нақты активтің немесе міндеттеменің (немесе активтердің немесе міндеттемелер топтарының) сипаты мен баланстық құнын ашып көрсетеді.

123. 113-параграфта көзделген ұйымның есеп саясатын қолдану барысында басшылық әзірлеген нақты пайымдаулар туралы ақпаратты ашып көрсету 116-параграфта көзделген есептік бағалау тұрлаусыздығының негізгі көздерін ашып көрсетулермен байланысты емес.

124. Солай болмаған күнде 116-параграфқа сәйкес ашып көрсету талап етілуі мүмкін тиісті негізгі рұқсат етулердің кейбірі туралы ақпаратты басқа Стандарттарға сәйкес ашып көрсету талап етіледі. Мысалы, 37 ІAS Халықаралық стандарты белгілі бір жағдайларда бағалау міндеттемелеріне ықпал ететін болашақ оқиғаларға қатысты негізгі рұқсат етулерді ашып көрсетуді талап етеді. 7 IFRS Халықаралық стандарты әділ құн бойынша ескерілетін қаржы активтері мен қаржы міндеттемелерінің есептік әділ құнын анықтау кезінде қолданылған елеулі рұқсат етулерді ашып көрсетуді талап етеді. 16 ІAS Халықаралық стандарты қайта бағаланған негізгі құралдар объектілерінің есептік әділ құнын анықтау кезінде қолданылған елеулі рұқсат етулерді ашып көрсетуді талап етеді.

Капитал

А. Ұйым оның есептілігін пайдаланатын адамдарға капиталды басқару мәселелерінде міндеттерді, саясатты және процестерді бағалалуға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.

124В. 124А-параграфының талаптарын орындау мақсатында ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуге тиіс:

(a) мына ақпараттарды қоса алғанда (бірақ олармен шектелмей), капиталды басқару мәселелерінде өзінің міндеттері, саясаты және процестері туралы сапалық сипаттағы ақпараттар:

(i) капитал ретінде басқарудың мәні не болатынын;

(іі) ұйымның капиталына қатысты сыртқы талаптар белгіленеді, мұндай талаптардың сипаты және олардың капиталды басқару кезінде қалай ескерілетіні;

және

(ііі) капиталды басқару кезінде өз міндеттерін қалай шешетіні.

(b) капитал ретінде басқару мәні болып табылатыны туралы сапалық сипаттар туралы жалпылама деректер. Кейбір ұйымдар белгілі бір қаржылық міндеттемелерді (мысалы, субординарлық қарыздың кейбір нысандары) капиталдың бөлігі деп санайды. Басқа ұйымдар капитал ұғымына меншікті капиталдың кейбір құрамдас бөліктерін қоспайды (мысалы, ақша ағындарын хеджирлеуден туындайтын құрамдас бөліктер);

(c) алдыңғы кезеңмен салыстырғанда (а) және (b) бөліктерінде болған кез келген өзгерістер;

(d) кезеңнің ішінде осы ұйым үшін белгіленген капиталға сыртқы талаптар орындалды ма;

(e) егер ол оларды орындамаса, ұйымның капиталына сыртқы талаптарды орындамауының салдарлары.

Бұл ашып көрсетулер шешуші басқару персоналына ішкі каналдар бойынша берілген ақпараттарға негізделуге тиіс.

124С. Ұйым өз капиталдарын алуан түрлі тәсілдермен пайдалана алады, ал оның капиталына неше түрлі талаптар қойыла алады. Мысалы, сараланған компания өзінің құрамында сақтандыру және банк қызметтерімен айналысатын ұйымға ие бола алады, бұл ретте мұндай ұйымдар бірнеше заңдылықтарда жұмыс істей алады. Егер капиталға жалпылама талаптар мен басқару тәсілдері пайдаланушыларға пайдалы ақпарат бермесе немесе олардың ұйым капиталын түсінуін бұрмалайтын болса, осы ұйым үшін белгіленген әрбір капиталға талап бойынша жеке ақпаратты ашуы тиіс.

 

АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН БАСҚА ДА ТАЛАПТАР

125. Ұйым қаржы есептілігіне ескертулерде мыналарды ашып көрсетуге міндетті:

(а) қаржы есептілігі жариялауға бекітілгенге дейін ұсынылған немесе жарияланған, бірақ есепті кезеңнің ішінде меншікті капитал иелеріне бөлу ретінде танылмаған дивидендтер сомасы, және акцияға шаққандағы тиісті сома;




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 27 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

МАҚСАТЫ | E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер. | Және | Және | Және | Алған мiндеттемелердiң барлығы ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер ретiнде сыныпталуға тиiс. | Баланстың өзiнде ұсынылуға тиiстi ақпарат | Және | Және |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав