Читайте также:
|
|
(b) ұйымның қаржы есептілігін түсіну үшін маңызды есеп саясатының өзге аспектілерін.
109. Қаржы есептілігінде пайдаланылған бағалау базасы немесе базалары туралы (мысалы, тарихи құн, ағымдағы құн, өткізудің мүмкін болатын таза құны, әділ құн немесе өтелетін құн) пайдаланушылардың білуі маңызды, өйткені қаржы есептілігі жасалған негіз пайдаланушылар жүргізетін талдауға айтарлықтай ықпал етеді. Егер қаржы есептілігінде бірден артық бағалау негізі пайдаланылатын болса, мысалы, активтердің белгілі бір топтары ғана қайта бағалауға жататын болса, әрбір негізде қолданылатын активтер мен міндеттемелердің санаттарын көрсету жеткілікті болады.
110. Нақты есеп саясатын ашып көрсету туралы шешiм қабылдаған кезде ұйымның басшылығы ашып көрсету ұйым қызметінің есепті қаржы нәтижелерiнде және қаржы жағдайында операцияларды, басқа да оқиғалар мен жағдайларды көрсету тәсiлiн түсiнуде пайдаланушыларға көмектесе ме деген мәселенi қарастырады. Нақты есеп саясаты туралы ақпаратты ашып көрсету пайдаланушылар үшін әсіресе осы саясат Стандарттар мен Түсіндірмелер шешетін бірнеше баламалы нұсқалардан алынған кезде пайдалы болады. Бірлескен қызметке қатысушы тепе-тең шоғырландыру әдісін немесе үлес қосып қатысу есебінің әдісін қолдану арқылы бірлесіп бақыланатын ұйымдағы өзінің үлесін мойындай ма деген ақпаратты ашып көрсету осыған мысал бола алады (31- «Бірлескен қызметке қатысу» ІAS Халықаралық стандартын қараңыз). Кейбір Халықаралық стандарттарда Стандарттар рұқсат еткен баламалардың шеңберінде ұйым басшылығы жасаған таңдауды қоса, нақты есеп саясатын ашып көрсетудің жеке талабы болады. Мысалы, 16 ІAS Халықаралық стандарты негізгі құралдар топтары үшін пайдаланылған бағалау базалары туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. 23-«Қарыздар бойынша шығындар» ІAS Халықаралық стандарты қарыздар бойынша шығындар шығыстар ретінде дереу таныла ма немесе белгілі бір талаптарға сай келетін активтер құнының бір бөлігі ретінде капиталдандырыла ма деген ақпараттың ашып көрсетілуін талап етеді.
111. Әрбiр ұйым қаржы есептілігін пайдаланушы осындай түрдегі ұйым ұсынылуын күтетiн өз операцияларының сипаты мен саясатын есепке алады. Мысалы, пайдаға салық төлеуге тиісті ұйым, кейінге қалдырылған салық міндеттемелері мен салық активтеріне жататын есеп саясатының аспектілерін қоса, пайдаға салынатын салық жөніндегі өз есеп саясатын ашып көрсетуге тиiс деп болжанады. Ұйымда шетелдiк қызметтiң немесе шетелдiк валютамен жасалатын операциялардың едәуiр көлемi болған кезде, оң және терiс бағамдық айырманы тану үшін есеп саясатын ашып көрсету көзделедi. Кәсіпорындар біріккен кезде іскерлік бедел мен азшылық үлесін бағалауға қатысты қолданылатын саясат ашып көрсетiледi.
112. Есеп саясатының жекелеген мәселесі, тiптi егер ағымдағы және оның алдындағы кезеңдер үшiн көрсетiлген сомалар елеулi болмаса да, ұйым қызметінің сипатымен белгіленгендей, зор маңызы болуы мүмкiн. Халықаралық стандарттар халықаралық қаржы есептілігі стандарттарын нақты талап етпейтін, бірақ 8 ІAS Халықаралық стандартына сәйкес таңдалатын және қолданылатын есеп саясатының аспектілерін ашып көрсеткен жөн.
113. Ұйым есеп саясатының елеулі элементтері жиынтығында немесе өзге ескертулерде, есептеу бағаларымен байланыстыларын қоспағанда (116-параграфты қараңыз), есеп саясатының аспектілерін қолдану барысында ұйым басшылығы әзірлеп жасаған, қаржы есептілігінде танылған сомаларға неғұрлым елеулі ықпал ететін пікірлерді ашып көрсетуге міндетті.
114. Ұйымның есеп саясатын қолдану барысында басшылық, есептеу бағаларымен байланыстыларын қоспағанда, қаржы есептілігінде танылған сомаларға елеулі түрде ықпал ете алатын әртүрлі пікірлерді әзірлеп жасайды. Мысалы, ұйым басшылығы мынадай мәселелерді шешкен кезде пікірлер әзірлейді:
(а) қаржы активтері өтелгенге дейін ұсталатын инвестициялар болып табыла ма;
(b) қаржы активтерін және жалға берілетін активтерді иеленуге байланысты тәуекелдер мен сыйақылар басқа ұйымдарға берілетін кезде;
(c) жекелеген тауарларды сату іс жүзінде қаржыландыру туралы уағдаластық болып табыла ма, және сол арқылы табыстың пайда болуына алып келе ме;
және
(d) қандай да болсын ұйымның және арнайы мақсаттағы ұйымның арасындағы қатынастардың мәні ұйым арнайы мақсаттағы осы ұйымды бақылайтынын көрсете ме.
115. 113-параграфқа сәйкес кейбір ақпаратты ашып көрсетулер басқа Халықаралық стандарттарда да талап етіледі. Мысалы, 27 ІAS Халықаралық стандарты ұйымнан, оның дауыс беретін немесе әлуетті түрде дауыс беретін акцияларының жартысынан астамы тікелей немесе еншілес құрылымдар арқылы меншікте болып отырғанда, неліктен оның қатысу проценті еншілес компания болып табылмайтын инвестиция объектісіне қатысты бақылайтын объект болып табылмайтын себептерді ашып көрсетуді талап етеді. 40 ІAS Халықаралық стандарты инвестициялық қозғалмайтын мүлікті және иелері тұратын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ әдеттегі шаруашылық қызметі барысында сатуға арналған жылжымайтын мүлікті, тиісті жылжымайтын мүлікті сыныптау қиын болған кезде, шектеу мақсаттарында ұйым әзірлеп жасаған өлшемдер туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді.
Есептік бағалау тұрлаусыздығының шешуші көздері
116. Ұйым қаржы есептілігіне ескертулерде келесі қаржы жылының ішінде активтер мен міндеттемелердің баланстық құнын елеулі түрде түзетуге әкеп соқтырудың едәуір қаупі бар есепті күнге есеп айырысуды бағалау тұрлаусыздығының болашақтағы және басқа көздеріне қатысты негізгі жол берушіліктер туралы ақпаратты ашып көрсетуге міндетті. Осы активтер мен міндеттемелерге қатысты ескертулер міндетті түрде мыналар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты қамтуға тиіс:
(а) олардың сипаты;
Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 72 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |